«ТАЛПЫН ЖАСТАР» Қоғамдық Бірлестігінің ЖАРҒЫСЫ
Бірлестік азаматтар-бастамашылардың
Құрылтай жиналысының
2019 жылы наурыздың «26» жұлдызындағы
Хаттамасымен
БЕКІТІЛГЕН
«ТАЛПЫН ЖАСТАР»
Қоғамдық Бірлестігінің
ЖАРҒЫСЫ
Алматы 2019
1. Жалпы ережелер
1.1. «ТАЛПЫН ЖАСТАР» Қоғамдық бірлестігі
(жергілікті статус) – әрі қарай «Бірлестік» деп аталатын Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, ортақ мақсаттарға жету үшін, азаматтардың ерікті түрде бірігуі нәтижесінде пайда болған ұйым болып табылады.
1.2. Бірлестік жергілікті мәртебеге не және Алматы қаласында әрекет етеді.
1.3. Бірлестік заңдылық, өз мүшелерінің тең құқылығы мен ерікті қалауларының өзін өзі басқару мен өзін өзі қаржыландыру принциптері негізінде құрылып және қызмет етеді.
1.4. Бірлестік өзінің өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясыныа, Азаматтық Кодексінің 106 бабына, 1996 жылдың 31 мамырындағы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер жөніндегі» Заңына, 2001-жылғы 16-қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына және осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырып орындайды.
1.5. Бірлестік өзінің міндеттемелері бойынша өзі иелік ететін мүлікпен жауапты, бірлестік мүшелері Бірлестік міндеттемелері бойынша, ал Бірлестік өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауапты емес.
1.6. Бірлестік мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге және міндеттемелер алуға, сот органдарында талапкер мен жауапкер болуға, жарғы мақсаттарына сәйкес басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.
1.7. Бірлестік мемлекеттік тіркеу кезінен бастап заңды тұлға болып табылады, заңмен белгілеген тәртіп бойынша банктік мекемелерде есеп және басқа да шоттар, соның ішінде валюталық шоттары болады, Бірлестіктің Жалпы жиналысында бектіліп белгіленген тәртібі бойынша тіркелетін өзіндік атауы бар мөрге, штампқа, басқа да белгілерге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары шектерінде басқа да қажетті деректемелерге ие болады.
1.8. Бірлестіктің ресми атауы:
Қазақ тілінде: «ТАЛПЫН ЖАСТАР» қоғамдық бірлестігі;
Орыс тілінде: Общественное объединение «ТАЛПЫН ЖАСТАР».
1.9. Бірлестіктің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Медеуский ауданы, Жибек жолы көшесі, 50 үй, 608 кеңсе.
1.10. Бірлестіктің қызмет ету мерзімі шектелмеген.
2. Бірлестіктің мақсаттары мен басты қызметі.
2.1. Бірлестік қызметінің негізгі мақсаты:
Қазақ елінің және басқа да шет елдің әдебиетінің және мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің тарихи және философиялық мұрасын зерделеу және тарату.
2.2. Бірлестіктің негізгі қызметі:
қайырымдылық қызметі;
халықтар арасындағы достықты нығайту;
қайырымдылық шараларға қатысу;
консультациялық қызмет көрсету;
2.3. Бірлестіктің негізгі міндеттері:
ағартушылық, гуманитарлық және қайырымдылық қызметі;
қоғамдық бірлестіктің мүшелерімен халықтың қалың жігіне қайырымдылық бағдарламаларды және басқа да әлеуметтік маңызы бар жобаларды дәрістер, семинарлар, білім беру арқылы ұйымдастыру және өткізу;
Қазақстан Республикасының және шетелдің меншіктің барлық нысанындағы мұражай ұйымдарымен ғылыми, қайырымдылық, мұрағат арқылы өзара араласу;
Әдебиет, сәулет, математика және сурет саласында перспективалық шығармашылық жобаларын іске асыруға жәрдемдесу;
Қоғамдық бірлестікке қатысты коллекциялар мен кітапханалар құру;
Қоғамдық бірлестіктің мүшелерінің практикалық қызметін үйлестіру;
Клубтық іс-шаралар өткізу;
Қазақстан Республикасында және шетелде ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялармен дәрістерді ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасында және шетелде әріптес ұйымдармен кездесулер, семиналар, симпозиумдар, ынтымақтастық басқа да нысандарымен алмасу, ұйымдастыру және өткізу;
Әдеби, мәдени-ағартушылық сипаттағы тарихи материалдарды шығару;
Бірлестіктің қызметіне байланысты ақпараттық базасын құру;
Мәдени даму және ғылыми байланыстар саласында әр түрлі әлеуметтік маңызды іс-шаралар өткізу.
2.4. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңында көрсетілген кейбір қызмет түрлерімен Бірлестік тек лицензия негізінде жұмыс жасай алады.
2.5. Бірлестік кәсіпкерлік қызметпен, осы кәсіпкерлік қызметтен түскен табысты тек қана өзінің жарғылық мақсаттарын орындау үшін жұмсау міндеттілігі аясында, шұғылдануға құқылы.
3. Бірлестіктің құқықтары мен міндеттері
3.1. Жарғы мақсаттарын іске асыру үшін Бірлестіктің құқықтары:
Заңдармен белгіленген тәртіп бойынша шоттар ашуға;
Ұйымының мемлкеттік және орыс тіліндегі толық атауы жазылған мөрді, мөртандарды және бланктерді белгіленген тәртіп бойынша иеленуге;
Жекеменшігінде немесе оралымды басқаруында дербес мүлікті және игерімді немесе сметаны иеленуге;
Мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
Заңдарда өзгеше көзделмесе басқа да заңды тұлғаларды құруға;
Қауымдастықтар мен одақтарға кіруге және олардың қызметтеріне қатысуға;
Қаражаттарды Жарғыдағы қойылған мақсаттарға жету үшін жұмсау;
Сотта даулаушы және жауап беруші болуға;
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.
3.2. Бірлестіктің міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарын орындауға;
Салықтар мен бюджетке төленілуі тиіс міндетті төлемдерді белгілернген тәртіп бойынша төлеп отыруға;
Өзінің міндеттемелері бойынша өзінің иелігіндегі барлық мүлікмен жауапты болуға.
3.3. Қазақстан Республикасының Қоғамдық ұйымдар жөніндегі Заңның 4 бабына сәйкес қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың бірігуне, мемлекеттік бірлестіктің және бірлестіктің мемлекет істеріне заңсыз араласуына, бірлестікке мемлекет органдарының қызметін жүктеуге, мемлекеттің Бірлестік қызметін қаржыландыруға тыйым салынған.
3.4. Тікелей заңмен белгіленген жағдайлардан өзге жағдайларда Бірлестіктің ішкі істеріне, кез келген жеке және заңды тұлғалардың және Бірлестік басқа да жеке және заңды тұлғалардың қызметіне араласуына тыйым салынған.
БІРЛЕСТІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Бірлестіктің ұйымдастырушылық құрылымын заңды тұлға болып табылмайтын және Бірлестіктің атқару органымен (Төрағасымен) бекітілген Жағдайлар негізінде қызмет атқаратын Бірлестіктің бөлімшелері (өкілдіктері мен филиалдары) құрайды.
Бірлестіктің құрылымдық бөлімшелері (өкілдіктері мен филиалдары) Бірлестіктің жекеменшігіне пайдаланушы және иеленуші құқығына ие болады. Бірлестіктің құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктер мен филиалдар) жекеменшігі Бірлестіктің баланысында және жеке баланста есептеледі. Бірлестіктің құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктер мен филиалдар) жойылған кезде олардың жекеменшігінің тағдырын Бірлестіктің өзі анықтайды.
Бірлестіктің құрылымдық бөлімшелері (өкілдіктер мен филиалдар) өз атауымен мөрі болады, банктерде өз есеп шоты және басқа да шоттары болмайды.
Бірлестіктің құрылымдық бөлімшелері (өкілдіктер мен филиалдар) Басқарушылары Директоры Бірлестіктің Төрағасының шешімімен сайланады және Бірлестік берген сенімхат негізінде қызмет жасайды.
4. Бірлестіктегі мүшелік
4.1. Бірлестіктегі мүшелік келесідей нысанда ерікті негізде жүзеге асырылмайды:
Бірлестік мүшесі бола алатындар он сегіз жасқа толған, ұлты, азаматтығына, тегі, жынысына қарамай, Бірлестіктің мақсаттарын қолдайтын және мүдделеріне ортақ, Бірлестіктің қызметінің өркендеуіне ат салысатын азаматтар бола алады. Бірлестік жұмысы өзара сыйластық, ниет, сөз, іс, қарым-қатынас, басқа да адами, тазалықты қолдап, қызбалыққа салынбай, сабырлы болу ұстанымдарына негізделеді.
4.2. Бірлестік мүшелері бірдей құқықтарды иеленіп, бірдей міндеттерді жүктенеді.
4.3. Бірлестік мүшелігіне қабылдау ерікті түрде, жазбаша арыз негізінде жүзеге асырылады. Бірлестік мүшелігіне қабылдау туралы шешім (Республикалық, Облыстық, қалалық аудандық т.б.) Алқалы Кеңесімен қабылданады.
4.4. Мүшелік жарналар мен төлеу тәртібі Бірлестіктің Алқалы Кеңесімен қабылданады.
4.5. Бірлестік Мүшесі жарғыны бұзған жағдайда, ол Бірлестіктің Алқалы Кеңесі шешімі бойынша Бірлестіктен шығарылуы мүмкін. Бірлестіктен шығарылған жарналар қайтарылмайды.
4.6. Бірлестіктен шығу Бірлестіктің Алқалы Кеңесінің қарауына ұсынылған жазбаша өтініштің негізінде ерікті түрде жүзеге асырылады.
4.7. Бірлестік мүшесі жарналарды төлеуді тоқтатса немесе оның қызметі Бірлестікке немесе оның мүшелеріне елеулі зиян келтірген жағдайда, Бірлестік Алқалы Кеңесінің қарапайым көпшілік дауысымен мүшелік тоқтатылуы мүмкін.
4.8. Бірлестік мүшесі құқықтары:
Бірлестіктің кез келген қызметіне қатысып ат салысуға;
Бірлестіктің басқарушы органдарын сайлауға, сайлануға және де оның өзіне Бірлестіктің басқарушы органымен берілген өкілеттер шектерінде танытуға;
Жалпы жиналыстың қарастыруына ұсыныстар мен жобалар тапсыруға;
Бірлестіктің қызметі жөнінде ақпарат алуға, осы Жарғымен белгіленген тәртіп бойынша Бірлестік қызметін тексеруге қатысуға;
Қажетті жағдайларда Бірлестіктің басқарушы органдарының кезектен тыс мәжілісін өткізуге.
4.9. Бірлестік мүшелерінің міндеттері:
Заңдылық принциптерін ұстануға;
Мүшелік жарналарды уақытында, әрі осы Жарғымен белгіленген тәртіп бойынша белгіленген мөлшерде және әдістермен төлеуге;
Бірлестікке қатысты өзіне алынған міндеттемелерді орындауға;
Бірлестік қызметіне осы Жарғымен белгіленген тәртіптер бойынша көмек көрсетуге;
Бірлестікке шығындар келтіруі мүмкін кез келген қызметтен бас тарутға;
5. Бірлестіктің басқару органдарының құрылу тәртібі мен құзыреттері
Жоғары басқарушы орган – Бірлестік мүшелерінің жалпы жиналысы.
Жеке дара атқарушы орган – Төраға.
Тексеруші орган – ревизиялық комиссия.
5.1. Жалпы жиналыс Бірлестікті басшылық етеді. Жалпы жиналыс Бірлестіктің барлық сұрақтарына шешім шығаруға құқылы жоғары басшылық органы. Жалпы жиналыс керек кезінде шақырылады, бірақ жылына бір реттен сирек емес өткізілуі тиіс. Кезектен тыс жиналысы, Төраға ұсынысымен кейінге қалдырылмайтын сұрақтар бойынша шақырылады.
1. Қоғамдық бірлестіктің жарғылық құжаттарын қабылдауға, қосымшаларды, өзгертулерді енгізуге;
2. Қоғамдық бірлестікті ерікті түрде қайта құру және жою;
3. Қоғамдық бірлестіктің басқару органдарының мүдделерін, ұйымдастыру құрылымын құрастыру тәртібін және мүдделерінің құқықтарын тоқтату;
4. Орындаушы органдардың есеп тапсыру тәртібін және мерзімін орнату, сонымен қатар тексеру органының тексеру тәртібін орнату және оның нәтижелерін бекіту;
5. Қоғамдық бірлестіктің басқа заңды тұлғаларға сонымен қатар саудаға қатысы жоқ ұйымдарға қатысуын сонымен қатар өзінің филиалдарымен өкілеттіктерін шешу.
5.2. Жалпы жиналыс отырыстары Бірлестіктің жалпы жиналыс мүшелерінің 2/3 аз емес болған жағдайда заңды болып табылады. Шешімдер Қатысқан Бірлестік мүшелерінің жалпы санының басым дауысымен қабылданады.
5.3. Бірлестік Төрағасы:
Бірлестіктің Төраға құрамы Жалпы жиналыспен мерзімсіз уақытқа сайланады.
5.4. Төраға мүддесі:
Бірлестіктің жобалары мен бағдарламаларының басымдығын белгілейді;
Жалпы жиналысқа шығаруға Бірлестіктің Жарғысына өзгертулермен қосымшалардың проектілерін дайындайды;
Егер жалпы жиналыста Бірлестіктің қызметін тоқтату шешімі шығарылса жою комиссиясын тағайындайды;
Бірлестік қайта құрылған жағдайда комиссияны тағайындайды;
Бірлестік қызметкерлерінің ақылары жөнінде тәртіпті, Бірлестіктің ішкі тәртіпті басқаратын басқа нормативті актілерді қабылдайды, еңбек коллективпен келісім шартқа отырады, қызметкерлердің ішкі жұмыс кестесін бекітеді;
Бірлестік қызметінің ағымдағы қаржылық сұрақтарын шешеді; жалпы жиналыс мүддесіне жатпайтын, бірлестіктің қызметінің ағымдағы сұрақтарын талқылайды;
Бірлестіктің қызметкерлерінің штаттағы санын бекітеді;
Бірлестіктің қаржылық қызметі жөнінде жыл сайынғы есеп жобасын дайындауға қатысады;
Бірлестік атынан сенімхатсыз қызметін атқарады, қайта сенім білдіру құқығы бар сенімхаттар береді;
Банкте есеп шоттар ашады;
Төраға Бірлестіктің Жалпы жиналысының шешімімен атқарып отырған қызметінен шеттетілуі мүмкін.
Ревизия комиссиясы:
Ревизия комиссиясы Бірлестіктің қаржы-шаруашылық қызметін қадағалайды, ол Бірлестіктің Жалпы жиналыс мүшелерімен бір жылға сайланады. Сонымен қатар егеменді ревизор қатыстырылуы мүмкін. Ревизияның мүшесі Басқарма мүшесі болмауы тиіс, сонымен қатар Бірлестіктегі штаттық қызметті атқармайтын болуы тиіс.
5.5. Ревизия комиссиясы мүшелерінің мүдделері:
Бірлестіктің және оның органдарының қаржылық-шаруашылық ревизияларын өткізеді;
Бірлестіктің мақсатты қоры және басқа да қаржыларының дұрыс бөлінуі мен жаратылуын қадағалайды.
Ревизиялар керек кездерде өткізіледі, бірақ олар жылына бір реттен кем емес өткізіліп, акті болып рәсімделеді. Тексеру қортындылары Бірлестіктің Жалпы жиналыс мүшелерінің отырыстарында талқыланады. Ревизия комиссиясының мүшесі өз жұмысына жалпы жиналысқа бағынады, керек кездерде жиналысты кезектен тыс шақырылуын талап етеді.
6. Бірлестіктің меншігі
6.1. Бірлестік қолданыстағы заңдарға сәйкес жеке меншігінде ғимараттар, жер телімдерін, жабдықтар, түрлі мүлік ақша, соның ішінде валюта, акцияларға басқа да бағалы заттарға Бірлестіктің міндеттері мен мақсаттарын материалды қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да мүлікке ие бола алады.
6.2. Бірлестікке мүшесімен тапсырылған мүлік Бірлестіктің жеке меншігі болып табылады. Бірлестік мүшелерінің Бірлестік мүлкіне құқығы жоқ.
6.3. Бірлестіктің мүлкін қалыптастыру көздері заңды актілерге сәйкес ақшалай және басқа да түрде бола алады:
Мүшелерінен түскен табыстар;
Практикалық ғылыми жобалар мен бағдарларды орындауға жұмсалған физикалық және әділеттік адамдардың қаржылары;
Мекемелердің, ұйымдардың және Бірлестіктің кәсіпорындарының клиникалық, ғылыми зерттеулік, ғылыми-өндірістік, ғылыми-оқу, баспасөз және тағы басқа қызметтерінен түскен табыс;
Халықаралық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, коммерциялық кәсіпорындармен әділеттік және басқа да азаматтардан екі жақты және көпжақты негізінде жасалынған шарттардан белгіленген тәртіп бойынша алынатын қаржылар;
Мақсатты жарналар;
Банктердің несие қаржылары және қоғамның есеп қисабына аударылатын проценттер;
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен тыйым салынбаған өзге түсімдер.
6.4. Бірлестіктің мүшелері, демеушілері және игілікті іске бағалы жәрдем берушілері өз жарналарын, төмендегі түрлерде жүзеге асыра алады:
Ақша (теңге және шетелдік валютада қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз);
Түрлі мүліктің түрлері;
Өзге мүліктік қатынастар.
6.5. Бірлестіктің ақшалары оның мүшелері арасында үлестірілмейді, тек қана Жарғы мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін пайдаланылады.
6.6. Филиал немесе өкілдікке Бірлестіктің мүлкі беріледі, сонымен қатар ол сол мүлікті өз еркімен қолданады, бірақ басқаруға құқықсыз. Филиал мен өкілдік мүлігі жеке баланста және Бірлестік баланысында есепке алынады.
7. Бірлестіктің есепке алуы мен есеп беруі.
7.1. Бірлестіктің жалпы қаржылық есепке алуымен есеп беруі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
7.2. Бірлестік қызметінің қаржылық нәтижелері жылдық қаржылық есеп беру негізінде белгіленеді. Бірлестік қаржылық есепті әр жылға жасайды кіріс пен шығысты теңгемен көрсетеді.
7.3. Бірлестіктің қаржылық жылы күнтізбелік жылмен сәйкес келеді.
8. Бірлестіктің қызметкерлері.
8.1. Бірлестікте жалданып жұмыс істейтін қызметкерлермен еңбек қатынасы өкіметтің шешімдерімен белгіленген ерекшеліктер есепке алына отырып Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңы негізінде қаралады.
8.2. Бірлестік қызметкерлері Төрағаның қабылдауымен жалданып жұмыс істейтін қызметкерлерден тұрады.
8.3. Еңбекті ұйымдастыру құрылымы, сапалық дәрежесі, түрі, жәрдемақының төленуі, жұмыс уақыты еңбек қызметкерлеріне қатысты өзге мәселелер қолданылып жүрген заңға сәйкес белгіленеді, әлеуметтік және зейнетақы сақтандырулары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының өкіметімен белгіленетін өзге қорлардың төлемдері де қолданылып жүрген заңға сәйкес төленеді.
9. Бірлестіктің жарғысына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі.
9.1. Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізу Конференцияның ерекше құзыретіне жатады.
9.2. Жарғыға өзгерту мен толықтыру бойынша ұсыныс енгізуге Бірлестіктің кез келген мүшесі құқылы. Ұсыныс Бірлестіктің Төрағасына жазбаша түрде бағытталады.
Түскен ұсыныстарды Бірлестік Төрағасы қолдаған жағдайда, олар бірлестік мүшелері арасында талқылау үшін жіберіледі. Мұндай талқыға салуды Төраға ұйымдастыру тиіс. Төраға Бірлестіктің Конференциясын шақырады және оның күн тәртібіне, Жарғыға толықтыру мен өзгерту енгізу туралы мәселені ұсынады. Осы мәселе бойынша Бірлестіктің Конференциясының шешеімдері Бірлестік Конференциясына қатысушылардың 1/2 дауысымен қабылданадаы.
9.3. Өзгерістер мен толықтырулар егер оларға Бірлестіктің мүшелеренің Конференциясына қатысушылардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыс беру нысанын Конференция белгілейді. Өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тіркелуге жатады және осы тіркеуден өткеннен кейін заңды күшіне енеді.
10. Дауларды шешу.
10.1. Заңды және жеке тұлғалармен Бірлестіктің істері бойынша болған барлық даулар екі дауласушы тараптар келіскен болса, Жалпы жиналысының, болмаса дауласушы тараптар үшін ақырғы және міндетті болып табылатын сот шешімімен шешіледі.
11. Бірлестіктің қызметін тоқтату мен оның алған мүлігін пайдалану.
11.1. Бірлестіктің қызметі оның жоғары органы Конференция шешімі бойынша қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен немесе заңмен ескерілген жағдайларда сот шешімі бойынша тоқтатыла алады.
11.2. Қайта ұйымдастыру заңмен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
11.3. Бірлестіктің мүлігі мен ақшалары туралы мәселелерді шешу үшін Жалпы жиналысты қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған жағдайда тегерімдік ал тарату жағдайында тарату комиссияларын тағайындайды.
11.4. Несиегерлердің талаптарын қанағаттандырып болғаннан кейін, қалған Бірлестіктің мүлігі Бірлестіктің жарғылы мақсаттарына бағытталады.
11.5. Бірлестік таратылуы аяқталды, ал бірлестік өз қызметін тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер Бинзен-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттыұ тізіліміне енгізілгеннен кейін есептеледі.
12. Қорытынды ережелер
12.1. Осы жарғының ережелерінің біреуі жарамсыз болып табылса, бұл басқа ережелерге әсер етпейді. Жарамсыз ереже құқықты қатынаста қолданыла алатын немесе мағынасы бойынша жалпы ережемен ауыстырылады.
13. Күшіне енуі.
13.1. Осы Бірлестік Жарғысы заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заң күшіне енеді.
Бірлестік Төрағасы
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=102811821027851&id=100038970995021