Халықаралық жағдай және туыстарға арыздану
Қазіргі халықаралық жағдай Қытай коммунистік фашист билігі жөнінен ең ауыр айлар болып есептелінеді. Америка және батыс елдерінің Қытайға және Қытайдың компанияларына салған санкциялары мен шығарған заңдары туыстарын жоқтаған біз үшін аса қолайлы тарихи сәт болып саналады.
Айта кетер маңызды хабарлар:
1. Америка Қытайға 25% бажы-салық көтерді, енді қалған Қытайдың тауарларына да бажы-салық көтеру күн тәртіпке кіргізілуде. Осы себепты Қытайдың көптеген зауыттары жабылып, шетел кәсіпкерлері зауыттарын басқа елдерге жөткей бастады, сол себепті Қытайда неше миллиондаған адамдар жұмыссыз қалуда.
2. Америка және батыс елдері Хуа уей компаниясы және мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіреді деген барлық Қытай компанияларымен байланыстарын үзу туралы заң қабылдады, сол себепті шетел компаниялары Хуа уей және Қытайдың басқа да компанияларымен байланысты үзуде, соның ішінде Хуа уеймен Гоголдың байлынсты бір жақты тоқтатуы, Хуа уей үшін ауыр соққы болды. Іле-шала батыстың чип жасайтын компаниялары да Қытай компанияларымен байланысты үзді.
3. Америка және батыс елдері өз елдеріндегі Қытай тыңшыларды ұстап, қамады, әрі Қытай студенттердің визасын шектеді.
4. Қытайда шошқа обасы, жынды көбелек апаты, қуаңшылық және жер-жерде өрт апаттары үздіксіз жүз беруде.
5. Қытай юаны құнсыздануда.
6. Қазір Америка үкіметінде «Ұйғыр құқығы» заңы қабылдану алдында тұр, осы заң арқылы жәбір көрген Ұйғыр, Қазақ, Қырғыз қатарлы ұлттардың құқығы қорғалады.
Америка мен батыс елдерінің Қытайға қойған талабы ол ашық теңдік сауда байланысы, және құрылым жүйесін өзгерту. Сондықтан Қытай үкіметі бұған қарсылық білдіруде. Сол себепті де Қытайға ең ауыр соққы болып тиюде.
Сондықтан, біз қарапайым туысын жоқтаушы жанашыр жандар енді үнсіз қалмауымыз керек, сөзсіз үнімізді қайта тірілтуіміз керек, әрі қатысты ұйымдарға қайта барып архивтерге тіркелуіміз керек.
Архивтестіргеннің қандай пайдасы бар?
Кейбір кісілер ойлайды, тек Қазақстанға оралса болды деп, бірақ оралғанан кейінгі денсаулығы мәселесі, рухани азабы мәселесі бәрін төлем ретінде құндауға өз құқығымыз бар. Қазіргі Германия үкіметі конц.лагерден шыққан еврейлерге қазіргі күнге дейін өтемақыларын төлеуде. Мейлі Қытай үкіметі демократиялы ел болып кетсін, мейлі коммунист болып қала берсін, мейлі Шығыс Түркстан тәуелсіз болып кетсін, біз Қытай (Бейжиң) үкіметінен заңды түрде құқықтарымызды талап ете аламыз. Сол себепті архивтестірген болашақтағы төлем жұмыстарына, дәлел ретінде керек.
Қазіргі жинақтаған жұмыстарымыз өте аз, 1% ғана, сол себепті біз барлық көршілерімізді, туыстарымызды аттанысқа келтіріп барлық қиналған (Паспорты тартып алынып, үйқамақта қалғандар да) адамдардың барлығының құқығын қорғауымыз керек. Сіз егер қорықсаңыз жасырын берсеңіз де болады, тек тоқтап қалмаңыздар.
Сосын кісілік қорғау жұмысында бір қате көзқарас бар. Ол мен арыздандым дереу нәтижесі болу керек деген, және мен шетел тілшілеріне айттым, енді олар мен үшін арызданады деген. Бұл қате ұғым, арыздану, сұқбат беру ол тек кісілік құқық қорғау жұмысының бастамасы ғана, сіз қасыңыздағы туыстары қайтып келгендерден сұрап көріңіз қайсы бірі үйінде ешқайғы жоқ үндемей отырып туысын шақыртыпты, бәрі тоқтамай арызданды, сіз де тоқтамай арыздануыңыз керек, бәлкім бір ай, бәлкім бір жыл, бәлкім он жыл, туысыңыз қайтып келгеннен кейін де оның денсаулығы, оның үйі, жері, отбасысы туралы арыздануға болады. Сізде ешқандай қылмыс жоқ, сіздің арыздану құқығыңыз бар, арызданыңыз, бәлкім бір өмір, бірақ әсте тоқтамаңыз...
Анкета толтыруға керек ақпараттар:
Туысы конц.лагердегі арызданушының дайындауға тиісті ақпараттары:
1. Арызданушының мәліметі: аты-жөні, жеке куәлігі(паспорты, ықтияр хаты), байланыс амалдары(телефоны, E-майл, We chat, QQ, почта индекс), мекен-жай адресі, арызданушының жәбірленушімен қатынасы, 3.5*4.5 фото және электронды нұсқасы.
2. Жәбірленушінің мәліметі: аты-жөні, жеке куәлігі(паспорты, ықтияр хаты), байланыс амалдары(телефоны, E-майл, We chat, QQ, почта индекс), мекен-жай адресі, жәбірленушінің арызданушымен қатынасы, қазіргі оқу/жұмыс орыны, маманды, жоғары білім алған жері, 3.5*4.5 фото және электронды нұсқасы.
3. Ауыл(аудан, қала) үкімет адамдарының (әкім, жергілікті сақшы мекемесі бастығы, қоғам қауіпсіздік мекемесі бастығы, қатысты адамдар) аты-жөні және байланыс телефондары.
4. Жәбірленушінің Қытайға ең соңғы барған уақыты, тұтқындалған күні, жері, тұтқындалу себебі, кім тұтқындады, конц.лагердің адресі, координаты, лагерде отырған мерзімі.
5. Конц.лагерден босатылған уақыты, айлығы мен зейнетақысы тоқтатылдыма? Қашаннан бастап тоқтатылды? Лагердегі тамақ ақы мен жатын ақысын кім төледі, ай сайын қанша төледі? Уколь салындыма? Дәрі қабылдады ма?
6. Лагерден босатылғаннан кейін Үй қамақтама? Құлдық зауыттама? Еркіндіктема? Лагерден босатылған соң қайда жатып тұрады? Туыс, достарымен кезіктірдіма? Қанша уақытта бір кезіктіреді? Қамалу кезінде медициналық көмек ала алдыма? Қандай медициналық көмек берілді? Лагерден шыққан адамның денсаулық жағдайы? Азаптау фактлері болдыма? Қандай амалдармен азаптады?
7. Конц.лагерде тұтқындалушының отбасылық мәліметтері, тіке туыстары (әке-шешесі, жары, балалары)және олармен қатынасы, туған жері, қазіргі азаматтығы, туған жылы, қазіргі мекен жайы.
Туысы үй қамақтағы арызданушының дайындауға тиісті ақпараттары:
1. Арызданушының мәліметі: аты-жөні, жеке куәлігі(паспорты, ықтияр хаты), байланыс амалдары(телефоны, E-майл, We chat, QQ, почта индекс), мекен-жай адресі, арызданушының жәбірленушімен қатынасы, 3.5*4.5 фото және электронды нұсқасы.
2. Жәбірленушінің мәліметі: аты-жөні, жеке куәлігі(паспорты, ықтияр хаты), байланыс амалдары(телефоны, E-майл, We chat, QQ, почта индекс), мекен-жай адресі, жәбірленушінің арызданушымен қатынасы, қазіргі оқу/жұмыс орыны, маманды, жоғары білім алған жері, 3.5*4.5 фото және электронды нұсқасы.
3. Ауыл(аудан, қала) үкімет адамдарының (әкім, жергілікті сақшы мекемесі бастығы, қоғам қауіпсіздік мекемесі бастығы, қатысты адамдар) аты-жөні және байланыс телефондары.
4. Жәбірленушінің Қытайға ең соңғы барған уақыты, паспортын жинап алған уақыты, үй қамақтағы мекен-жайы, паспортты не себеппен жинап алды? Паспортын кім жинап алды? Үй қамақтың адресі және координаты.
5. Паспортын алуға бардыма? Оған үкімет орындары қандай жауап берді? Жергілікті әкімшілік паспорт жасатуға рұқсат етеме? Үй қамақтағы кезде үйде аңдушы(әкім, кадр, сақшы, т.б.) болама? Қанша адам және қанша уақыт болады? Үкімет адамдары Қазақстандағы туыстары жайлы үй қамақтағы кісіден қандай сұрақтар сұрайды? Үй қамақтағы туысыңмен қандай байланыс амалы арқылы хабар аласыз?
6. Қытай үкіметінен конц.лагерге кіргіземіз деген қорқыту болдыма? Егер болса не себепті қорқытты? Тұрмыста саяси үйрену жиындарына қатысама? Қандай саяси жиындарға қатысады? Егер қатыспаса не болады? Туыс, достарымен кезіге алама? Басқа жаққа бару үшін рұқсат сұрайма? Рұқсатты кім береді?
7. Денсаулық жағдайы қандай? Медициналық көмек ала алдыма? Қандай медициналық көмек берілді? Айлығы, зейнетақысы тоқтатылдыма? Қашаннан бастап тоқтатылды? Уколь салындыма? Дәрі қабылдады ма? Азаптау фактлері болдыма? Қандай амалдармен азаптады?
8. Үй қамақтағы кісінің отбасылық мәліметтері, тіке туыстары (әке-шешесі, жары, балалары)және олармен қатынасы, туған жері, қазіргі азаматтығы, туған жылы, қазіргі мекен жайы.
Туысы сотталғандардың арызданушының дайындауға тиісті ақпараттары:
1. Арызданушының мәліметі: аты-жөні, жеке куәлігі(паспорты, ықтияр хаты), байланыс амалдары(телефоны, E-майл, We chat, QQ, почта индекс), мекен-жай адресі, арызданушының жәбірленушімен қатынасы, 3.5*4.5 фото және электронды нұсқасы.
2. Жәбірленушінің мәліметі: аты-жөні, жеке куәлігі(паспорты, ықтияр хаты), байланыс амалдары(телефоны, E-майл, We chat, QQ, почта индекс), мекен-жай адресі, жәбірленушінің арызданушымен қатынасы, қазіргі оқу/жұмыс орыны, маманды, жоғары білім алған жері, 3.5*4.5 фото және электронды нұсқасы.
3. Ауыл(аудан, қала) үкімет адамдарының (әкім, жергілікті сақшы мекемесі бастығы, қоғам қауіпсіздік мекемесі бастығы, қатысты адамдар) аты-жөні және байланыс телефондары.
4. Жәбірленушінің Қытайға ең соңғы барған уақыты, тұтқындалған күні, жері, тұтқындалу себебі, кім тұтқындады, түрменің адресі, координаты, түрмеде отырған мерзімі.
5. Сотталдыма? Қанша жылға сотталды? Не себеппен? Сіз түрмедегі туысыңызбен қандай байланыс амалы арқылы хабар аласыз? Айлығы, зейнетақысы тоқтатылдыма қашаннан бастап тоқтатылды? Түрмедегі тамақ ақы мен жатын ақысын кім төледі, ай сайын қанша төледі? Заңгер, туыс, достарымен кезіктірема? Егер кезіктірсе, қанша уақытта бір кезіктіреді?
6. Түрмеде медициналық көмек ала алдыма? Қандай медицинялық көмек берілді? Бұрынғы ауруы, қазіргі денсаулық жағдайы, уколь салындыма? Дәрі қабылдады ма? Азаптау фактлері болдыма? Қандай амалдармен азаптады?
7. Конц.лагерде тұтқындалушының отбасылық мәліметтері, тіке туыстары (әке-шешесі, жары, балалары)және олармен қатынасы, туған жері, қазіргі азаматтығы, туған жылы, қазіргі мекен жайы.
Туысы қайтыс болғандардың арызданушының дайындауға тиісті ақпараттары:
1. Арызданушының мәліметі: аты-жөні, жеке куәлігі(паспорты, ықтияр хаты), байланыс амалдары(телефоны, E-майл, We chat, QQ, почта индекс), мекен-жай адресі, арызданушының жәбірленушімен қатынасы, 3.5*4.5 фото және электронды нұсқасы.
2. Жәбірленушінің мәліметі: аты-жөні, жеке куәлігі(паспорты, ықтияр хаты), байланыс амалдары(телефоны, E-майл, We chat, QQ, почта индекс), мекен-жай адресі, жәбірленушінің арызданушымен қатынасы, қазіргі оқу/жұмыс орыны, маманды, жоғары білім алған жері, 3.5*4.5 фото және электронды нұсқасы.
3. Ауыл(аудан, қала) үкімет адамдарының (әкім, жергілікті сақшы мекемесі бастығы, қоғам қауіпсіздік мекемесі бастығы, қатысты адамдар) аты-жөні және байланыс телефондары.
4. Жәбірленушінің Қытайға ең соңғы барған уақыты, тұтқындалған күні, жері, тұтқындалу себебі, кім тұтқындады, конц.лагердің адресі, координаты, лагерде отырған мерзімі.
5. Тергелген жері, тірі кезінде лагерде тұтқында отырған жері, уколь салындыма? Дәрі қабылдады ма?
6. Не себеппен, қашан, қай жерде қайтыс болды? Қайтыс болғаннан кейін мәйітті қандай тәсілмен жерледі? Мәйіттің денесінде соққыдан қалған жарақат іздері барма? Мәйіттің денесінде ағзаларын алу мақсатында ота жасалған белгілер барма?
7. Қамалу кезінде медициналық көмек ала алдыма? Қандай медициналық көмек берілді? Азаптау фактлері болдыма? Қандай амалдармен азаптады? Өлген адам өз ұлтының дәстүрімен жерлендіма? Қамалушы өлген жағдайда қандай мәміледе болды? Қабірге бес жылға дейін зиярат етуге болама?
8. Қайтыс болушының отбасылық мәліметтері, тіке туыстары (әке-шешесі, жары, балалары)және олармен қатынасы, туған жері, қазіргі азаматтығы, туған жылы, қазіргі мекен жайы.
Туысы құлдық зауытқа мәжбүрлі жегілгендерге арызданушының дайындауға тиісті ақпараттары:
1. Арызданушының мәліметі: аты-жөні, жеке куәлігі(паспорты, ықтияр хаты), байланыс амалдары(телефоны, E-майл, We chat, QQ, почта индекс), мекен-жай адресі, арызданушының жәбірленушімен қатынасы, 3.5*4.5 фото және электронды нұсқасы.
2. Жәбірленушінің мәліметі: аты-жөні, жеке куәлігі(паспорты, ықтияр хаты), байланыс амалдары(телефоны, E-майл, We chat, QQ, почта индекс), мекен-жай адресі, жәбірленушінің арызданушымен қатынасы, қазіргі оқу/жұмыс орыны, маманды, жоғары білім алған жері, 3.5*4.5 фото және электронды нұсқасы.
3. Ауыл(аудан, қала) үкімет адамдарының (әкім, жергілікті сақшы мекемесі бастығы, қоғам қауіпсіздік мекемесі бастығы, қатысты адамдар) аты-жөні және байланыс телефондары.
4. Жәбірленушінің Қытайға ең соңғы барған уақыты, тұтқындалған күні, жері, тұтқындалу себебі, кім тұтқындады, конц.лагердің адресі, координаты, лагерде отырған мерзімі.
5. Қазіргі тұтқында отырған жері, айлығы, зейнетақысы тоқтатылдыма? Қашаннан бастап тоқтатылды? Түрмедегі тамақ ақы мен жатын ақысын кім төледі? Ай сайын қанша төледі? Уколь салындыма? Дәрі қабылдады ма?
6. Конц.лагерден босатылғаннан кейінгі жағдайы, конц.лагерден босатылған соң қайда жатып тұрады? Құлдық заводтың түрі(ішкі қытайдағы құлдық завод, конц.лагердегі завод, ауыл, аудандағы завод, т.б.)
7. Жалақысы, заводтың аты және адресі, заводта не өндіреді? Қамалушы қандай жұмыс атқарады? Тәулігіне қанша сағат жұмыс жасайды? Заводта саяси сабақта өте ме? Заводта жәбір көру жағдайлары бар ма?
8. Заңгер, туыс, достарымен кезіктірдіма? Егер кезіктірсе, қанша уақытта бір кезіктіреді? Қамалу кезінде медициналық көмек ала алдыма? Қандай медициналық көмек берілді? Конц.лагерден шыққан адамның денсаулық жағдайы, азаптау фактлері болдыма? Қандай амалдармен азапталды?
9. Тұтқындалушының отбасылық мәліметтері, тіке туыстары (әке-шешесі, жары, балалары)және олармен қатынасы, туған жері, қазіргі азаматтығы, туған жылы, қазіргі мекен жайы.
حالىقارالىق جاعداي جانە تۋىستارعا ارىزدانۋ
قازىرگى حالىقارالىق جاعداي قىتاي كوممۋنيستىك فاشيست بيلىگى جونىنەن ەڭ اۋىر ايلار بولىپ ەسەپتەلىنەدى. امەريكا جانە باتىس ەلدەرىنىڭ قىتايعا جانە قىتايدىڭ كومپانييالارىنا سالعان سانكتسييالارى مەن شىعارعان زاڭدارى تۋىستارىن جوقتاعان ءبىز ءۇشىن اسا قولايلى تاريحي ءسات بولىپ سانالادى.
ايتا كەتەر ماڭىزدى حابارلار:
1. امەريكا قىتايعا 25% باجى-سالىق كوتەردى، ەندى قالعان قىتايدىڭ تاۋارلارىنا دا باجى-سالىق كوتەرۋ كۇن تارتىپكە كىرگىزىلۋدە. وسى سەبەپتى قىتايدىڭ كوپتەگەن زاۋىتتارى جابىلىپ، شەتەل كاسىپكەرلەرى زاۋىتتارىن باسقا ەلدەرگە جوتكەي باستادى، سول سەبەپتى قىتايدا نەشە ميلليونداعان ادامدار جۇمىسسىز قالۋدا.
2. امەريكا جانە باتىس ەلدەرى حۋا ۋەي كومپانيياسى جانە مەملەكەتتىڭ قاۋىپسىزدىگىنە قاتەر توندىرەدى دەگەن بارلىق قىتاي كومپانييالارىمەن بايلانىستارىن ءۇزۋ تۋرالى زاڭ قابىلدادى، سول سەبەپتى شەتەل كومپانييالارى حۋا ۋەي جانە قىتايدىڭ باسقا دا كومپانييالارىمەن بايلانىستى ۇزۋدە، سونىڭ ىشىندە حۋا ۋەيمەن گوگولدىڭ بايلىنستى ءبىر جاقتى توقتاتۋى، حۋا ۋەي ءۇشىن اۋىر سوققى بولدى. ىلە-شالا باتىستىڭ چيپ جاسايتىن كومپانييالارى دا قىتاي كومپانييالارىمەن بايلانىستى ءۇزدى.
3. امەريكا جانە باتىس ەلدەرى ءوز ەلدەرىندەگى قىتاي تىڭشىلاردى ۇستاپ، قامادى، ءارى قىتاي ستۋدەنتتەردىڭ ۆيزاسىن شەكتەدى.
4. قىتايدا شوشقا وباسى، جىندى كوبەلەك اپاتى، قۋاڭشىلىق جانە جەر-جەردە ءورت اپاتتارى ۇزدىكسىز ءجۇز بەرۋدە.
5. قىتاي يۋانى قۇنسىزدانۋدا.
6. قازىر امەريكا ۇكىمەتىندە «ۇيعىر قۇقىعى» زاڭى قابىلدانۋ الدىندا تۇر، وسى زاڭ ارقىلى ءجابىر كورگەن ۇيعىر، قازاق، قىرعىز قاتارلى ۇلتتاردىڭ قۇقىعى قورعالادى.
امەريكا مەن باتىس ەلدەرىنىڭ قىتايعا قويعان تالابى ول اشىق تەڭدىك ساۋدا بايلانىسى، جانە قۇرىلىم جۇيەسىن وزگەرتۋ. سوندىقتان قىتاي ۇكىمەتى بۇعان قارسىلىق بىلدىرۋدە. سول سەبەپتى دە قىتايعا ەڭ اۋىر سوققى بولىپ تييۋدە.
سوندىقتان، ءبىز قاراپايىم تۋىسىن جوقتاۋشى جاناشىر جاندار ەندى ءۇنسىز قالماۋىمىز كەرەك، ءسوزسىز ءۇنىمىزدى قايتا ءتىرىلتۋىمىز كەرەك، ءارى قاتىستى ۇيىمدارعا قايتا بارىپ ارحيۆتەرگە تىركەلۋىمىز كەرەك.
ارحيۆتەستىرگەننىڭ قانداي پايداسى بار؟
كەيبىر كىسىلەر ويلايدى، تەك قازاقستانعا ورالسا بولدى دەپ، بىراق ورالعانان كەيىنگى دەنساۋلىعى ماسەلەسى، رۋحاني ازابى ماسەلەسى ءبارىن تولەم رەتىندە قۇنداۋعا ءوز قۇقىعىمىز بار. قازىرگى گەرمانييا ۇكىمەتى كونتس.لاگەردەن شىققان ەۆرەيلەرگە قازىرگى كۇنگە دەيىن وتەماقىلارىن تولەۋدە. مەيلى قىتاي ۇكىمەتى دەموكراتييالى ەل بولىپ كەتسىن، مەيلى كوممۋنيست بولىپ قالا بەرسىن، مەيلى شىعىس تۇركستان تاۋەلسىز بولىپ كەتسىن، ءبىز قىتاي (بەيجيڭ) ۇكىمەتىنەن زاڭدى تۇردە قۇقىقتارىمىزدى تالاپ ەتە الامىز. سول سەبەپتى ارحيۆتەستىرگەن بولاشاقتاعى تولەم جۇمىستارىنا، دالەل رەتىندە كەرەك.
قازىرگى جيناقتاعان جۇمىستارىمىز وتە از، 1% عانا، سول سەبەپتى ءبىز بارلىق كورشىلەرىمىزدى، تۋىستارىمىزدى اتتانىسقا كەلتىرىپ بارلىق قينالعان (پاسپورتى تارتىپ الىنىپ، ۇيقاماقتا قالعاندار دا) ادامداردىڭ بارلىعىنىڭ قۇقىعىن قورعاۋىمىز كەرەك. ءسىز ەگەر قورىقساڭىز جاسىرىن بەرسەڭىز دە بولادى، تەك توقتاپ قالماڭىزدار.
سوسىن كىسىلىك قورعاۋ جۇمىسىندا ءبىر قاتە كوزقاراس بار. ول مەن ارىزداندىم دەرەۋ ناتيجەسى بولۋ كەرەك دەگەن، جانە مەن شەتەل تىلشىلەرىنە ايتتىم، ەندى ولار مەن ءۇشىن ارىزدانادى دەگەن. بۇل قاتە ۇعىم، ارىزدانۋ، سۇقبات بەرۋ ول تەك كىسىلىك قۇقىق قورعاۋ جۇمىسىنىڭ باستاماسى عانا، ءسىز قاسىڭىزداعى تۋىستارى قايتىپ كەلگەندەردەن سۇراپ كورىڭىز قايسى ءبىرى ۇيىندە ەشقايعى جوق ۇندەمەي وتىرىپ تۋىسىن شاقىرتىپتى، ءبارى توقتاماي ارىزداندى، ءسىز دە توقتاماي ارىزدانۋىڭىز كەرەك، بالكىم ءبىر اي، بالكىم ءبىر جىل، بالكىم ون جىل، تۋىسىڭىز قايتىپ كەلگەننەن كەيىن دە ونىڭ دەنساۋلىعى، ونىڭ ءۇيى، جەرى، وتباسىسى تۋرالى ارىزدانۋعا بولادى. سىزدە ەشقانداي قىلمىس جوق، ءسىزدىڭ ارىزدانۋ قۇقىعىڭىز بار، ارىزدانىڭىز، بالكىم ءبىر ءومىر، بىراق استە توقتاماڭىز...
انكەتا تولتىرۋعا كەرەك اقپاراتتار:
تۋىسى كونتس.لاگەردەگى ارىزدانۋشىنىڭ دايىنداۋعا ءتيىستى اقپاراتتارى:
1. ارىزدانۋشىنىڭ مالىمەتى: اتى-ءجونى، جەكە كۋالىگى(پاسپورتى، ىقتييار حاتى)، بايلانىس امالدارى(تەلەفونى، e-مايل، we chat، qq، پوچتا يندەكس)، مەكەن-جاي ادرەسى، ارىزدانۋشىنىڭ جابىرلەنۋشىمەن قاتىناسى، 3.5*4.5 فوتو جانە ەلەكتروندى نۇسقاسى.
2. جابىرلەنۋشىنىڭ مالىمەتى: اتى-ءجونى، جەكە كۋالىگى(پاسپورتى، ىقتييار حاتى)، بايلانىس امالدارى(تەلەفونى، e-مايل، we chat، qq، پوچتا يندەكس)، مەكەن-جاي ادرەسى، جابىرلەنۋشىنىڭ ارىزدانۋشىمەن قاتىناسى، قازىرگى وقۋ/جۇمىس ورىنى، ماماندى، جوعارى ءبىلىم العان جەرى، 3.5*4.5 فوتو جانە ەلەكتروندى نۇسقاسى.
3. اۋىل(اۋدان، قالا) ۇكىمەت ادامدارىنىڭ (اكىم، جەرگىلىكتى ساقشى مەكەمەسى باستىعى، قوعام قاۋىپسىزدىك مەكەمەسى باستىعى، قاتىستى ادامدار) اتى-ءجونى جانە بايلانىس تەلەفوندارى.
4. جابىرلەنۋشىنىڭ قىتايعا ەڭ سوڭعى بارعان ۋاقىتى، تۇتقىندالعان كۇنى، جەرى، تۇتقىندالۋ سەبەبى، كىم تۇتقىندادى، كونتس.لاگەردىڭ ادرەسى، كوورديناتى، لاگەردە وتىرعان مەرزىمى.
5. كونتس.لاگەردەن بوساتىلعان ۋاقىتى، ايلىعى مەن زەينەتاقىسى توقتاتىلدىما؟ قاشاننان باستاپ توقتاتىلدى؟ لاگەردەگى تاماق اقى مەن جاتىن اقىسىن كىم تولەدى، اي سايىن قانشا تولەدى؟ ۋكول سالىندىما؟ ءدارى قابىلدادى ما؟
6. لاگەردەن بوساتىلعاننان كەيىن ءۇي قاماقتاما؟ قۇلدىق زاۋىتتاما؟ ەركىندىكتەما؟ لاگەردەن بوساتىلعان سوڭ قايدا جاتىپ تۇرادى؟ تۋىس، دوستارىمەن كەزىكتىردىما؟ قانشا ۋاقىتتا ءبىر كەزىكتىرەدى؟ قامالۋ كەزىندە مەديتسينالىق كومەك الا الدىما؟ قانداي مەديتسينالىق كومەك بەرىلدى؟ لاگەردەن شىققان ادامنىڭ دەنساۋلىق جاعدايى؟ ازاپتاۋ فاكتلەرى بولدىما؟ قانداي امالدارمەن ازاپتادى؟
7. كونتس.لاگەردە تۇتقىندالۋشىنىڭ وتباسىلىق مالىمەتتەرى، تىكە تۋىستارى (اكە-شەشەسى، جارى، بالالارى)جانە ولارمەن قاتىناسى، تۋعان جەرى، قازىرگى ازاماتتىعى، تۋعان جىلى، قازىرگى مەكەن جايى.
تۋىسى ءۇي قاماقتاعى ارىزدانۋشىنىڭ دايىنداۋعا ءتيىستى اقپاراتتارى:
1. ارىزدانۋشىنىڭ مالىمەتى: اتى-ءجونى، جەكە كۋالىگى(پاسپورتى، ىقتييار حاتى)، بايلانىس امالدارى(تەلەفونى، e-مايل، we chat، qq، پوچتا يندەكس)، مەكەن-جاي ادرەسى، ارىزدانۋشىنىڭ جابىرلەنۋشىمەن قاتىناسى، 3.5*4.5 فوتو جانە ەلەكتروندى نۇسقاسى.
2. جابىرلەنۋشىنىڭ مالىمەتى: اتى-ءجونى، جەكە كۋالىگى(پاسپورتى، ىقتييار حاتى)، بايلانىس امالدارى(تەلەفونى، e-مايل، we chat، qq، پوچتا يندەكس)، مەكەن-جاي ادرەسى، جابىرلەنۋشىنىڭ ارىزدانۋشىمەن قاتىناسى، قازىرگى وقۋ/جۇمىس ورىنى، ماماندى، جوعارى ءبىلىم العان جەرى، 3.5*4.5 فوتو جانە ەلەكتروندى نۇسقاسى.
3. اۋىل(اۋدان، قالا) ۇكىمەت ادامدارىنىڭ (اكىم، جەرگىلىكتى ساقشى مەكەمەسى باستىعى، قوعام قاۋىپسىزدىك مەكەمەسى باستىعى، قاتىستى ادامدار) اتى-ءجونى جانە بايلانىس تەلەفوندارى.
4. جابىرلەنۋشىنىڭ قىتايعا ەڭ سوڭعى بارعان ۋاقىتى، پاسپورتىن جيناپ العان ۋاقىتى، ءۇي قاماقتاعى مەكەن-جايى، پاسپورتتى نە سەبەپپەن جيناپ الدى؟ پاسپورتىن كىم جيناپ الدى؟ ءۇي قاماقتىڭ ادرەسى جانە كوورديناتى.
5. پاسپورتىن الۋعا باردىما؟ وعان ۇكىمەت ورىندارى قانداي جاۋاپ بەردى؟ جەرگىلىكتى اكىمشىلىك پاسپورت جاساتۋعا رۇقسات ەتەمە؟ ءۇي قاماقتاعى كەزدە ۇيدە اڭدۋشى(اكىم، كادر، ساقشى، ت.ب.) بولاما؟ قانشا ادام جانە قانشا ۋاقىت بولادى؟ ۇكىمەت ادامدارى قازاقستانداعى تۋىستارى جايلى ءۇي قاماقتاعى كىسىدەن قانداي سۇراقتار سۇرايدى؟ ءۇي قاماقتاعى تۋىسىڭمەن قانداي بايلانىس امالى ارقىلى حابار الاسىز؟
6. قىتاي ۇكىمەتىنەن كونتس.لاگەرگە كىرگىزەمىز دەگەن قورقىتۋ بولدىما؟ ەگەر بولسا نە سەبەپتى قورقىتتى؟ تۇرمىستا ساياسي ۇيرەنۋ جيىندارىنا قاتىساما؟ قانداي ساياسي جيىندارعا قاتىسادى؟ ەگەر قاتىسپاسا نە بولادى؟ تۋىس، دوستارىمەن كەزىگە الاما؟ باسقا جاققا بارۋ ءۇشىن رۇقسات سۇرايما؟ رۇقساتتى كىم بەرەدى؟
7. دەنساۋلىق جاعدايى قانداي؟ مەديتسينالىق كومەك الا الدىما؟ قانداي مەديتسينالىق كومەك بەرىلدى؟ ايلىعى، زەينەتاقىسى توقتاتىلدىما؟ قاشاننان باستاپ توقتاتىلدى؟ ۋكول سالىندىما؟ ءدارى قابىلدادى ما؟ ازاپتاۋ فاكتلەرى بولدىما؟ قانداي امالدارمەن ازاپتادى؟
8. ءۇي قاماقتاعى كىسىنىڭ وتباسىلىق مالىمەتتەرى، تىكە تۋىستارى (اكە-شەشەسى، جارى، بالالارى)جانە ولارمەن قاتىناسى، تۋعان جەرى، قازىرگى ازاماتتىعى، تۋعان جىلى، قازىرگى مەكەن جايى.
تۋىسى سوتتالعانداردىڭ ارىزدانۋشىنىڭ دايىنداۋعا ءتيىستى اقپاراتتارى:
1. ارىزدانۋشىنىڭ مالىمەتى: اتى-ءجونى، جەكە كۋالىگى(پاسپورتى، ىقتييار حاتى)، بايلانىس امالدارى(تەلەفونى، e-مايل، we chat، qq، پوچتا يندەكس)، مەكەن-جاي ادرەسى، ارىزدانۋشىنىڭ جابىرلەنۋشىمەن قاتىناسى، 3.5*4.5 فوتو جانە ەلەكتروندى نۇسقاسى.
2. جابىرلەنۋشىنىڭ مالىمەتى: اتى-ءجونى، جەكە كۋالىگى(پاسپورتى، ىقتييار حاتى)، بايلانىس امالدارى(تەلەفونى، e-مايل، we chat، qq، پوچتا يندەكس)، مەكەن-جاي ادرەسى، جابىرلەنۋشىنىڭ ارىزدانۋشىمەن قاتىناسى، قازىرگى وقۋ/جۇمىس ورىنى، ماماندى، جوعارى ءبىلىم العان جەرى، 3.5*4.5 فوتو جانە ەلەكتروندى نۇسقاسى.
3. اۋىل(اۋدان، قالا) ۇكىمەت ادامدارىنىڭ (اكىم، جەرگىلىكتى ساقشى مەكەمەسى باستىعى، قوعام قاۋىپسىزدىك مەكەمەسى باستىعى، قاتىستى ادامدار) اتى-ءجونى جانە بايلانىس تەلەفوندارى.
4. جابىرلەنۋشىنىڭ قىتايعا ەڭ سوڭعى بارعان ۋاقىتى، تۇتقىندالعان كۇنى، جەرى، تۇتقىندالۋ سەبەبى، كىم تۇتقىندادى، تۇرمەنىڭ ادرەسى، كوورديناتى، تۇرمەدە وتىرعان مەرزىمى.
5. سوتتالدىما؟ قانشا جىلعا سوتتالدى؟ نە سەبەپپەن؟ ءسىز تۇرمەدەگى تۋىسىڭىزبەن قانداي بايلانىس امالى ارقىلى حابار الاسىز؟ ايلىعى، زەينەتاقىسى توقتاتىلدىما قاشاننان باستاپ توقتاتىلدى؟ تۇرمەدەگى تاماق اقى مەن جاتىن اقىسىن كىم تولەدى، اي سايىن قانشا تولەدى؟ زاڭگەر، تۋىس، دوستارىمەن كەزىكتىرەما؟ ەگەر كەزىكتىرسە، قانشا ۋاقىتتا ءبىر كەزىكتىرەدى؟
6. تۇرمەدە مەديتسينالىق كومەك الا الدىما؟ قانداي مەديتسينيالىق كومەك بەرىلدى؟ بۇرىنعى اۋرۋى، قازىرگى دەنساۋلىق جاعدايى، ۋكول سالىندىما؟ ءدارى قابىلدادى ما؟ ازاپتاۋ فاكتلەرى بولدىما؟ قانداي امالدارمەن ازاپتادى؟
7. كونتس.لاگەردە تۇتقىندالۋشىنىڭ وتباسىلىق مالىمەتتەرى، تىكە تۋىستارى (اكە-شەشەسى، جارى، بالالارى)جانە ولارمەن قاتىناسى، تۋعان جەرى، قازىرگى ازاماتتىعى، تۋعان جىلى، قازىرگى مەكەن جايى.
تۋىسى قايتىس بولعانداردىڭ ارىزدانۋشىنىڭ دايىنداۋعا ءتيىستى اقپاراتتارى:
1. ارىزدانۋشىنىڭ مالىمەتى: اتى-ءجونى، جەكە كۋالىگى(پاسپورتى، ىقتييار حاتى)، بايلانىس امالدارى(تەلەفونى، e-مايل، we chat، qq، پوچتا يندەكس)، مەكەن-جاي ادرەسى، ارىزدانۋشىنىڭ جابىرلەنۋشىمەن قاتىناسى، 3.5*4.5 فوتو جانە ەلەكتروندى نۇسقاسى.
2. جابىرلەنۋشىنىڭ مالىمەتى: اتى-ءجونى، جەكە كۋالىگى(پاسپورتى، ىقتييار حاتى)، بايلانىس امالدارى(تەلەفونى، e-مايل، we chat، qq، پوچتا يندەكس)، مەكەن-جاي ادرەسى، جابىرلەنۋشىنىڭ ارىزدانۋشىمەن قاتىناسى، قازىرگى وقۋ/جۇمىس ورىنى، ماماندى، جوعارى ءبىلىم العان جەرى، 3.5*4.5 فوتو جانە ەلەكتروندى نۇسقاسى.
3. اۋىل(اۋدان، قالا) ۇكىمەت ادامدارىنىڭ (اكىم، جەرگىلىكتى ساقشى مەكەمەسى باستىعى، قوعام قاۋىپسىزدىك مەكەمەسى باستىعى، قاتىستى ادامدار) اتى-ءجونى جانە بايلانىس تەلەفوندارى.
4. جابىرلەنۋشىنىڭ قىتايعا ەڭ سوڭعى بارعان ۋاقىتى، تۇتقىندالعان كۇنى، جەرى، تۇتقىندالۋ سەبەبى، كىم تۇتقىندادى، كونتس.لاگەردىڭ ادرەسى، كوورديناتى، لاگەردە وتىرعان مەرزىمى.
5. تەرگەلگەن جەرى، ءتىرى كەزىندە لاگەردە تۇتقىندا وتىرعان جەرى، ۋكول سالىندىما؟ ءدارى قابىلدادى ما؟
6. نە سەبەپپەن، قاشان، قاي جەردە قايتىس بولدى؟ قايتىس بولعاننان كەيىن ءمايىتتى قانداي تاسىلمەن جەرلەدى؟ ءمايىتتىڭ دەنەسىندە سوققىدان قالعان جاراقات ىزدەرى بارما؟ ءمايىتتىڭ دەنەسىندە اعزالارىن الۋ ماقساتىندا وتا جاسالعان بەلگىلەر بارما؟
7. قامالۋ كەزىندە مەديتسينالىق كومەك الا الدىما؟ قانداي مەديتسينالىق كومەك بەرىلدى؟ ازاپتاۋ فاكتلەرى بولدىما؟ قانداي امالدارمەن ازاپتادى؟ ولگەن ادام ءوز ۇلتىنىڭ داستۇرىمەن جەرلەندىما؟ قامالۋشى ولگەن جاعدايدا قانداي مامىلەدە بولدى؟ قابىرگە بەس جىلعا دەيىن زييارات ەتۋگە بولاما؟
8. قايتىس بولۋشىنىڭ وتباسىلىق مالىمەتتەرى، تىكە تۋىستارى (اكە-شەشەسى، جارى، بالالارى)جانە ولارمەن قاتىناسى، تۋعان جەرى، قازىرگى ازاماتتىعى، تۋعان جىلى، قازىرگى مەكەن جايى.
تۋىسى قۇلدىق زاۋىتقا ءماجبۇرلى جەگىلگەندەرگە ارىزدانۋشىنىڭ دايىنداۋعا ءتيىستى اقپاراتتارى:
1. ارىزدانۋشىنىڭ مالىمەتى: اتى-ءجونى، جەكە كۋالىگى(پاسپورتى، ىقتييار حاتى)، بايلانىس امالدارى(تەلەفونى، e-مايل، we chat، qq، پوچتا يندەكس)، مەكەن-جاي ادرەسى، ارىزدانۋشىنىڭ جابىرلەنۋشىمەن قاتىناسى، 3.5*4.5 فوتو جانە ەلەكتروندى نۇسقاسى.
2. جابىرلەنۋشىنىڭ مالىمەتى: اتى-ءجونى، جەكە كۋالىگى(پاسپورتى، ىقتييار حاتى)، بايلانىس امالدارى(تەلەفونى، e-مايل، we chat، qq، پوچتا يندەكس)، مەكەن-جاي ادرەسى، جابىرلەنۋشىنىڭ ارىزدانۋشىمەن قاتىناسى، قازىرگى وقۋ/جۇمىس ورىنى، ماماندى، جوعارى ءبىلىم العان جەرى، 3.5*4.5 فوتو جانە ەلەكتروندى نۇسقاسى.
3. اۋىل(اۋدان، قالا) ۇكىمەت ادامدارىنىڭ (اكىم، جەرگىلىكتى ساقشى مەكەمەسى باستىعى، قوعام قاۋىپسىزدىك مەكەمەسى باستىعى، قاتىستى ادامدار) اتى-ءجونى جانە بايلانىس تەلەفوندارى.
4. جابىرلەنۋشىنىڭ قىتايعا ەڭ سوڭعى بارعان ۋاقىتى، تۇتقىندالعان كۇنى، جەرى، تۇتقىندالۋ سەبەبى، كىم تۇتقىندادى، كونتس.لاگەردىڭ ادرەسى، كوورديناتى، لاگەردە وتىرعان مەرزىمى.
5. قازىرگى تۇتقىندا وتىرعان جەرى، ايلىعى، زەينەتاقىسى توقتاتىلدىما؟ قاشاننان باستاپ توقتاتىلدى؟ تۇرمەدەگى تاماق اقى مەن جاتىن اقىسىن كىم تولەدى؟ اي سايىن قانشا تولەدى؟ ۋكول سالىندىما؟ ءدارى قابىلدادى ما؟
6. كونتس.لاگەردەن بوساتىلعاننان كەيىنگى جاعدايى، كونتس.لاگەردەن بوساتىلعان سوڭ قايدا جاتىپ تۇرادى؟ قۇلدىق زاۆودتىڭ ءتۇرى(ىشكى قىتايداعى قۇلدىق زاۆود، كونتس.لاگەردەگى زاۆود، اۋىل، اۋدانداعى زاۆود، ت.ب.)
7. جالاقىسى، زاۆودتىڭ اتى جانە ادرەسى، زاۆودتا نە وندىرەدى؟ قامالۋشى قانداي جۇمىس اتقارادى؟ تاۋلىگىنە قانشا ساعات جۇمىس جاسايدى؟ زاۆودتا ساياسي ساباقتا وتە مە؟ زاۆودتا ءجابىر كورۋ جاعدايلارى بار ما؟
8. زاڭگەر، تۋىس، دوستارىمەن كەزىكتىردىما؟ ەگەر كەزىكتىرسە، قانشا ۋاقىتتا ءبىر كەزىكتىرەدى؟ قامالۋ كەزىندە مەديتسينالىق كومەك الا الدىما؟ قانداي مەديتسينالىق كومەك بەرىلدى؟ كونتس.لاگەردەن شىققان ادامنىڭ دەنساۋلىق جاعدايى، ازاپتاۋ فاكتلەرى بولدىما؟ قانداي امالدارمەن ازاپتالدى؟
9. تۇتقىندالۋشىنىڭ وتباسىلىق مالىمەتتەرى، تىكە تۋىستارى (اكە-شەشەسى، جارى، بالالارى)جانە ولارمەن قاتىناسى، تۋعان جەرى، قازىرگى ازاماتتىعى، تۋعان جىلى، قازىرگى مەكەن جايى.
Erkin Azat
25.05.2019