Erkin Azat
6 min readSep 28, 2019

Айзереден келген Хат: Жаман әке

- Айзере.

- Мен саған Қанша рет айтамын, АЙ-ді қоспа, зере деп айт деп,- ішкі үйде отырған бір еркек анама осылай ақырып шықты, анам әлгі еркек, мен үшеуіміз үйдің ортаңғы залында үнсіз тұрып қалдық. Анам ана еркекке қараған жоқ, маған ғана қарап тұрды, екі көзінен жас дірілдеп шыққалы тұр, бірдеңе айтқысы келіп тұрып, аузын әрең жыбырлатты:

- Шай іш,-деді. Мен ана еркектің қасынан тез өте шықтым да орныма отыра қалдым, ана еркекте орынға отырды. Менде жылағым келіп кетті, Анама Әкем өмір бойы ұрысып көрмеген, тіпті дауысын шығарып та көрмеген бізге, ал Қазір үйімізге кеше ғана келіп отырған мына Уаң Жун деген сұрбойдақ анама кәдімгі күйеуіндей ақыра бастады. Басымды еңкейтіп шай ішіп отырдым, үшеумізде үн жоқ. Бір кезде Уаң жун өзінің қателігін білгендей, ақырын сөйлей бастады:

- Зережан, мә, нан же, дауысым қатты шығып кетсе ренжіме, менде сіздердің жақсылықтарыңыз үшін,- деп ТВ-Модемге орнатылған жасырын тыңдағыштты саусағымен нұсқап көрсетіп жатыр, бір жағынан үндемеңдер, жыламаңдар деген қол ишаратын көрсетіп жатыр,- Егер Мамаң «бір» жаққа кетіп қалса, кім үйді қарайды, Менде амал бар бастықтарға сендерді мадақтап жүрмін, Бұйыртса осы айдың аяғында Отбасылық Бағалауда сендерді «үздік» отбасы тізіміне кіргіземін. Мә, Шай іш, нан же, отырма,- деп уатып жатты.

Шай ішіп болдық, жүгіріп өз үйіме кіріп кеттім, төсекке жата қалдым, көзімдегі жасқа ырық бердім, дауысымды шығармауға тырысып жатырмын бір жағынан, Бір кезде Уаң жунда менің бөлмеме кіріп келді, мені уатпақшы болды да, орындыққа отырды, бір кезде Партаның астында тұрған Сурет Албомға көзі түсті әрі ашып қарай бастады.

- О, Мынау сенің әкеңба?

Мен орнымнан атып тұрыпын да, қолынан Албомды тартып алыппын, Уаң Жун маған аң-таң, аузы ашылып қарап қалды, шамалыдан кейін есімді жинадым да, қайтадан албомды қолына бердім де, басымды изедім. Ол суреттерді бір-бірлеп көре бастады, ішіндегі көбі 90 жылдардан бұрынғы отбасылық суреттер болатын.

- Әкең жақсы адам екен қой-, деп қалды Уаң жун. Оның неге олай айтқанын түсінбедім, «Әкең жақсы адам екен ғой, неге ақымақтық істеп кластасының жаназасына барады» демекшіма? «Әкеңді түрмеге түскен жаман адам екен деп жүрсек, жақсы адам екен ғой» дегеніма? Түсініксіз.

- Әкемді танушы медіңіз! бір жерлерде көрдіңізба? Көрсеңіз айтыңызшы, Әкемді көріп жатсаңыз айтыңызшы! Сағындық! Үйге қайтсын деп-, бұл сөздердің қалай шығып кеткенін де білмей қалыппын, бір қарасам Уаң жуннің аяғын ұстап өкіріп жылап жатыр екем, қасымда анам мені құшақтап отыр, мен анама қарадым, Анам құлағыма сыбырлап:

- Әкеңді ұмыт, жаман әкеңді ұмыт, әкеңді ұмыт, жаман әкеңді ұмыт,-деп қайталай берді. Түн бойы ұйықтаған жоқпын, Әкем көз алдыма елестей берді, кішкентай кезімде мені ең алғаш мектепке алып барғанда, Мектептің қақпасындағы Табалдырықтан өтем деп мініп қалған кезімде әкемнің күлгені, шақай(аяқ киім)дың бауын байлап бергені, әр күні мені мектептен алатыны, мойнына мінгізіп алатыны барлығы көз алдымда елестей берді.

Ертесі дүйсенбі таңертең. Шағын райондағы тұрғындар Ту шығарып болдық, Бір кезде Жауапты кісі:

- Бүгінгі маңызды бір жұмыс, Бүгін таңертең Ли Апайдың үйіндегі күшігі жоғалып кетіпті, оның қаланың маңындағы өзенге түсіп ағып кетуі де мүмкін, сондықтан, бәріміз бөлініп іздейміз, бұл да ұлттар ынтымағымыздың жақсы бір айғағы болады, қазір мен адамдарды бөлемін, бір бөліміміз осы төңіректен іздейміз, енді бір бөліміміз өзеннің қасынан іздейміз, камерадан қарағанымызда сол өзен жақ бағытқа қарай кеткен, артынша камераға түспеген-деді. Бәріміз жабылып іздеп кеттік, Анам шағын районның төңірегін іздеуде болды, ал мен өзен маңында іздеуде болдым. Бір кезде іздеушілер арасында Серік ағаны көріп қалдым, Серік ағаның қасына ілесе кеттім. Ол кісіде оқытушы, әкемнің бір кеңседегі жұмыстасы(әріптесі), Екеумізде еңкейіп іздеп жүрміз, Серік ағадан ақырын:

- Әкемнің хабарын білесізба?-деп сұрағанымда, Серік аға тоқтап, маған қарап тұрды да, қайтадан жерге қарап:

- Біз қазір итті іздеп жүрміз, Әкеңді іздеп жүрген жоқпыз,-деді. Мен үнсіз қалдым, сонда да бірге ілесіп келеміз, Серік аға жан жағына ақырын қарап, маған сыбырлап:

- Әкең өзінде де бар, мен оған айтым, Есқаттың жаназасына қатыспа! Қатыспа Деп, ол болмай тұрып алды, негізі үшеуіміз бір кеңседе отыратынбыз, қаншама жылдар бірге болдық. Мен Есқаттан айырылдым, Ал әкеңнен де айырлғым келмеген, бірақ әкең сөз тыңдамай қойды. Әкең жаман болса менде не шара, менде іздестіріп жатырмын, бірақ оны ашық іздеуге болмайды, Заң қайтадан дұрысталатын шығар, сол кезде ашық іздерміз, алаңдама қызым,-деп маған бір қарады да іздеуін жалғастыра берді. Күшік табылды, Бір жігіт тапты, жиналыс болып ол кісіні мадақтады, әрі Ұлттар ынтымағына, Партияға, Ши жинпиңге алғыстарымызды білдірдік.

Әкең жаман дегенмен, жақсы Әкені кім береді, Әке сізді сағындым...

Айзере Болат
25.04.2018
Құлжа Қаласынан

ايزەرەدەن كەلگەن حات: جامان اكە

- ايزەرە.

- مەن ساعان قانشا رەت ايتامىن، اي-ءدى قوسپا، زەرە دەپ ايت دەپ،- ىشكى ۇيدە وتىرعان ءبىر ەركەك اناما وسىلاي اقىرىپ شىقتى، انام الگى ەركەك، مەن ۇشەۋىمىز ءۇيدىڭ ورتاڭعى زالىندا ءۇنسىز تۇرىپ قالدىق. انام انا ەركەككە قاراعان جوق، ماعان عانا قاراپ تۇردى، ەكى كوزىنەن جاس دىرىلدەپ شىققالى تۇر، بىردەڭە ايتقىسى كەلىپ تۇرىپ، اۋزىن ارەڭ جىبىرلاتتى:

- شاي ءىش،-دەدى. مەن انا ەركەكتىڭ قاسىنان تەز وتە شىقتىم دا ورنىما وتىرا قالدىم، انا ەركەكتە ورىنعا وتىردى. مەندە جىلاعىم كەلىپ كەتتى، اناما اكەم ءومىر بويى ۇرىسىپ كورمەگەن، ءتىپتى داۋىسىن شىعارىپ تا كورمەگەن بىزگە، ال قازىر ۇيىمىزگە كەشە عانا كەلىپ وتىرعان مىنا ۋاڭ جۋن دەگەن سۇربويداق اناما كادىمگى كۇيەۋىندەي اقىرا باستادى. باسىمدى ەڭكەيتىپ شاي ءىشىپ وتىردىم، ۇشەۋمىزدە ءۇن جوق. ءبىر كەزدە ۋاڭ جۋن ءوزىنىڭ قاتەلىگىن بىلگەندەي، اقىرىن سويلەي باستادى:

- زەرەجان، ءما، نان جە، داۋىسىم قاتتى شىعىپ كەتسە رەنجىمە، مەندە سىزدەردىڭ جاقسىلىقتارىڭىز ءۇشىن،- دەپ تۆ-مودەمگە ورناتىلعان جاسىرىن تىڭداعىشتتى ساۋساعىمەن نۇسقاپ كورسەتىپ جاتىر، ءبىر جاعىنان ۇندەمەڭدەر، جىلاماڭدار دەگەن قول يشاراتىن كورسەتىپ جاتىر،- ەگەر ماماڭ «ءبىر» جاققا كەتىپ قالسا، كىم ءۇيدى قارايدى، مەندە امال بار باستىقتارعا سەندەردى ماداقتاپ ءجۇرمىن، بۇيىرتسا وسى ايدىڭ اياعىندا وتباسىلىق باعالاۋدا سەندەردى «ۇزدىك» وتباسى تىزىمىنە كىرگىزەمىن. ءما، شاي ءىش، نان جە، وتىرما،- دەپ ۋاتىپ جاتتى.

شاي ءىشىپ بولدىق، جۇگىرىپ ءوز ۇيىمە كىرىپ كەتتىم، توسەككە جاتا قالدىم، كوزىمدەگى جاسقا ىرىق بەردىم، داۋىسىمدى شىعارماۋعا تىرىسىپ جاتىرمىن ءبىر جاعىنان، ءبىر كەزدە ۋاڭ جۋندا مەنىڭ بولمەمە كىرىپ كەلدى، مەنى ۋاتپاقشى بولدى دا، ورىندىققا وتىردى، ءبىر كەزدە پارتانىڭ استىندا تۇرعان سۋرەت البومعا كوزى ءتۇستى ءارى اشىپ قاراي باستادى.

- و، مىناۋ سەنىڭ اكەڭبا؟

مەن ورنىمنان اتىپ تۇرىپىن دا، قولىنان البومدى تارتىپ الىپپىن، ۋاڭ جۋن ماعان اڭ-تاڭ، اۋزى اشىلىپ قاراپ قالدى، شامالىدان كەيىن ەسىمدى جينادىم دا، قايتادان البومدى قولىنا بەردىم دە، باسىمدى يزەدىم. ول سۋرەتتەردى ءبىر-بىرلەپ كورە باستادى، ىشىندەگى كوبى 90 جىلداردان بۇرىنعى وتباسىلىق سۋرەتتەر بولاتىن.

- اكەڭ جاقسى ادام ەكەن قوي-، دەپ قالدى ۋاڭ جۋن. ونىڭ نەگە ولاي ايتقانىن تۇسىنبەدىم، «اكەڭ جاقسى ادام ەكەن عوي، نەگە اقىماقتىق ىستەپ كلاستاسىنىڭ جانازاسىنا بارادى» دەمەكشىما؟ «اكەڭدى تۇرمەگە تۇسكەن جامان ادام ەكەن دەپ جۇرسەك، جاقسى ادام ەكەن عوي» دەگەنىما؟ تۇسىنىكسىز.

- اكەمدى تانۋشى مەدىڭىز! ءبىر جەرلەردە كوردىڭىزبا؟ كورسەڭىز ايتىڭىزشى، اكەمدى كورىپ جاتساڭىز ايتىڭىزشى! ساعىندىق! ۇيگە قايتسىن دەپ-، بۇل سوزدەردىڭ قالاي شىعىپ كەتكەنىن دە بىلمەي قالىپپىن، ءبىر قاراسام ۋاڭ ءجۋننىڭ اياعىن ۇستاپ وكىرىپ جىلاپ جاتىر ەكەم، قاسىمدا انام مەنى قۇشاقتاپ وتىر، مەن اناما قارادىم، انام قۇلاعىما سىبىرلاپ:

- اكەڭدى ۇمىت، جامان اكەڭدى ۇمىت، اكەڭدى ۇمىت، جامان اكەڭدى ۇمىت،-دەپ قايتالاي بەردى. ءتۇن بويى ۇيىقتاعان جوقپىن، اكەم كوز الدىما ەلەستەي بەردى، كىشكەنتاي كەزىمدە مەنى ەڭ العاش مەكتەپكە الىپ بارعاندا، مەكتەپتىڭ قاقپاسىنداعى تابالدىرىقتان وتەم دەپ ءمىنىپ قالعان كەزىمدە اكەمنىڭ كۇلگەنى، شاقاي(اياق كيىم)دىڭ باۋىن بايلاپ بەرگەنى، ءار كۇنى مەنى مەكتەپتەن الاتىنى، موينىنا مىنگىزىپ الاتىنى بارلىعى كوز الدىمدا ەلەستەي بەردى.

ەرتەسى دۇيسەنبى تاڭەرتەڭ. شاعىن رايونداعى تۇرعىندار تۋ شىعارىپ بولدىق، ءبىر كەزدە جاۋاپتى كىسى:

- بۇگىنگى ماڭىزدى ءبىر جۇمىس، بۇگىن تاڭەرتەڭ لي اپايدىڭ ۇيىندەگى كۇشىگى جوعالىپ كەتىپتى، ونىڭ قالانىڭ ماڭىنداعى وزەنگە ءتۇسىپ اعىپ كەتۋى دە مۇمكىن، سوندىقتان، ءبارىمىز ءبولىنىپ ىزدەيمىز، بۇل دا ۇلتتار ىنتىماعىمىزدىڭ جاقسى ءبىر ايعاعى بولادى، قازىر مەن ادامداردى بولەمىن، ءبىر ءبولىمىمىز وسى توڭىرەكتەن ىزدەيمىز، ەندى ءبىر ءبولىمىمىز وزەننىڭ قاسىنان ىزدەيمىز، كامەرادان قاراعانىمىزدا سول وزەن جاق باعىتقا قاراي كەتكەن، ارتىنشا كامەراعا تۇسپەگەن-دەدى. ءبارىمىز جابىلىپ ىزدەپ كەتتىك، انام شاعىن رايوننىڭ توڭىرەگىن ىزدەۋدە بولدى، ال مەن وزەن ماڭىندا ىزدەۋدە بولدىم. ءبىر كەزدە ىزدەۋشىلەر اراسىندا سەرىك اعانى كورىپ قالدىم، سەرىك اعانىڭ قاسىنا ىلەسە كەتتىم. ول كىسىدە وقىتۋشى، اكەمنىڭ ءبىر كەڭسەدەگى جۇمىستاسى(ارىپتەسى)، ەكەۋمىزدە ەڭكەيىپ ىزدەپ ءجۇرمىز، سەرىك اعادان اقىرىن:

- اكەمنىڭ حابارىن بىلەسىزبا؟-دەپ سۇراعانىمدا، سەرىك اعا توقتاپ، ماعان قاراپ تۇردى دا، قايتادان جەرگە قاراپ:

- ءبىز قازىر ءيتتى ىزدەپ ءجۇرمىز، اكەڭدى ىزدەپ جۇرگەن جوقپىز،-دەدى. مەن ءۇنسىز قالدىم، سوندا دا بىرگە ىلەسىپ كەلەمىز، سەرىك اعا جان جاعىنا اقىرىن قاراپ، ماعان سىبىرلاپ:

- اكەڭ وزىندە دە بار، مەن وعان ايتىم، ەسقاتتىڭ جانازاسىنا قاتىسپا! قاتىسپا دەپ، ول بولماي تۇرىپ الدى، نەگىزى ۇشەۋىمىز ءبىر كەڭسەدە وتىراتىنبىز، قانشاما جىلدار بىرگە بولدىق. مەن ەسقاتتان ايىرىلدىم، ال اكەڭنەن دە ايىرلعىم كەلمەگەن، بىراق اكەڭ ءسوز تىڭداماي قويدى. اكەڭ جامان بولسا مەندە نە شارا، مەندە ىزدەستىرىپ جاتىرمىن، بىراق ونى اشىق ىزدەۋگە بولمايدى، زاڭ قايتادان دۇرىستالاتىن شىعار، سول كەزدە اشىق ىزدەرمىز، الاڭداما قىزىم،-دەپ ماعان ءبىر قارادى دا ىزدەۋىن جالعاستىرا بەردى. كۇشىك تابىلدى، ءبىر جىگىت تاپتى، جينالىس بولىپ ول كىسىنى ماداقتادى، ءارى ۇلتتار ىنتىماعىنا، پارتيياعا، شي جينپيڭگە العىستارىمىزدى بىلدىردىك.

اكەڭ جامان دەگەنمەن، جاقسى اكەنى كىم بەرەدى، اكە ءسىزدى ساعىندىم...

ايزەرە بولات
25.04.2018
قۇلجا قالاسىنان

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=156813505160623&id=100024959231190