Erkin Azat
18 min readApr 20, 2020

Жастарға хат جاستارعا حات

Алдымен кісілік құқық пен демократия жолында қайтыс болған барлық руқтарға аза білдіремін, сіздер өлімнен қорықпай зорекер билікке қарсы тұрдыңыздар, сіздердің осы рухтарыңыз бізді алға жетелеуде.

Екіншіден маған үнемі көңіл бөлген оқырман достарыма алғысым шексіз, сіздердің назарларыңыз бен қолдауларыңыз менің жалғасты жұмыс жасауымның бірден-бір қозғаушы күші. Біз бір кең мұхитта қалған кіші қайық сияқтымыз, біз құрлыққа жете алатынымызды білмейміз, бірақ бағытымыздың дұрыс екенін білеміз, нөсерлі дауыл тұрса да біз алға жүзе береміз, тек біз өзара сенім мен бірлікте болсақ құрылыққа түбі бір жететінімізге сенімдімін.

Мен жастарға өз көзқарасымды білдіргім келеді, қабылдау-қабылдамау маңызды емес, мен де ешкімді мәжбүрлі түрде өзімнің ойымды қабылда деп айтпаймын, мен тек қана жастардың бұдан да бетер жүректі, бұдан да бетер тәуекелшіл болуын үміт етемін, әйтпесе біздің болашағымыз бұдан да қараңғы болмақ.

Біздің қазіргі мәселемыз ол біздің жеке мәселемыз емес, кейбір адамдар үнемі өзінің себебінен осы мәселелерге дүп келдім деп ойлайды, көп бөлім себебі біздің алдыңғы буын ағаларымыз өз уақытында шешілмеген мәселелердің жиынтығы, егер біз де алдыңғы буын ағаларымыз секілді үнсіздік жарияласақ, екі қолымызды қалтамызға салып, заманда болып жатқан істерге мән бермесек, онда біздің ұрпақтарымыз кез келетін мәселелері бұдан да күрделі болмақ. Біз адамзат байлықты пайдаланғанда келешек ұрпақты да ойлауымыз керек, біз бүгін мәселелерге жолыққанда, келешек ұрпақты ойлауымыз керек, біз оларға жарқын болашақ силаймызба жоқ үрейге толған бұлыңғыр болашақ силаймызба?

«Саясат сенің неңді алған, одан да ақша тапқан маңызды» осы тектес сөздерді мың рет естіген боларсың, көптеген маңайыңдағы адамдардың ойында тек ақша тауып, саясатқа назар аудармасаң саясат сені айналып өтіп кететін секілді, әрі олардың өмір бойы тапқан ақшасын айналып өтетін секілді? Олардың ойында ажырамас құқық болған «Сөз бостандығын» билікке ұсынып берсе, билік оларға жақсы мәміледе қарайды деп ойлайды. «Менің ағам жазықсыз он жылға сотталды, мен басқалар сияқты елдерге жария қылмай жарты жыл үнсіз жүрдім, мен және отбасымыздың үнсіздігі үшін Қытай үкіметі түрмедегі ағама жақсы мәміле жасайтын шығар деп үміттенемін» мен осы сөзді естігенде үнсіз қалдым, оның ағасы Қытайдың құлдық зауытында әр күні мәжбүрлі жұмыс жасайды, ал мен оның ағасы туыстарының үнсіздігіне бола түрмеде оған «Жақсы» мәмілеге ие болады дегенге сенбеймін, оның ағасы түрме жазасын өтеуі керек пе? Оның ағасының ар-намысының тапталуы қажет пе? Біз бір құқықтан айырылсақ барлық құқықтан айырыламыз, тіпті өмір сүру құқығымыздан да айырыламыз. Сөз бостандық құқығы сенің ажырамас құқығың, әсте саудаласатын құралың емес, мейлі сен түрмеде бол, мейлі ауыр хәлде емделіп жат, мейлі тақыр кедей бол, сен өз ойыңды еркін білдіру құқығың бар, ой еркіндігін шектеген қоғамда тек алдамшылық пен үрей ғана қалады, ақиқат, ой, жасампаздық болмайды, қоғамда ілгерлеушілік болмайды, тек жалған өркениет пен бұзылған сана қалады.

Діни сенім бостандығы дегеніміз не? «Тураға» сенушілік діни сенім бостандығы емес, қайта «Кімге» сенуіңді өзің еркін белгілеу діни сенім бостандығы болып саналады. Егер біреу сізді мәжбүрлі дінге сендірсе, онда діни сенім бостандығына қайшы келген болады, ал егер біреу сізді мәжбүрлі діннен шығарса ол да діни сенім бостандығына қайшы келген болады. Сен кімге сенесің? Жаратушыға ма жоқ атеист боласыңба? Жоқ бір сиырды құдай деп табынасыңба? Бұлардың барлығы сен өзіңнің еркіңмен болуы керек, әсте ұлттың, мемлекеттің, үкіметтің, ауыл әкімінің, туыстардың, әкеңнің, аталарыңның саған мәжбүрлі тағып берген сыртқы символы болмауы керек. Мейлі дінге сен-сенбе, әрбір адамда сүйіспеншілік білдіру және сүйіспеншілікке ие болу құқығы бар, еріксіз сенген дінде тек мәнсіз ишәраттар мен үрейлер ғана қалады, ерікті сенген дінде ғана адам өзінің шын мейірім махаббатын арнай алады, тек қана шынайы мейірім ғана топтар арасындағы бірлікті арттырады. Кемелденген заң сізді дінге сен немесе сенбе деп үгіт жасамайды, ол тек сіздің өз еркіңізбен дінге сенген немесе сенбеген кезіңіздегі байлығыңыз бен өміріңізді қорғайды. Кейбіреулер діннің мәлім бір тармақтарына бола қызыл кеңірдек болып қырқысып жатады, осы тектес бітбес дауларға жауап: «Сен құмырсқаны жаратушы деп басыңа қойып күнде табынсаң да ол сенің діни сенім бостандығың, осы тектес сен де менің діни сенім бостандығыма қол сұқпа, мен өзімнің істегеніме өзім жауап беремін, ал сенің істегеніңе мен жауап бермеймін».

«Батыс үкіметі елдерді қызтеке болуға үгіттейді, егер жігіттеріміздің бәрі қызтекеге айналып кетсе, кім елімізді қорғайды?» Кемелденген заң барлық адамның құқығын қорғайды, оның ішінде қызтекелердің де құқығын қорғайды, бірақ жыныстық таным туралы үгіт-нәсихат жасамайды, сізді қызтеке бол деп үгіттемейді, егер сіз қызтеке болмасаңыз ондайларға зауқыңыз соқпайды, егер сізде сондай ой болса, сіз қаншалықты өзіңізді жасырғаныңызбен жүрегіз сол жаққа тартып тұрады, тіпті сіз балалы-шағалы болсаңыз да өмір бойы сіздің санаңызға ықпал жасайды. Өзіңізді қызығушылығызды жасырып, өзіңіз өмірбойы сүймейтін адаммен бірге болу, ол жарыңызға жасалған ауыр соққы. «Егер біз ұқсас жынысты некеге жол берсек, біздің ұлтымыз құрып жоғалады» Бір-бірін алдаумен өткізетін жалған мейірімде өскен ұрпақ мейірімсіз, өзімшіл болады, өзінің болашағынан үміт күтпейді, тіпті ұлт, мемлекет тағдырына сәл қарайды, олар тек ақша табатын суық роботқа айналады, қоғамға назар аудармайды, қоғамдық істерге белсенді араласпайды, біздің ұлтымыз құруға беталуда, ұлтымыз мейірімсіз ақша табатын суық машинаға айналды, «Құру» деген сөздің мағынасын қалай түсінуге болады? «Саны» жағынанба «Сапасы» жағынанба? Жалған бақытты отбасыларына қараңыз, айналаңызға назар аударыңыз…

«Жыныс пен заңның» тепе-теңдігі саясаттың айналып өте алмайтын тақырыбы, тарихтан бері диктатор биліктер заңдар қабылдап, діни тармақтар мен салт-дәстүрлер арқылы «Жынысты» тиғысы келді, егер «Жыныстың» құқығы ашық немесе жасырын түрде шектелсе, онда басқа құқықтар да ұқсас немесе одан да бетер амалдармен «Шектелінеді». Мен халықты бұзық қатынасқа немесе көшеге жалаңаш шеруге шығуға үгіттеп отырған жоқпын, мен сізге тек мынаны ғана айтқым келіп отыр, сіздің денеңіз, сіздің діни сеніміңіз, сіздің жынысыңыз, сіздің рухыңыз, сіздің ойлау еркіндігіңіз сізден ажырамас құқықтарыңыз, оған үкімет те, діни орын да, топ та, отбасыңыз да, басқа адамдар да қол сұғуына болмайды, құқығыңызды айыруға да болмайды. Сіздің құқығыңыз мәңгі үстіңізден шешілмейтін «Киім», сіз әсте осы «Киімдерді» шешіп билікке ұсынып берсем мен және отбасыма мейіріммен қарайды деген қиялда болмаңыз, қайта олар одар ары сізді басқарып алады, сіздің байлығыңыз, тіпті сіздің өміріңіз, ар-ұжданыңызды да басқарып алады.

Біз аға буындардың өмірі жәндіктерге ұқсайды, әркүні қарбаласпыз, әрі бәрі сендер үшін дейміз. Сендер тіл алмағанда біз үнемі: «Сыртта қасқыр бар, сыртта аю бар…» деп сендерді қорқытамыз, ол кезде сендер қорыққандарыңнан көрпеге тығылып кіріп ұйықтайсыңдар, бірақ біз де қорқақпыз, біз өзіміздің құқықтарымыздың билік жағынан тартып алынғанын ішімізден білеміз, бірақ біз қарсылық көрсете алмаймыз, егер қарсылық көрсетсек одан да бетер жаныштауға ұшыраудан алаңдаймыз, тіпті сендерден айырылып қалудан қорқамыз, биліктегілер біздің осы ойымызды білгендіктен ойларына келгендерін істеп жүр.

«Бағдаршам формуласы»: Заң және саясат

Егер сіз жолда тұрып бағдаршам жасылға жанғанда өтсеңіз, онда сіз жолда жүру ережесіне бойұсынғаныңыз, ал сіз қызыл шамның сөнуіне қарамай жолдан өтсеңіз онда сіз жолда жүру ережесін бұздыңыз, сіз өзіңіз және маңайыңыздағылардың өмірін қатерге қойдыңыз. Әрбір заң тармақтарының әріптері сансыз жандардың бодауларымен жазылған, әрбір тармақ қызыл қанмен жазылған, ал егер үкімет бір заң қабылдап онда: «Жолдан өтерде қос қолды көтеріп, бәленбай жасасын» деп айқайлап өтетін боласыңдар десе, онда бұл саясат, заңға міндетті түрде бағыну керек, ал егер саясат орынсыз болса онда оны ақылдасып өзгертуге немесе күшін жоюға болады. Ал біздің көбімізде бір жаман әдеттер бар, біз жол ережесін жиі бұзамыз, бағдаршам қызылда тұрғанда, көліктер жоқ болса жолдан өткіміз келеді, бірақ сол сәтте аяқ астынан зулап бір көлік шыға келеді, егер оқыс жағдай болса онда сіз де жауапкершілік арқалайсыз. Біз жол полицияларын жиі балағаттаймыз, бірақ біз кейде заңға қайшы келген (құжат толық емес, белдік тақпаған, көліктің ақауын дер кезінде өңдемеген) жағдайда көлікпен жалғасты жолға шығамыз, егер біз жолға шығар алдында өз еркімізбен жол ережесіне бойұсынып, бәрін толық дайындап(тіпті өрт сөндіргіш пен алғашқы медициналық көмек қорабын да жаңаласақ), ақауды дер кезінде өңдесек, мейлі жол полициясы болсын-болмасын, мейлі жол полициясының бөлімшелері болсын-болмасын, мейлі үкімет болсын-болмасын өздігімізден заңға бойұсынып жолға шықсақ, бұл жол ережесі біз және отбасымыздың амандығын қорғайды. Егер жол полициясы бөлімшесі жазалау амалдарын күшейтіп, айыппұлды көбейтіп, шектен шыққан қатал түрде басқарса онда бұл саясат, халық бірігіп өздерінің бұл саясатқа наразылықтарын заңды жолдармен білдіруге болады, және де ыңғайлы болған жол басқару жобаларын ұсынуға болады, әсте қате саясатты сылтау етіп жол ережесіне қайшы әрекеттер жасауға болмайды. Кей кезде сен олардың қисынсыз саясаттарына өз қарсылығыңды ашық түрде білдіресің, бірақ олар сені жол ережесін бұзушы ретінде сомдауға ұрынады, әсіресе шерулерде осындай амалдар жиі кездеседі, сен көшеге бейбіт түрде шеруге шығып биліктің кейбір қате саясаттарына қарсылығыңды білдіресің, бірақ үкімет сені қоғамдық тәртіпті (заңды) бүлдіруші қылмыскер деп атайды.

Жалпыға бірдей құндылық, кісілік құқықтар аяққа тапталуға болмайтын ортақ заңдар, әр елдің конституциясында жүйелік ақаулар болғанымен де, олар белгілі жағдайда халықтың өмірі мен байлығын қорғауға септігін тигізді. Әр елдің ашық немесе жасырын жүргізген саясаттары халыққа пайдалы немесе пайдасыз (табиғатқа зиянды) болуы мүмкін, егер үкімет тиымсыз жақтарын біле тұра жалғасты саясаттарын жүргізетін болса, онда олар өздерінің конституциясына, жалпыға бірдей құндылыққа қайшы келген болады, ол кезде санаусыз байлық шығыны мен сансыз өмірдің көз жұмуына (ортаның бұзылуы қатарлы) әкеледі. Кейбір мемлекеттер саясатты заңнан жоғары қояды, олар тіпті басқаларға: «Бұл біздің ішкі саясатымыз, шетел үкіметтерінің ешқандай араласу құқығы жоқ» дейді, бірақ олар өздерінің саясаттарының өздерінің конституциясына, кісілік құқық құндылықтарына қайшы келгенін білмейді. Олар «Бағдаршам формуласына» қайшы келді, олар өздерін және басқаларды қатерлі ортаға қойды, егер бір күні жол-апаты (үкімет күйреп, ірі қауіпті апаттық жағдай) жүз берсе, онда олар өздеріне және басқаларға азап (аласапыран) әкеледі, жол ережесін қаншалықты бұзған сайын қатерге ұшырау пайызы арта түседі, сол себепті диктатор билік құлаған соң аласапырандық болса, ол демократияның сәтсіздігі емес, қайта «Бағдаршам формуласына» ұзақ мезгіл бойұсынбағанның кесірі. Сол себепті диктатор биліктен кейін халық тіпті белсенді қоғамдық қимылдарға қатысулары керек, әсте жай қарап тұруға болмайды, оңайлықпен келмеген «Демократияны» «Астыққа» айырбастауға мүлдем болмайды, әйтпесе басқа орайшылдар билікті ұрлап алады.

«Егер қазіргі үкімет биліктен кетсе, қоғамда қалаймақаншылық туылмайма? Мен бұл үкіметтің нашар жұмыс жасайтынын білемін, бірақ тұрақты өмір үшін мен осы үкіметтің жалғасты билік жүргізе беруін қалаймын»… Көптеген адамдар үкімет органы мен билеуші топты, мемлекет пен ұлтты ажырата алмайды, көбінде шатастырып алады. Алдымен орнықсыздық туылса онда бұл үкіметтің жұмыс жүргізу жүйесінің сиықсыздығын көрсетеді, олардың заңнамалық, әкімшілік және соты жүйесінің өзара тәуелсіз, бір арнада екендігін көрсетеді, мысалы, мен (билікті қолға алушы) заң шығару құқығым бар, онда мен өзіме ырықты заңдарды (мысалы мен және отбасы мүшелерімді соттың жазалауынан қорғайтын заңдар) шығаруыма болады, одан кейін мен әкімшілік құқығымды пайдаланғанда мен де өзіме ыңғайлы жұмыстарды (серіктестік пен базарларда табыстарының бір бөлімін маған және отбасыма міндетті түрде жеткізіп тұруға тапсырам) жасауыма болады, егер мен немесе менің мүдделі тобым заңға қайшы келсе, мен өзімнің сот жүйем арқылы өзімді және оларды заңның жазалауынан қорғап қаламын, әрі сот жүйесі арқылы ашық немесе жасырын түрде менің саяси қарсыласымды жазалай аламын. Егер осындай үш билік бір тәуелді арнамен жұмыс жүргізетін құрылым ыдыраса, онда қоғамдық орнықсыздық әкелетіні шындық, бірақ маңыздысы біз заң шығару, әкімшілік, сот биліктері өзара дербес жұмыс жүргізетін жүйені қалыптастыру үшін алға ілгерлеуіміз керек, егер келесі үкімет және де үш билікті бір арнаға тоғытып жұмыс жүргізсе онда халық және де қиыншылық шегеді, олар бәлкім қысқа мерзімде уақытша жақсы саясаттар шығарып халықты алдаусыратулары мүмкін, бірақ халық ұзақ мезгіл бұлыңғыр болашақ пен үрей астында өмір сүреді. Бұл үш дербес биліктен басқа және де төртінші билік, бесінші билік бар, төртінші билік дегеніміз дербес, тәуелсіз ақпараттық медиа агентіктер, тәуелді ақпарат агентігі тек қана билікті насихаттайтын құрал ғана болып қалады, мейлі онда мол қаржы болсын, мейлі кәсіптік мамандар болсын, ол сонда да билікті насихаттау құралы ғана. Тәуелсіз ақпарат агентігі басқарушы билікті қадағалайтын күш, диктатор елдерде заң шығару (қатысты ақпаратты басып шығаруды шектеу қатарлы саясаттар), әкімшілік (тілшілердің отбасы мүшелерін үрейлендіру, тілшілік куәлікті күшінен қалдыру, шетел тілшілерінің визасын әдейі ұзартпау қатарлы), сот амалдары (заңсыз тұтқындау, заңсыз соттау) арқылы тәуелсіз ақпарат агентіктерінің жұмыс жүргізуіне кедергілік жасайды, кейбір тілшілерды қудалап, тіпті көздерін жоюға дейін барады, олардың мақсаты үкіметті бақылау, әділетілікке ұмтылу міндеттерінен бас тартқызу.

Бесінші билік дегеніміз интернет арқылы дамыған, жеке тұлғалардың бақылаушы күші, бұл атауды Испаниялық тілші Игнасио Рамонет ортаға қойған, бұл ұғым Франция ойшылы Шарль Луи Монтескьедің үш билікті (заң шығарушы, атқарушы, сот билігі) өзара тәуелсіз басқару ұстанымы мен төртінші биліктің (тәуелсіз ақпарат агентігі) жалғасы деп саналады. Бесінші билік ол «Сізсіз» , әлеуметтік тіпті мемлекеттік бақылау процесінде маңызды рөлі күннен-күнге артып келеді, бірақ әлеуметтік желінің бір кемшілігі маңызды емес ақпараттар басым көп бөлігін ұстайды, және де олардың ішінен нақты әрі керекті ақпаратты сараптап шығу қажет. Сол себепті интернет арқылы хабар таратқан «Сіз» болыңыз немесе интернет арқылы хабар қабылдаған «Сіз» болыңыз бәріміз білімімізді жоғарлатуымыз керекпіз, міндетті түрде жалпыға ортақ шет тілін (әсіресе ағылшын тілі) меңгеруіміз керек, егер біз ақпаратты бір жақтылы (тек қана үкіметтің ақпараты, тек қана мәлім мемлекет билігінің ақпараты) қабылдасақ, онда ақпарат тек сол жақтың мүддесі үшін ғана жеткізілген болады, егер біз шет тілін білсек, және көп жақтылы хабар алсақ, онда сол хабарларды бір-біріне салыстыру арқылы шын-өтірігін білуге болады.

Біз бір мемлекет азаматы болуымыз себепті, үкіметті қадағалауды өз мойнымызға алуымыз керек, бізде мықты қаражат жоқ және біз «Кәсіби» тілшілер емеспіз, бірақ мемлекет бізден «Қорқады», өйткені біздің қолымызда «Дәлелдер» мен «Шындық» бар. Олардың ең үрейленетіні, олардың «Қылмыстық дәлелдерінің» жария етілуі. Егер ақпарат агентіктері қаншалықты «Халықараласқан» және «Заманауиласқан» болса да, бірақ үкіметтің жұмысын қадағалайтын «Әділеттікті» қорғау өзегі болмаса, ол әлі де үлкен үгіт-насихат машинасы болып табылады, олардың «Құны» сенің ұялы телефоның мен ноутбугіңе де жетпейді. Дегенмен азаматтық тілші ретінде көптеген шектеулер бар: тілші куәлігіңіз болмаса, сіз мемлекеттік қызметкерлермен, сарапшылармен сұхбаттасуға немесе сұхбат алу үшін бөлімшелер мен компанияларға кіре алмайсыз. Тіпті сіз өміріңізге қауіп төнген жағдайда жинақталған ақпараттар тек қана пайдалану хабары ретінде қаралады, өйткені басқа тәуелсіз ақпарат агентіктері ол туралы хабар жасамаған. Кей кезде материялдарды реттеп, жапалы түрде дайындалған хабарларды басқа кәсіптік тілшілер ұрлап, өздерінің «Жаңалықтары» мен «Еңбектері» қылады. Әр түрлі қолайсыздықтар болса да, біз әлі де өз білімімізді толықтап, заңдық құқығымызды қорғау санамызды көтеріп, жүйені кемелдендіруге ат салысуымыз керек.

Құрметті жастар, мемлекеттік саясатты заңды жолдар арқылы өзгертуге немесе күшін жоюға болады, бірақ «Жалпыға бірдей құндылыққа» барлық адам мен үкімет міндетті түрде бойұсынуға талап етіледі әрі оны билік өзіне ыңғайлап өзгертуіне немесе күшін жоюға болмайды, әсте «Жалпыға бірдей құндылықты» үкіметпен саудаласатын құрал ретінде пайдаланбаңыз. Біз жалпыға бірдей құндылықты, адамдар мен жануарлардың өмір сүру құқығын және жасыл табиғатты ұрпақтан-ұрпаққа қорғауымыз керек!

Erkin Azat

20.04.2020

جاستارعا حات

الدىمەن كىسىلىك قۇقىق پەن دەموكراتيا جولىندا قايتىس بولعان بارلىق رۋقتارعا ازا بىلدىرەمىن، سىزدەر ولىمنەن قورىقپاي زورەكەر بيلىككە قارسى تۇردىڭىزدار، سىزدەردىڭ وسى رۋحتارىڭىز ءبىزدى العا جەتەلەۋدە.

ەكىنشىدەن ماعان ۇنەمى كوڭىل بولگەن وقىرمان دوستارىما العىسىم شەكسىز، سىزدەردىڭ نازارلارىڭىز بەن قولداۋلارىڭىز مەنىڭ جالعاستى جۇمىس جاساۋىمنىڭ بىردەن-ءبىر قوزعاۋشى كۇشى. ءبىز ءبىر كەڭ مۇحيتتا قالعان كىشى قايىق سياقتىمىز، ءبىز قۇرلىققا جەتە الاتىنىمىزدى بىلمەيمىز، بىراق باعىتىمىزدىڭ دۇرىس ەكەنىن بىلەمىز، نوسەرلى داۋىل تۇرسا دا ءبىز العا جۇزە بەرەمىز، تەك ءبىز ءوزارا سەنىم مەن بىرلىكتە بولساق قۇرىلىققا ءتۇبى ءبىر جەتەتىنىمىزگە سەنىمدىمىن.

مەن جاستارعا ءوز كوزقاراسىمدى بىلدىرگىم كەلەدى، قابىلداۋ-قابىلداماۋ ماڭىزدى ەمەس، مەن دە ەشكىمدى ءماجبۇرلى تۇردە ءوزىمنىڭ ويىمدى قابىلدا دەپ ايتپايمىن، مەن تەك قانا جاستاردىڭ بۇدان دا بەتەر جۇرەكتى، بۇدان دا بەتەر تاۋەكەلشىل بولۋىن ءۇمىت ەتەمىن، ايتپەسە ءبىزدىڭ بولاشاعىمىز بۇدان دا قاراڭعى بولماق.

ءبىزدىڭ قازىرگى ماسەلەمىز ول ءبىزدىڭ جەكە ماسەلەمىز ەمەس، كەيبىر ادامدار ۇنەمى ءوزىنىڭ سەبەبىنەن وسى ماسەلەلەرگە ءدۇپ كەلدىم دەپ ويلايدى، كوپ ءبولىم سەبەبى ءبىزدىڭ الدىڭعى بۋىن اعالارىمىز ءوز ۋاقىتىندا شەشىلمەگەن ماسەلەلەردىڭ جيىنتىعى، ەگەر ءبىز دە الدىڭعى بۋىن اعالارىمىز سەكىلدى ۇنسىزدىك جاريالاساق، ەكى قولىمىزدى قالتامىزعا سالىپ، زاماندا بولىپ جاتقان ىستەرگە ءمان بەرمەسەك، وندا ءبىزدىڭ ۇرپاقتارىمىز كەز كەلەتىن ماسەلەلەرى بۇدان دا كۇردەلى بولماق. ءبىز ادامزات بايلىقتى پايدالانعاندا كەلەشەك ۇرپاقتى دا ويلاۋىمىز كەرەك، ءبىز بۇگىن ماسەلەلەرگە جولىققاندا، كەلەشەك ۇرپاقتى ويلاۋىمىز كەرەك، ءبىز ولارعا جارقىن بولاشاق سيلايمىزبا جوق ۇرەيگە تولعان بۇلىڭعىر بولاشاق سيلايمىزبا؟

«ساياسات سەنىڭ نەڭدى العان، ودان دا اقشا تاپقان ماڭىزدى» وسى تەكتەس سوزدەردى مىڭ رەت ەستىگەن بولارسىڭ، كوپتەگەن ماڭايىڭداعى ادامداردىڭ ويىندا تەك اقشا تاۋىپ، ساياساتقا نازار اۋدارماساڭ ساياسات سەنى اينالىپ ءوتىپ كەتەتىن سەكىلدى، ءارى ولاردىڭ ءومىر بويى تاپقان اقشاسىن اينالىپ وتەتىن سەكىلدى؟ ولاردىڭ ويىندا اجىراماس قۇقىق بولعان «ءسوز بوستاندىعىن» بيلىككە ۇسىنىپ بەرسە، بيلىك ولارعا جاقسى مامىلەدە قارايدى دەپ ويلايدى. «مەنىڭ اعام جازىقسىز ون جىلعا سوتتالدى، مەن باسقالار سياقتى ەلدەرگە جاريا قىلماي جارتى جىل ءۇنسىز ءجۇردىم، مەن جانە وتباسىمىزدىڭ ۇنسىزدىگى ءۇشىن قىتاي ۇكىمەتى تۇرمەدەگى اعاما جاقسى مامىلە جاسايتىن شىعار دەپ ۇمىتتەنەمىن» مەن وسى ءسوزدى ەستىگەندە ءۇنسىز قالدىم، ونىڭ اعاسى قىتايدىڭ قۇلدىق زاۋىتىندا ءار كۇنى ءماجبۇرلى جۇمىس جاسايدى، ال مەن ونىڭ اعاسى تۋىستارىنىڭ ۇنسىزدىگىنە بولا تۇرمەدە وعان «جاقسى» مامىلەگە يە بولادى دەگەنگە سەنبەيمىن، ونىڭ اعاسى تۇرمە جازاسىن وتەۋى كەرەك پە؟ ونىڭ اعاسىنىڭ ار-نامىسىنىڭ تاپتالۋى قاجەت پە؟ ءبىز ءبىر قۇقىقتان ايىرىلساق بارلىق قۇقىقتان ايىرىلامىز، ءتىپتى ءومىر ءسۇرۋ قۇقىعىمىزدان دا ايىرىلامىز. ءسوز بوستاندىق قۇقىعى سەنىڭ اجىراماس قۇقىعىڭ، استە ساۋدالاساتىن قۇرالىڭ ەمەس، مەيلى سەن تۇرمەدە بول، مەيلى اۋىر حالدە ەمدەلىپ جات، مەيلى تاقىر كەدەي بول، سەن ءوز ويىڭدى ەركىن ءبىلدىرۋ قۇقىعىڭ بار، وي ەركىندىگىن شەكتەگەن قوعامدا تەك الدامشىلىق پەن ۇرەي عانا قالادى، اقيقات، وي، جاسامپازدىق بولمايدى، قوعامدا ىلگەرلەۋشىلىك بولمايدى، تەك جالعان وركەنيەت پەن بۇزىلعان سانا قالادى.

ءدىني سەنىم بوستاندىعى دەگەنىمىز نە؟ «تۋراعا» سەنۋشىلىك ءدىني سەنىم بوستاندىعى ەمەس، قايتا «كىمگە» سەنۋىڭدى ءوزىڭ ەركىن بەلگىلەۋ ءدىني سەنىم بوستاندىعى بولىپ سانالادى. ەگەر بىرەۋ ءسىزدى ءماجبۇرلى دىنگە سەندىرسە، وندا ءدىني سەنىم بوستاندىعىنا قايشى كەلگەن بولادى، ال ەگەر بىرەۋ ءسىزدى ءماجبۇرلى دىننەن شىعارسا ول دا ءدىني سەنىم بوستاندىعىنا قايشى كەلگەن بولادى. سەن كىمگە سەنەسىڭ؟ جاراتۋشىعا ما جوق اتەيست بولاسىڭبا؟ جوق ءبىر سيىردى قۇداي دەپ تابىناسىڭبا؟ بۇلاردىڭ بارلىعى سەن ءوزىڭنىڭ ەركىڭمەن بولۋى كەرەك، استە ۇلتتىڭ، مەملەكەتتىڭ، ۇكىمەتتىڭ، اۋىل اكىمىنىڭ، تۋىستاردىڭ، اكەڭنىڭ، اتالارىڭنىڭ ساعان ءماجبۇرلى تاعىپ بەرگەن سىرتقى سيمۆولى بولماۋى كەرەك. مەيلى دىنگە سەن-سەنبە، ءاربىر ادامدا سۇيىسپەنشىلىك ءبىلدىرۋ جانە سۇيىسپەنشىلىككە يە بولۋ قۇقىعى بار، ەرىكسىز سەنگەن دىندە تەك ءمانسىز ءيشاراتتار مەن ۇرەيلەر عانا قالادى، ەرىكتى سەنگەن دىندە عانا ادام ءوزىنىڭ شىن مەيىرىم ماحابباتىن ارناي الادى، تەك قانا شىنايى مەيىرىم عانا توپتار اراسىنداعى بىرلىكتى ارتتىرادى. كەمەلدەنگەن زاڭ ءسىزدى دىنگە سەن نەمەسە سەنبە دەپ ۇگىت جاسامايدى، ول تەك ءسىزدىڭ ءوز ەركىڭىزبەن دىنگە سەنگەن نەمەسە سەنبەگەن كەزىڭىزدەگى بايلىعىڭىز بەن ءومىرىڭىزدى قورعايدى. كەيبىرەۋلەر ءدىننىڭ ءمالىم ءبىر تارماقتارىنا بولا قىزىل كەڭىردەك بولىپ قىرقىسىپ جاتادى، وسى تەكتەس بىتبەس داۋلارعا جاۋاپ: «سەن قۇمىرسقانى جاراتۋشى دەپ باسىڭا قويىپ كۇندە تابىنساڭ دا ول سەنىڭ ءدىني سەنىم بوستاندىعىڭ، وسى تەكتەس سەن دە مەنىڭ ءدىني سەنىم بوستاندىعىما قول سۇقپا، مەن ءوزىمنىڭ ىستەگەنىمە ءوزىم جاۋاپ بەرەمىن، ال سەنىڭ ىستەگەنىڭە مەن جاۋاپ بەرمەيمىن».

«باتىس ۇكىمەتى ەلدەردى قىزتەكە بولۋعا ۇگىتتەيدى، ەگەر جىگىتتەرىمىزدىڭ ءبارى قىزتەكەگە اينالىپ كەتسە، كىم ەلىمىزدى قورعايدى؟» كەمەلدەنگەن زاڭ بارلىق ادامنىڭ قۇقىعىن قورعايدى، ونىڭ ىشىندە قىزتەكەلەردىڭ دە قۇقىعىن قورعايدى، بىراق جىنىستىق تانىم تۋرالى ۇگىت-ءناسيحات جاسامايدى، ءسىزدى قىزتەكە بول دەپ ۇگىتتەمەيدى، ەگەر ءسىز قىزتەكە بولماساڭىز وندايلارعا زاۋقىڭىز سوقپايدى، ەگەر سىزدە سونداي وي بولسا، ءسىز قانشالىقتى ءوزىڭىزدى جاسىرعانىڭىزبەن جۇرەگىز سول جاققا تارتىپ تۇرادى، ءتىپتى ءسىز بالالى-شاعالى بولساڭىز دا ءومىر بويى ءسىزدىڭ ساناڭىزعا ىقپال جاسايدى. ءوزىڭىزدى قىزىعۋشىلىعىزدى جاسىرىپ، ءوزىڭىز ءومىربويى سۇيمەيتىن اداممەن بىرگە بولۋ، ول جارىڭىزعا جاسالعان اۋىر سوققى. «ەگەر ءبىز ۇقساس جىنىستى نەكەگە جول بەرسەك، ءبىزدىڭ ۇلتىمىز قۇرىپ جوعالادى» ءبىر-ءبىرىن الداۋمەن وتكىزەتىن جالعان مەيىرىمدە وسكەن ۇرپاق مەيىرىمسىز، ءوزىمشىل بولادى، ءوزىنىڭ بولاشاعىنان ءۇمىت كۇتپەيدى، ءتىپتى ۇلت، مەملەكەت تاعدىرىنا ءسال قارايدى، ولار تەك اقشا تاباتىن سۋىق روبوتقا اينالادى، قوعامعا نازار اۋدارمايدى، قوعامدىق ىستەرگە بەلسەندى ارالاسپايدى، ءبىزدىڭ ۇلتىمىز قۇرۋعا بەتالۋدا، ۇلتىمىز مەيىرىمسىز اقشا تاباتىن سۋىق ماشيناعا اينالدى، «قۇرۋ» دەگەن ءسوزدىڭ ماعىناسىن قالاي تۇسىنۋگە بولادى؟ «سانى» جاعىنانبا «ساپاسى» جاعىنانبا؟ جالعان باقىتتى وتباسىلارىنا قاراڭىز، اينالاڭىزعا نازار اۋدارىڭىز…

«جىنىس پەن زاڭنىڭ» تەپە-تەڭدىگى ساياساتتىڭ اينالىپ وتە المايتىن تاقىرىبى، تاريحتان بەرى ديكتاتور بيلىكتەر زاڭدار قابىلداپ، ءدىني تارماقتار مەن سالت-داستۇرلەر ارقىلى «جىنىستى» تيعىسى كەلدى، ەگەر «جىنىستىڭ» قۇقىعى اشىق نەمەسە جاسىرىن تۇردە شەكتەلسە، وندا باسقا قۇقىقتار دا ۇقساس نەمەسە ودان دا بەتەر امالدارمەن «شەكتەلىنەدى». مەن حالىقتى بۇزىق قاتىناسقا نەمەسە كوشەگە جالاڭاش شەرۋگە شىعۋعا ۇگىتتەپ وتىرعان جوقپىن، مەن سىزگە تەك مىنانى عانا ايتقىم كەلىپ وتىر، ءسىزدىڭ دەنەڭىز، ءسىزدىڭ ءدىني سەنىمىڭىز، ءسىزدىڭ جىنىسىڭىز، ءسىزدىڭ رۋحىڭىز، ءسىزدىڭ ويلاۋ ەركىندىگىڭىز سىزدەن اجىراماس قۇقىقتارىڭىز، وعان ۇكىمەت تە، ءدىني ورىن دا، توپ تا، وتباسىڭىز دا، باسقا ادامدار دا قول سۇعۋىنا بولمايدى، قۇقىعىڭىزدى ايىرۋعا دا بولمايدى. ءسىزدىڭ قۇقىعىڭىز ماڭگى ۇستىڭىزدەن شەشىلمەيتىن «كيىم»، ءسىز استە وسى «كيىمدەردى» شەشىپ بيلىككە ۇسىنىپ بەرسەم مەن جانە وتباسىما مەيىرىممەن قارايدى دەگەن قييالدا بولماڭىز، قايتا ولار ودار ارى ءسىزدى باسقارىپ الادى، ءسىزدىڭ بايلىعىڭىز، ءتىپتى ءسىزدىڭ ءومىرىڭىز، ار-ۇجدانىڭىزدى دا باسقارىپ الادى.

ءبىز اعا بۋىنداردىڭ ءومىرى جاندىكتەرگە ۇقسايدى، اركۇنى قاربالاسپىز، ءارى ءبارى سەندەر ءۇشىن دەيمىز. سەندەر ءتىل الماعاندا ءبىز ۇنەمى: «سىرتتا قاسقىر بار، سىرتتا ايۋ بار…» دەپ سەندەردى قورقىتامىز، ول كەزدە سەندەر قورىققاندارىڭنان كورپەگە تىعىلىپ كىرىپ ۇيىقتايسىڭدار، بىراق ءبىز دە قورقاقپىز، ءبىز ءوزىمىزدىڭ قۇقىقتارىمىزدىڭ بيلىك جاعىنان تارتىپ الىنعانىن ىشىمىزدەن بىلەمىز، بىراق ءبىز قارسىلىق كورسەتە المايمىز، ەگەر قارسىلىق كورسەتسەك ودان دا بەتەر جانىشتاۋعا ۇشىراۋدان الاڭدايمىز، ءتىپتى سەندەردەن ايىرىلىپ قالۋدان قورقامىز، بيلىكتەگىلەر ءبىزدىڭ وسى ويىمىزدى بىلگەندىكتەن ويلارىنا كەلگەندەرىن ىستەپ ءجۇر.

«باعدارشام فورمۋلاسى»: زاڭ جانە ساياسات

ەگەر ءسىز جولدا تۇرىپ باعدارشام جاسىلعا جانعاندا وتسەڭىز، وندا ءسىز جولدا ءجۇرۋ ەرەجەسىنە بويۇسىنعانىڭىز، ال ءسىز قىزىل شامنىڭ سونۋىنە قاراماي جولدان وتسەڭىز وندا ءسىز جولدا ءجۇرۋ ەرەجەسىن بۇزدىڭىز، ءسىز ءوزىڭىز جانە ماڭايىڭىزداعىلاردىڭ ءومىرىن قاتەرگە قويدىڭىز. ءاربىر زاڭ تارماقتارىنىڭ ارىپتەرى سانسىز جانداردىڭ بوداۋلارىمەن جازىلعان، ءاربىر تارماق قىزىل قانمەن جازىلعان، ال ەگەر ۇكىمەت ءبىر زاڭ قابىلداپ وندا: «جولدان وتەردە قوس قولدى كوتەرىپ، بالەنباي جاساسىن» دەپ ايقايلاپ وتەتىن بولاسىڭدار دەسە، وندا بۇل ساياسات، زاڭعا مىندەتتى تۇردە باعىنۋ كەرەك، ال ەگەر ساياسات ورىنسىز بولسا وندا ونى اقىلداسىپ وزگەرتۋگە نەمەسە كۇشىن جويۋعا بولادى. ال ءبىزدىڭ كوبىمىزدە ءبىر جامان ادەتتەر بار، ءبىز جول ەرەجەسىن ءجيى بۇزامىز، باعدارشام قىزىلدا تۇرعاندا، كولىكتەر جوق بولسا جولدان وتكىمىز كەلەدى، بىراق سول ساتتە اياق استىنان زۋلاپ ءبىر كولىك شىعا كەلەدى، ەگەر وقىس جاعداي بولسا وندا ءسىز دە جاۋاپكەرشىلىك ارقالايسىز. ءبىز جول پوليتسيالارىن ءجيى بالاعاتتايمىز، بىراق ءبىز كەيدە زاڭعا قايشى كەلگەن (قۇجات تولىق ەمەس، بەلدىك تاقپاعان، كولىكتىڭ اقاۋىن دەر كەزىندە وڭدەمەگەن) جاعدايدا كولىكپەن جالعاستى جولعا شىعامىز، ەگەر ءبىز جولعا شىعار الدىندا ءوز ەركىمىزبەن جول ەرەجەسىنە بويۇسىنىپ، ءبارىن تولىق دايىنداپ(ءتىپتى ءورت سوندىرگىش پەن العاشقى مەديسينالىق كومەك قورابىن دا جاڭالاساق)، اقاۋدى دەر كەزىندە وڭدەسەك، مەيلى جول پوليتسياسى بولسىن-بولماسىن، مەيلى جول پوليتسياسىنىڭ بولىمشەلەرى بولسىن-بولماسىن، مەيلى ۇكىمەت بولسىن-بولماسىن وزدىگىمىزدەن زاڭعا بويۇسىنىپ جولعا شىقساق، بۇل جول ەرەجەسى ءبىز جانە وتباسىمىزدىڭ اماندىعىن قورعايدى. ەگەر جول پوليتسياسى بولىمشەسى جازالاۋ امالدارىن كۇشەيتىپ، ايىپپۇلدى كوبەيتىپ، شەكتەن شىققان قاتال تۇردە باسقارسا وندا بۇل ساياسات، حالىق بىرىگىپ وزدەرىنىڭ بۇل ساياساتقا نارازىلىقتارىن زاڭدى جولدارمەن بىلدىرۋگە بولادى، جانە دە ىڭعايلى بولعان جول باسقارۋ جوبالارىن ۇسىنۋعا بولادى، استە قاتە ساياساتتى سىلتاۋ ەتىپ جول ەرەجەسىنە قايشى ارەكەتتەر جاساۋعا بولمايدى. كەي كەزدە سەن ولاردىڭ قيسىنسىز ساياساتتارىنا ءوز قارسىلىعىڭدى اشىق تۇردە بىلدىرەسىڭ، بىراق ولار سەنى جول ەرەجەسىن بۇزۋشى رەتىندە سومداۋعا ۇرىنادى، اسىرەسە شەرۋلەردە وسىنداي امالدار ءجيى كەزدەسەدى، سەن كوشەگە بەيبىت تۇردە شەرۋگە شىعىپ بيلىكتىڭ كەيبىر قاتە ساياساتتارىنا قارسىلىعىڭدى بىلدىرەسىڭ، بىراق ۇكىمەت سەنى قوعامدىق ءتارتىپتى (زاڭدى) ءبۇلدىرۋشى قىلمىسكەر دەپ اتايدى.

جالپىعا بىردەي قۇندىلىق، كىسىلىك قۇقىقتار اياققا تاپتالۋعا بولمايتىن ورتاق زاڭدار، ءار ەلدىڭ كونستيتۋتسياسىندا جۇيەلىك اقاۋلار بولعانىمەن دە، ولار بەلگىلى جاعدايدا حالىقتىڭ ءومىرى مەن بايلىعىن قورعاۋعا سەپتىگىن تيگىزدى. ءار ەلدىڭ اشىق نەمەسە جاسىرىن جۇرگىزگەن ساياساتتارى حالىققا پايدالى نەمەسە پايداسىز (تابيعاتقا زيياندى) بولۋى مۇمكىن، ەگەر ۇكىمەت تيىمسىز جاقتارىن بىلە تۇرا جالعاستى ساياساتتارىن جۇرگىزەتىن بولسا، وندا ولار وزدەرىنىڭ كونستيتۋتسياسىنا، جالپىعا بىردەي قۇندىلىققا قايشى كەلگەن بولادى، ول كەزدە ساناۋسىز بايلىق شىعىنى مەن سانسىز ءومىردىڭ كوز جۇمۋىنا (ورتانىڭ بۇزىلۋى قاتارلى) اكەلەدى. كەيبىر مەملەكەتتەر ساياساتتى زاڭنان جوعارى قويادى، ولار ءتىپتى باسقالارعا: «بۇل ءبىزدىڭ ىشكى ساياساتىمىز، شەتەل ۇكىمەتتەرىنىڭ ەشقانداي ارالاسۋ قۇقىعى جوق» دەيدى، بىراق ولار وزدەرىنىڭ ساياساتتارىنىڭ وزدەرىنىڭ كونستيتۋتسياسىنا، كىسىلىك قۇقىق قۇندىلىقتارىنا قايشى كەلگەنىن بىلمەيدى. ولار «باعدارشام فورمۋلاسىنا» قايشى كەلدى، ولار وزدەرىن جانە باسقالاردى قاتەرلى ورتاعا قويدى، ەگەر ءبىر كۇنى جول-اپاتى (ۇكىمەت كۇيرەپ، ءىرى قاۋىپتى اپاتتىق جاعداي) ءجۇز بەرسە، وندا ولار وزدەرىنە جانە باسقالارعا ازاپ (الاساپىران) اكەلەدى، جول ەرەجەسىن قانشالىقتى بۇزعان سايىن قاتەرگە ۇشىراۋ پايىزى ارتا تۇسەدى، سول سەبەپتى ديكتاتور بيلىك قۇلاعان سوڭ الاساپىراندىق بولسا، ول دەموكراتييانىڭ ساتسىزدىگى ەمەس، قايتا «باعدارشام فورمۋلاسىنا» ۇزاق مەزگىل بويۇسىنباعاننىڭ كەسىرى. سول سەبەپتى ديكتاتور بيلىكتەن كەيىن حالىق ءتىپتى بەلسەندى قوعامدىق قيمىلدارعا قاتىسۋلارى كەرەك، استە جاي قاراپ تۇرۋعا بولمايدى، وڭايلىقپەن كەلمەگەن «دەموكراتيانى» «استىققا» ايىرباستاۋعا مۇلدەم بولمايدى، ايتپەسە باسقا ورايشىلدار بيلىكتى ۇرلاپ الادى.

«ەگەر قازىرگى ۇكىمەت بيلىكتەن كەتسە، قوعامدا قالايماقانشىلىق تۋىلمايما؟ مەن بۇل ۇكىمەتتىڭ ناشار جۇمىس جاسايتىنىن بىلەمىن، بىراق تۇراقتى ءومىر ءۇشىن مەن وسى ۇكىمەتتىڭ جالعاستى بيلىك جۇرگىزە بەرۋىن قالايمىن»… كوپتەگەن ادامدار ۇكىمەت ورگانى مەن بيلەۋشى توپتى، مەملەكەت پەن ۇلتتى اجىراتا المايدى، كوبىندە شاتاستىرىپ الادى. الدىمەن ورنىقسىزدىق تۋىلسا وندا بۇل ۇكىمەتتىڭ جۇمىس جۇرگىزۋ جۇيەسىنىڭ سيىقسىزدىعىن كورسەتەدى، ولاردىڭ زاڭنامالىق، اكىمشىلىك جانە سوتى جۇيەسىنىڭ ءوزارا تاۋەلسىز، ءبىر ارنادا ەكەندىگىن كورسەتەدى، مىسالى، مەن (بيلىكتى قولعا الۋشى) زاڭ شىعارۋ قۇقىعىم بار، وندا مەن وزىمە ىرىقتى زاڭداردى (مىسالى مەن جانە وتباسى مۇشەلەرىمدى سوتتىڭ جازالاۋىنان قورعايتىن زاڭدار) شىعارۋىما بولادى، ودان كەيىن مەن اكىمشىلىك قۇقىعىمدى پايدالانعاندا مەن دە وزىمە ىڭعايلى جۇمىستاردى (سەرىكتەستىك پەن بازارلاردا تابىستارىنىڭ ءبىر ءبولىمىن ماعان جانە وتباسىما مىندەتتى تۇردە جەتكىزىپ تۇرۋعا تاپسىرام) جاساۋىما بولادى، ەگەر مەن نەمەسە مەنىڭ مۇددەلى توبىم زاڭعا قايشى كەلسە، مەن ءوزىمنىڭ سوت جۇيەم ارقىلى ءوزىمدى جانە ولاردى زاڭنىڭ جازالاۋىنان قورعاپ قالامىن، ءارى سوت جۇيەسى ارقىلى اشىق نەمەسە جاسىرىن تۇردە مەنىڭ ساياسي قارسىلاسىمدى جازالاي الامىن. ەگەر وسىنداي ءۇش بيلىك ءبىر تاۋەلدى ارنامەن جۇمىس جۇرگىزەتىن قۇرىلىم ىدىراسا، وندا قوعامدىق ورنىقسىزدىق اكەلەتىنى شىندىق، بىراق ماڭىزدىسى ءبىز زاڭ شىعارۋ، اكىمشىلىك، سوت بيلىكتەرى ءوزارا دەربەس جۇمىس جۇرگىزەتىن جۇيەنى قالىپتاستىرۋ ءۇشىن العا ىلگەرلەۋىمىز كەرەك، ەگەر كەلەسى ۇكىمەت جانە دە ءۇش بيلىكتى ءبىر ارناعا توعىتىپ جۇمىس جۇرگىزسە وندا حالىق جانە دە قيىنشىلىق شەگەدى، ولار بالكىم قىسقا مەرزىمدە ۋاقىتشا جاقسى ساياساتتار شىعارىپ حالىقتى الداۋسىراتۋلارى مۇمكىن، بىراق حالىق ۇزاق مەزگىل بۇلىڭعىر بولاشاق پەن ۇرەي استىندا ءومىر سۇرەدى. بۇل ءۇش دەربەس بيلىكتەن باسقا جانە دە ءتورتىنشى بيلىك، بەسىنشى بيلىك بار، ءتورتىنشى بيلىك دەگەنىمىز دەربەس، تاۋەلسىز اقپاراتتىق مەديا اگەنتىكتەر، تاۋەلدى اقپارات اگەنتىگى تەك قانا بيلىكتى ناسيحاتتايتىن قۇرال عانا بولىپ قالادى، مەيلى وندا مول قارجى بولسىن، مەيلى كاسىپتىك ماماندار بولسىن، ول سوندا دا بيلىكتى ناسيحاتتاۋ قۇرالى عانا. تاۋەلسىز اقپارات اگەنتىگى باسقارۋشى بيلىكتى قاداعالايتىن كۇش، ديكتاتور ەلدەردە زاڭ شىعارۋ (قاتىستى اقپاراتتى باسىپ شىعارۋدى شەكتەۋ قاتارلى ساياساتتار)، اكىمشىلىك (تىلشىلەردىڭ وتباسى مۇشەلەرىن ۇرەيلەندىرۋ، تىلشىلىك كۋالىكتى كۇشىنەن قالدىرۋ، شەتەل تىلشىلەرىنىڭ ۆيزاسىن ادەيى ۇزارتپاۋ قاتارلى)، سوت امالدارى (زاڭسىز تۇتقىنداۋ، زاڭسىز سوتتاۋ) ارقىلى تاۋەلسىز اقپارات اگەنتىكتەرىنىڭ جۇمىس جۇرگىزۋىنە كەدەرگىلىك جاسايدى، كەيبىر تىلشىلەردى قۋدالاپ، ءتىپتى كوزدەرىن جويۋعا دەيىن بارادى، ولاردىڭ ماقساتى ۇكىمەتتى باقىلاۋ، ادىلەتىلىككە ۇمتىلۋ مىندەتتەرىنەن باس تارتقىزۋ.

بەسىنشى بيلىك دەگەنىمىز ينتەرنەت ارقىلى دامىعان، جەكە تۇلعالاردىڭ باقىلاۋشى كۇشى، بۇل اتاۋدى يسپانيالىق ءتىلشى يگناسيو رامونەت ورتاعا قويعان، بۇل ۇعىم فرانسيا ويشىلى شارل لۋي مونتەسكەدىڭ ءۇش بيلىكتى (زاڭ شىعارۋشى، اتقارۋشى، سوت بيلىگى) ءوزارا تاۋەلسىز باسقارۋ ۇستانىمى مەن ءتورتىنشى بيلىكتىڭ (تاۋەلسىز اقپارات اگەنتىگى) جالعاسى دەپ سانالادى. بەسىنشى بيلىك ول «ءسىزسىز» ، الەۋمەتتىك ءتىپتى مەملەكەتتىك باقىلاۋ پروتسەسىندە ماڭىزدى رولى كۇننەن-كۇنگە ارتىپ كەلەدى، بىراق الەۋمەتتىك جەلىنىڭ ءبىر كەمشىلىگى ماڭىزدى ەمەس اقپاراتتار باسىم كوپ بولىگىن ۇستايدى، جانە دە ولاردىڭ ىشىنەن ناقتى ءارى كەرەكتى اقپاراتتى ساراپتاپ شىعۋ قاجەت. سول سەبەپتى ينتەرنەت ارقىلى حابار تاراتقان «ءسىز» بولىڭىز نەمەسە ينتەرنەت ارقىلى حابار قابىلداعان «ءسىز» بولىڭىز ءبارىمىز ءبىلىمىمىزدى جوعارلاتۋىمىز كەرەكپىز، مىندەتتى تۇردە جالپىعا ورتاق شەت ءتىلىن (اسىرەسە اعىلشىن ءتىلى) مەڭگەرۋىمىز كەرەك، ەگەر ءبىز اقپاراتتى ءبىر جاقتىلى (تەك قانا ۇكىمەتتىڭ اقپاراتى، تەك قانا ءمالىم مەملەكەت بيلىگىنىڭ اقپاراتى) قابىلداساق، وندا اقپارات تەك سول جاقتىڭ مۇددەسى ءۇشىن عانا جەتكىزىلگەن بولادى، ەگەر ءبىز شەت ءتىلىن بىلسەك، جانە كوپ جاقتىلى حابار الساق، وندا سول حابارلاردى ءبىر-بىرىنە سالىستىرۋ ارقىلى شىن-وتىرىگىن بىلۋگە بولادى.

ءبىز ءبىر مەملەكەت ازاماتى بولۋىمىز سەبەپتى، ۇكىمەتتى قاداعالاۋدى ءوز موينىمىزعا الۋىمىز كەرەك، بىزدە مىقتى قاراجات جوق جانە ءبىز «كاسىبي» تىلشىلەر ەمەسپىز، بىراق مەملەكەت بىزدەن «قورقادى»، ويتكەنى ءبىزدىڭ قولىمىزدا «دالەلدەر» مەن «شىندىق» بار. ولاردىڭ ەڭ ۇرەيلەنەتىنى، ولاردىڭ «قىلمىستىق دالەلدەرىنىڭ» جاريا ەتىلۋى. ەگەر اقپارات اگەنتىكتەرى قانشالىقتى «حالىقارالاسقان» جانە «زاماناۋيلاسقان» بولسا دا، بىراق ۇكىمەتتىڭ جۇمىسىن قاداعالايتىن «ادىلەتتىكتى» قورعاۋ وزەگى بولماسا، ول ءالى دە ۇلكەن ۇگىت-ناسيحات ماشيناسى بولىپ تابىلادى، ولاردىڭ «قۇنى» سەنىڭ ۇيالى تەلەفونىڭ مەن نوۋتبۋگىڭە دە جەتپەيدى. دەگەنمەن ازاماتتىق ءتىلشى رەتىندە كوپتەگەن شەكتەۋلەر بار: ءتىلشى كۋالىگىڭىز بولماسا، ءسىز مەملەكەتتىك قىزمەتكەرلەرمەن، ساراپشىلارمەن سۇحباتتاسۋعا نەمەسە سۇحبات الۋ ءۇشىن بولىمشەلەر مەن كومپانييالارعا كىرە المايسىز. ءتىپتى ءسىز ومىرىڭىزگە قاۋىپ تونگەن جاعدايدا جيناقتالعان اقپاراتتار تەك قانا پايدالانۋ حابارى رەتىندە قارالادى، ويتكەنى باسقا تاۋەلسىز اقپارات اگەنتىكتەرى ول تۋرالى حابار جاساماعان. كەي كەزدە ماتەرييالداردى رەتتەپ، جاپالى تۇردە دايىندالعان حابارلاردى باسقا كاسىپتىك تىلشىلەر ۇرلاپ، وزدەرىنىڭ «جاڭالىقتارى» مەن «ەڭبەكتەرى» قىلادى. ءار ءتۇرلى قولايسىزدىقتار بولسا دا، ءبىز ءالى دە ءوز ءبىلىمىمىزدى تولىقتاپ، زاڭدىق قۇقىعىمىزدى قورعاۋ سانامىزدى كوتەرىپ، جۇيەنى كەمەلدەندىرۋگە ات سالىسۋىمىز كەرەك.

قۇرمەتتى جاستار، مەملەكەتتىك ساياساتتى زاڭدى جولدار ارقىلى وزگەرتۋگە نەمەسە كۇشىن جويۋعا بولادى، بىراق «جالپىعا بىردەي قۇندىلىققا» بارلىق ادام مەن ۇكىمەت مىندەتتى تۇردە بويۇسىنۋعا تالاپ ەتىلەدى ءارى ونى بيلىك وزىنە ىڭعايلاپ وزگەرتۋىنە نەمەسە كۇشىن جويۋعا بولمايدى، استە «جالپىعا بىردەي قۇندىلىقتى» ۇكىمەتپەن ساۋدالاساتىن قۇرال رەتىندە پايدالانباڭىز. ءبىز جالپىعا بىردەي قۇندىلىقتى، ادامدار مەن جانۋارلاردىڭ ءومىر ءسۇرۋ قۇقىعىن جانە جاسىل تابيعاتتى ۇرپاقتان-ۇرپاققا قورعاۋىمىز كەرەك!

Erkin Azat

20.04.2020

Erkin Azat
Erkin Azat

No responses yet