Erkin Azat
12 min readApr 3, 2020

Егер әділетсіздікке жалғасты үнсіздік жарияласақ, біздің шегетін азабымыз бұдан да ауыр болмақ

Мақаламды бастаудан бұрын, алдымен осы жолғы вирус себебінен көз жұмғандарға шын жүректен бір минут аза білдіремін, әрбір рух, жан иесі құрметке лайық.

Сіз қазір осы мақаланы не үйде оқшауланған жағдайда не ерекше жұмыс орнында тұрып оқып жатқан боларсыз, бәрі қалпына келген соң, бәлкім болашақ бірнеше жылда біз осы күндерді еске алу үшін бір күн белгілейтін шығармыз, мұражай ашатын шығармыз. Мейлі біз осы жолғы кешірмені қалай өткізсек те, болашақта дүние екі түрлі ұқсамаған жағдайды таңдайтын кезеңге келеді, немесе бүкіл дүние халықы бірлесіп тоталитарлық үкіметті аударып, демократиялы, жариялы үкімет құру жолында бірігіп жұмыс жасайды, немесе дүниежүзі халықы шексіз үрей жаулаған «1984» романында суреттелген өмірде жасайды, ол кезде біздің тағдырымызды Ұлы басшы шешетін болады, егер әділетсіздікке жалғасты үнсіздік жарияласақ, біздің шегетін азабымыз бұдан да ауыр болмақ.

Бұл вирус денсаулыққа қауіпті болып қана қалмастан, дүниежүзілік ортақ құндылықтарға да ауыр сынақ болып отыр, кейбір мемлекеттер обаны желеу қылып еш кедергісіз өз елдерінде кісілік құқықты таптайтын бақылау құрылғыларын орнатуды жалпыластыруда, үкіметтің құқығы онан арман ұлғайды әрі қатайды, бұл құбылыс сол елдің демократиялы кеңістігін бүлдірді, болашақта халықтың шеру өткізуі, еркін ойын білдіру жолдары қиындай түседі, әрі болашақтағы содыр билік осы тектес жағдайларды желеу етіп өздерінің кісілік құқыққа қайшы заңдарын мәжбүрлі жүргізеді. Осы реткі дағдарыс кісілік құқық құндылығын ырықсыз орынға түсіреді, көптеген адамдар қуатты үкіметтің басқару амалдарын қолдай бастайды, әрі бұл зор үкіметке тәуелділік психологиясы арта түседі, әрі жалғасты маған өмір силаған зор үкімет деген түсінік артып, зор үкіметтің жалғасты билік жүргізуін шартсыз қолдайды. Үкіметтің билік жолдары қатайған сайын оның құқығын бақылайтын дербес күш болмаса, бүкіл дүниежүзі кісілік құқығына ауыр сын болмақ.

Бұл вирус бір жағынан халықаралық ұйымдардың шынайы кейіп-кеспірлерін ашып көрсетті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы геноцитке қатысуда, олардың қатысты жауапты басшылары заңмен жазалануы керек, мадақ емес. Бірақ бізде БҰҰ жауапты басшыларын жазалайтын түзім жоқ, БҰҰ бейбітшілікті қорғайтын періште ұйымы емес, олар қайта бір қатар геноцитке қатысушы. Кісілік құқықты басты ұстаным қылған ұйым диктатор биліктерге құқық бермеулері керек, тіпті оларға БҰҰ-ын басқартпаулары керек, бірақ трагедия әлі де орын алды. Бұл жолы Қытай үкіметі өзінің билігін бекемдеп, дүниеге билік жүргізуі үшін әрқандай бодау беруден тайынбай дүниежүзі халықына биохимиялық қарумен шабуыл жасады. Егер БҰҰ өзінің халықаралық бейбітшілікті сақтау ұйымы ретінде өз ролын атқарған болса, бұл дағдарыстың алдын алуға әбден болушы еді, бірақ бұл біз әр ел халықының саясатқа салғыртығымыздан, БҰҰ-нің жағдайына көңіл бөлмейтіндігімізден осындай трагедиялар қайталанып отыр.

Қытай коммунистік билігі неше жүз миллиондап Қытай халықын (Жүз миллиондаған жан иесі) қырғанда біз дүниежүзі халықы үнсіз болдық, бұны Қытайдың ішкі ісі деп бағаладық; Қытай үкіметі неше миллиондаған Фа лун гуң дін мүриттері мен Ұйғырларды жаппай қамап, жасырын түрде адам денесіне биохимиялық қару вирусті тәжірибе ретінде жасап жатқанда, біз оны да Қытайдың ішкі ісі деп ойладық; Қытай коммунистік үкіметі Шинжияңда адамдарды бақылауға алатын камераларды сынаққа алып, кейін обаны желеу қылып Қытайдың барлық өңіріне бақылау құрылғыларын орнатқан кезде де, біз бұны Қытайдың ішкі ісі деп ойладық. Қазір Қытай коммунистік билігі дүниежүзі халықын бақылауға алатын амалдарды игерді, дүниежүзі халықын үздіксіз үрей астында ұстауы үшін екінші, үшінші биохимиялық қарумен шабуыл жасау жоспарын да дайындады, Қытай коммунистік үкіметі өз билігін бекемдеуі үшін үздіксіз өз халықын қырғындауда, Қытайда ең арзан зат «адамның жаны», егер Қытайда жүз миллион адам өлсе де Қытай коммунистік үкіметі өз билігін жүргізе береді, егер басқа елдерде неше миллион адам өлсе, онда олардың билік партиясына үлкен сындар алып келеді, жалғасты билік жүргізуі қиындайды, егер біз жалғасты үнсіз болсақ, өз үнімізді шығармасақ, Қытай үкіметі кезекті дүниені жаулау стратегиясын жүргізеді.

Қытай үкіметі дүниежүзі халықына биохимиялық соғыс ашты, ал біз Қытайдың садақасына алғыс айтуымыз керек, біз Қытай және басқа ел үкіметін дос қатарында көреміз, бірақ Қытай коммунистік билігі өз халықына және дүниежүзі халықына бастан аяқ соғыс жағдайындағыдай мәміле жасап келеді, әрі бір мезетте босаңсыған жоқ. Сөз еркіндігін шектеу, интернетті басқару тек қана ерекше соғыс жағдайында ғана істетілетін амал, бірақ Қытай коммунистік билігі құрылғаннан бері сөз еркіндігін шектеп келеді, бұл соғыс жағдайы, олардың елдерінде соғыс болмағанымен, соғыс кезінде құрылған «Біріккен майдан» бөлімі әлі де жұмыс жасап келеді, ал бізде жоқ, «Біріккен майдан» қандай жұмыстарды жасауда? Не үшін соғыс тоқтаған соң бұл бөлімді таратпайды, тіпті атауын да өзгертпеген, тым болмағанда «Бейбітшілік» бөлімі деп? Қытай үкіметі бізді қырмақшы, ал біз санасыздықпен бұл біздің басымызға келмейді деп ойлаймыз.

Қытай үкіметінде осы реткі биохимиялық қару вирустан басқа және де «ұлтшылдық», «мемлекетшілдік» деген вирустары бар, бұл вирус Қытай және шетелдегі Қытай диаспораларын неше он жыл улауда, бұл вирустың зианы Қытай коммунистік билігі аударылған күнде де Қытай өңірінің демократияласуына неше оны жыл кедергілік жасайды, ТМД елдерінің демократияласу басқышы да осы көзқарастың бір дәлелі. Қытай елінде сөз бостандығы шектелген, интернетте коммунистік билікке қарсы сөз айтылу шектемеге ұшыраған, тіпті шындықты баяндаған үндер де шектелінеді, бірақ Батыстың құндылықтарын қаралайтын мақалаларды коммунистік партия бастамашылық етіп таратады. Қытай үкіметі өз елінде Батысқа өшпенділік тудыратын идеяларды үгіттеумен бірге, Батыстың еркіндік құрылымындағы босаңдықты пайдаланып өзінің «Қайырымды Қытай» образын жарнамалауға зор күш шығарады, өкінішке орай бір бөлім адамдар жаңартылмайтын экологиялық ресурстарды жою негізінде дамыған Қытай экономикалық даму моделін құптайды, әрі Қытайдың жүйесін енгізуді ұсыныс етеді, бұл нағыз болашақ ұрпаққа жауапсыздық, бұл нағыз қылмыс, осындай адамдар заң жүзінде қатаң жазалануы тиіс, олардың бұл әрекеттері Нацист үкіметті қолдағанмен бірдей.

Және де бір құбылыс бізді ойландырады, дүниежүзі елдерінің барлау бөлімі жұмысын өз орнында атқармаған, Қытай үкіметі 2015 жылдан бастап конц.лагерь салып бастаған, әр елдің барлау бөлімдері дер кезінде өздерінің шешім қабылдау бөлімдеріне ақпарат жібермеген, Қытайда оба тарқалу жағдайы өте ауыр болған, бірақ әр ел барлау бөлімі Қытайдың үкіметтік басылым Шинхуа газетінің «жаңалықтарын» шешім қабылдау бөліміне ұсынған. Төмендегі жағдайларға байланысты екі түрлі болжам жасауға болады, бірі барлау бөлімдері Қытай үкіметіне сатылған, енді бірі шешім қабылдау бөлімі Қытай үкіметіне сатылған, сатылмаған күннің өзінде де олар өз жұмыстарын өз орнында атқармағандары шындық. Олардың атауы «қауіпсіздік» бөлімі, бірақ олар дер кезінде біздің «қауіпсіздігімізді» қорғай алмады, бұл олардың жұмысқа деген немқұрайлығы, тіпті қылмыс әрекеті, өйткені оларда бірінші қол материял бар, олар жағдайдың қаншалықты ауыр екендіктерін біледі, бірақ деркезінде хабарламады, сол себепті дүниежүзі елдері қауіпсіздік бөлімдері трагедия қайталанбас үшін зор көлемде реформа жасаулары қажет.

Бір топ Қытай үкіметінің адал қолдаушылары, олар батыстың капиталистері, олардың жұмыс жүргізу амалдары ең арзан еңбек күшін іздеу, тіпті құлды істету арқылы жұмыстарын жүргізу, неше жүз жылдың алдында олар Африка халықын құл қылып істетулері арқылы өздерін зорайтты, енді оларға «жаңа» құл керек болды, Ұйғырлар оларға «жаңа» құл болды, оларға ақша керек емес, оларға еңбек сақтандыруы керек емес, оларға еңбек одағы керек емес, оларға үйленіп балалы болудың қажеті жоқ, олар сол зауытта өлгенше жұмыс жасайды, олар жұмыста өлгенде орнына басқа Ұйғыр құлдарды қойып жұмысты жүргізе береді, әрі олардың отбасына түсіндірудің қажеті де жоқ.

Құрметті оқырман, сіз қазір өз үйіңізде шектеліп отырсыз, ешқайда шыға алмайсыз, бірақ сізде әлі де үміт бар, үкімет ертелі-кеш бұл құрсаулы жағдайды ашады, бірақ үкімет сізге:«сен осы зауытта өмір бойы жұмыс жасайсың, ешқайда шыға алмайсың, өмірбойы туыстарыңмен кезіге алмайсың, өлгенше жұмыс жасайсың» десе қандай көңіл-күйде боласыз? Қытай коммунистік үкіметіне ақысыз жұмыс бергені үшін алғыс айтасызба? Қытай құлдық зауытының басшысы қарындасыңызды зорлағаны үшін алғыс айтасызба? Біз де қылмыскерміз, біз әр жолы Қытай зауытында өндірілген тауарларды сатып алған кезімізде біз Қытай үкіметіне көмектесіп жатырмыз, әрбір тиын ақша Қытай коммунистік партиясының қазынасына кіреді, өйткені Қытай үкіметінің қазынасы мен коммунистік партияның қазынасы бір, Қытай үкіметінің қолдағаныңыз, Қытай коммунистік партиясын қолдағаныңыз, егер Қытай тауарын алсаңыз, онда құлдық жүйені қолдағаныңыз.

Болашақта әр ел халықы осы дағдарыстан аман өткен күннің өзінде де адамдар ара сенім алсытай бастайды, тоталитарлық жүйе көптеген халықтың қолдауына ие болады, демократиялық құндылық ауыр сынаққа ұшырайды, бұл ең қауіпті жағдай, әрі бұл құбылыс дауылдың алдындағы тыныштық, келесі жылы дүниежүзі елдерінде орнықсыздық, ішкі соғыс, екі ел арасындағы соғыс, оба аурулары белең алады. Егер халықаралық ұйым реформа жасамаса, вирусты зерттеуді қатаң бақылауға алмаса, «Биохимиялық қарудан сақтану» халықаралық конвенциясы іске аспай, құр қағаз бетінде қалса, қылмыс жасаған үкімет пен басшылары қатаң жазаланбаса, диктатор билік биохимиялық террорлық шабуылын жалғасты қайталауын тоқтатпайды.

Қытай үкіметі менің отбасымды үрейлендіруді тоқтатқан емес, осы мақаламды жариялауым себепті мен туысымнан айырылуым мүмкін, «үнсіздік» менің туысымның жанын сақтап қалуы мүмкін, бірақ осы «үнсіздіктің» себебінен көптеген адамдар жандарынан айырылуда, мен үнемі өз-өзімді кінәлаймын, егер мен он жыл бұрын белсенді болып Қытай үкіметінің қылмыстарын ашып, халықты оянуға шақырған болсам, «Геноцид» жоспарын тоқтата аларма едім? Конц.лагерде көз жұмған жандарды құтқара алушыма едім? Вирустан көз жұмғандарды құтқара алушыма едім? Мен Қытай халықын жек көрмеймін, бізде өзара түсіністік пен сүйіспеншілік жоқ, біз ұқсамаған нәсілге, ұлтқа, дінге, жынысқа қарамай, тек қана жалпыға ортақ құндылық кісілік құқық үшін бірлесуімізді үміт етемін. Болашақ ұрпағымыздың үрейсіз қоғамда өмір сүруі үшін біз бірлікте үрейді жеңуіміз керек, біз «отаншылдық», «ұлтшылдық», «діншілдік» вирустарын артқа лақтырып, жалпыға ортақ құндылықтарды қолға алайық, Қытай халықының қолдауы болмаса біз коммунистік билікті аудара алмаймыз, егер коммунистік билік жалғасты үстемдік жүргізсе, үрей жалғасты өмір сүреді. Қытай халықы біз дүниежүзі халықтарының қолдауын қажет етеді.

Кейінгі болашақта демократиялық жүйеның болу-болмауы сізге байланысты, егер әділетсіздікке жалғасты үнсіздік жарияласақ, біздің шегетін азабымыз бұдан да ауыр болмақ.

ەگەر ادىلەتسىزدىككە جالعاستى ۇنسىزدىك جاريالاساق، ءبىزدىڭ شەگەتىن ازابىمىز بۇدان دا اۋىر بولماق

ماقالامدى باستاۋدان بۇرىن، الدىمەن وسى جولعى ۆيرۋس سەبەبىنەن كوز جۇمعاندارعا شىن جۇرەكتەن ءبىر مينۋت ازا بىلدىرەمىن، ءاربىر رۋح، جان يەسى قۇرمەتكە لايىق.

ءسىز قازىر وسى ماقالانى نە ۇيدە وقشاۋلانعان جاعدايدا نە ەرەكشە جۇمىس ورنىندا تۇرىپ وقىپ جاتقان بولارسىز، ءبارى قالپىنا كەلگەن سوڭ، بالكىم بولاشاق بىرنەشە جىلدا ءبىز وسى كۇندەردى ەسكە الۋ ءۇشىن ءبىر كۇن بەلگىلەيتىن شىعارمىز، مۇراجاي اشاتىن شىعارمىز. مەيلى ءبىز وسى جولعى كەشىرمەنى قالاي وتكىزسەك تە، بولاشاقتا دۇنيە ەكى ءتۇرلى ۇقساماعان جاعدايدى تاڭدايتىن كەزەڭگە كەلەدى، نەمەسە بۇكىل دۇنيە حالىقى بىرلەسىپ توتاليتارلىق ۇكىمەتتى اۋدارىپ، دەموكراتيالى، جاريالى ۇكىمەت قۇرۋ جولىندا بىرىگىپ جۇمىس جاسايدى، نەمەسە دۇنيەجۇزى حالىقى شەكسىز ۇرەي جاۋلعان «1984» رومانىندا سۋرەتتەلگەن ومىردە جاسايدى، ول كەزدە ءبىزدىڭ تاعدىرىمىزدى ۇلى باسشى شەشەتىن بولادى، ەگەر ادىلەتسىزدىككە جالعاستى ۇنسىزدىك جاريالاساق، ءبىزدىڭ شەگەتىن ازابىمىز بۇدان دا اۋىر بولماق.

بۇل ۆيرۋس دەنساۋلىققا قاۋىپتى بولىپ قانا قالماستان، دۇنيەجۇزىلىك ورتاق قۇندىلىقتارعا دا اۋىر سىناق بولىپ وتىر، كەيبىر مەملەكەتتەر وبانى جەلەۋ قىلىپ ەش كەدەرگىسىز ءوز ەلدەرىندە كىسىلىك قۇقىقتى تاپتايتىن باقىلاۋ قۇرىلعىلارىن ورناتۋدى جالپىلاستىرۋدا، ۇكىمەتتىڭ قۇقىعى ونان ارمان ۇلعايدى ءارى قاتايدى، بۇل قۇبىلىس سول ەلدىڭ دەموكراتييالى كەڭىستىگىن ءبۇلدىردى، بولاشاقتا حالىقتىڭ شەرۋ وتكىزۋى، ەركىن ويىن ءبىلدىرۋ جولدارى قيىنداي تۇسەدى، ءارى بولاشاقتاعى سودىر بيلىك وسى تەكتەس جاعدايلاردى جەلەۋ ەتىپ وزدەرىنىڭ كىسىلىك قۇقىققا قايشى زاڭدارىن ءماجبۇرلى جۇرگىزەدى. وسى رەتكى داعدارىس كىسىلىك قۇقىق قۇندىلىعىن ىرىقسىز ورىنعا تۇسىرەدى، كوپتەگەن ادامدار قۋاتتى ۇكىمەتتىڭ باسقارۋ امالدارىن قولداي باستايدى، ءارى بۇل زور ۇكىمەتكە تاۋەلدىلىك پسيحولوگياسى ارتا تۇسەدى، ءارى جالعاستى ماعان ءومىر سيلاعان زور ۇكىمەت دەگەن تۇسىنىك ارتىپ، زور ۇكىمەتتىڭ جالعاستى بيلىك جۇرگىزۋىن شارتسىز قولدايدى. ۇكىمەتتىڭ بيلىك جولدارى قاتايعان سايىن ونىڭ قۇقىعىن باقىلايتىن دەربەس كۇش بولماسا، بۇكىل دۇنيەجۇزى كىسىلىك قۇقىعىنا اۋىر سىن بولماق.

بۇل ۆيرۋس ءبىر جاعىنان حالىقارالىق ۇيىمداردىڭ شىنايى كەيىپ-كەسپىرلەرىن اشىپ كورسەتتى، دۇنيەجۇزىلىك دەنساۋلىق ساقتاۋ ۇيىمى گەنوتسيتكە قاتىسۋدا، ولاردىڭ قاتىستى جاۋاپتى باسشىلارى زاڭمەن جازالانۋى كەرەك، ماداق ەمەس. بىراق بىزدە بۇۇ جاۋاپتى باسشىلارىن جازالايتىن ءتۇزىم جوق، ب ۇ ۇ بەيبىتشىلىكتى قورعايتىن پەرىشتە ۇيىمى ەمەس، ولار قايتا ءبىر قاتار گەنوتسيتكە قاتىسۋشى. كىسىلىك قۇقىقتى باستى ۇستانىم قىلعان ۇيىم ديكتاتور بيلىكتەرگە قۇقىق بەرمەۋلەرى كەرەك، ءتىپتى ولارعا ب ۇ ۇ-ىن باسقارتپاۋلارى كەرەك، بىراق تراگەديا ءالى دە ورىن الدى. بۇل جولى قىتاي ۇكىمەتى ءوزىنىڭ بيلىگىن بەكەمدەپ، دۇنيەگە بيلىك جۇرگىزۋى ءۇشىن ارقانداي بوداۋ بەرۋدەن تايىنباي دۇنيەجۇزى حالىقىنا بيوحيميالىق قارۋمەن شابۋىل جاسادى. ەگەر ب ۇ ۇ ءوزىنىڭ حالىقارالىق بەيبىتشىلىكتى ساقتاۋ ۇيىمى رەتىندە ءوز رولىن اتقارعان بولسا، بۇل داعدارىستىڭ الدىن الۋعا ابدەن بولۋشى ەدى، بىراق بۇل ءبىز ءار ەل حالىقىنىڭ ساياساتقا سالعىرتىعىمىزدان، ب ۇ ۇ-ءنىڭ جاعدايىنا كوڭىل بولمەيتىندىگىمىزدەن وسىنداي تراگەديالار قايتالانىپ وتىر.

قىتاي كوممۋنيستىك بيلىگى نەشە ءجۇز ميلليونداپ قىتاي حالىقىن (ءجۇز ميلليونداعان جان يەسى) قىرعاندا ءبىز دۇنيەجۇزى حالىقى ءۇنسىز بولدىق، بۇنى قىتايدىڭ ىشكى ءىسى دەپ باعالادىق; قىتاي ۇكىمەتى نەشە ميلليونداعان فا لۋن گۋڭ ءدىن مۇريتتەرى مەن ۇيعىرلاردى جاپپاي قاماپ، جاسىرىن تۇردە ادام دەنەسىنە بيوحيميالىق قارۋ ۆيرۋستى تاجىريبە رەتىندە جاساپ جاتقاندا، ءبىز ونى دا قىتايدىڭ ىشكى ءىسى دەپ ويلادىق; قىتاي كوممۋنيستىك ۇكىمەتى شينجياڭدا ادامداردى باقىلاۋعا الاتىن كامەرالاردى سىناققا الىپ، كەيىن وبانى جەلەۋ ىلىپ قىتايدىڭ بارلىق وڭىرىنە باقىلاۋ قۇرىلعىلارىن ورناتقان كەزدە دە، ءبىز بۇنى قىتايدىڭ ىشكى ءىسى دەپ ويلادىق. قازىر قىتاي كوممۋنيستىك بيلىگى دۇنيەجۇزى حالىقىن باقىلاۋعا الاتىن امالداردى يگەردى، دۇنيەجۇزى حالىقىن ۇزدىكسىز ۇرەي استىندا ۇستاۋى ءۇشىن ەكىنشى، ءۇشىنشى بيوحيميالىق قارۋمەن شابۋىل جاساۋ جوسپارىن دا دايىندادى، قىتاي كوممۋنيستىك ۇكىمەتى ءوز بيلىگىن بەكەمدەۋى ءۇشىن ۇزدىكسىز ءوز حالىقىن قىرعىنداۋدا، قىتايدا ەڭ ارزان زات «ادامنىڭ جانى»، ەگەر قىتايدا ءجۇز ميلليون ادام ولسە دە قىتاي كوممۋنيستىك ۇكىمەتى ءوز بيلىگىن جۇرگىزە بەرەدى، ەگەر باسقا ەلدەردە نەشە ميلليون ادام ولسە، وندا ولاردىڭ بيلىك پارتياسىنا ۇلكەن سىندار الىپ كەلەدى، جالعاستى بيلىك جۇرگىزۋى قيىندايدى، ەگەر ءبىز جالعاستى ءۇنسىز بولساق، ءوز ءۇنىمىزدى شىعارماساق، قىتاي ۇكىمەتى كەزەكتى دۇنيەنى جاۋلاۋ ستراتەگياسىن جۇرگىزەدى.

قىتاي ۇكىمەتى دۇنيەجۇزى حالىقىنا بيوحيميالىق سوعىس اشتى، ال ءبىز قىتايدىڭ ساداقاسىنا العىس ايتۋىمىز كەرەك، ءبىز قىتاي جانە باسقا ەل ۇكىمەتىن دوس قاتارىندا كورەمىز، بىراق قىتاي كوممۋنيستىك بيلىگى ءوز حالىقىنا جانە دۇنيەجۇزى حالىقىنا باستان اياق سوعىس جاعدايىنداعىداي مامىلە جاساپ كەلەدى، ءارى ءبىر مەزەتتە بوساڭسىعان جوق. ءسوز ەركىندىگىن شەكتەۋ، ينتەرنەتتى باسقارۋ تەك قانا ەرەكشە سوعىس جاعدايىندا عانا ىستەتىلەتىن امال، بىراق قىتاي كوممۋنيستىك بيلىگى قۇرىلعاننان بەرى ءسوز ەركىندىگىن شەكتەپ كەلەدى، بۇل سوعىس جاعدايى، ولاردىڭ ەلدەرىندە سوعىس بولماعانىمەن، سوعىس كەزىندە قۇرىلعان «بىرىككەن مايدان» ءبولىمى ءالى دە جۇمىس جاساپ كەلەدى، ال بىزدە جوق، «بىرىككەن مايدان» قانداي جۇمىستاردى جاساۋدا؟ نە ءۇشىن سوعىس توقتاعان سوڭ بۇل ءبولىمدى تاراتپايدى، ءتىپتى اتاۋىن دا وزگەرتپەگەن، تىم بولماعاندا «بەيبىتشىلىك» ءبولىمى دەپ؟ قىتاي ۇكىمەتى ءبىزدى قىرماقشى، ال ءبىز ساناسىزدىقپەن بۇل ءبىزدىڭ باسىمىزعا كەلمەيدى دەپ ويلايمىز.

قىتاي ۇكىمەتىندە وسى رەتكى بيوحيميالىق قارۋ ۆيرۋستان باسقا جانە دە «ۇلتشىلدىق»، «مەملەكەتشىلدىك» دەگەن ۆيرۋستارى بار، بۇل ۆيرۋس قىتاي جانە شەتەلدەگى قىتاي دياسپورالارىن نەشە ون جىل ۋلاۋدا، بۇل ۆيرۋستىڭ زيانى قىتاي كوممۋنيستىك بيلىگى اۋدارىلعان كۇندە دە قىتاي ءوڭىرىنىڭ دەموكراتيالاسۋىنا نەشە ونى جىل كەدەرگىلىك جاسايدى، ت م د ەلدەرىنىڭ دەموكراتيالاسۋ باسقىشى دا وسى كوزقاراستىڭ ءبىر دالەلى. قىتاي ەلىندە ءسوز بوستاندىعى شەكتەلگەن، ينتەرنەتتە كوممۋنيستىك بيلىككە قارسى ءسوز ايتىلۋ شەكتەمەگە ۇشىراعان، ءتىپتى شىندىقتى بايانداعان ۇندەر دە شەكتەلىنەدى، بىراق باتىستىڭ قۇندىلىقتارىن قارالايتىن ماقالالاردى كوممۋنيستىك پارتيا باستاماشىلىق ەتىپ تاراتادى. قىتاي ۇكىمەتى ءوز ەلىندە باتىسقا وشپەندىلىك تۋدىراتىن يدەيالاردى ۇگىتتەۋمەن بىرگە، باتىستىڭ ەركىندىك قۇرىلىمىنداعى بوساڭدىقتى پايدالانىپ ءوزىنىڭ «قايىرىمدى قىتاي» وبرازىن جارنامالاۋعا زور كۇش شىعارادى، وكىنىشكە وراي ءبىر ءبولىم ادامدار جاڭارتىلمايتىن ەكولوگيالىق رەسۋرستاردى جويۋ نەگىزىندە دامىعان قىتاي ەكونوميكالىق دامۋ مودەلىن قۇپتايدى، ءارى قىتايدىڭ جۇيەسىن ەنگىزۋدى ۇسىنىس ەتەدى، بۇل ناعىز بولاشاق ۇرپاققا جاۋاپسىزدىق، بۇل ناعىز قىلمىس، وسىنداي ادامدار زاڭ جۇزىندە قاتاڭ جازالانۋى ءتيىس، ولاردىڭ بۇل ارەكەتتەرى ناتسيست ۇكىمەتتى قولداعانمەن بىردەي.

جانە دە ءبىر قۇبىلىس ءبىزدى ويلاندىرادى، دۇنيەجۇزى ەلدەرىنىڭ بارلاۋ ءبولىمى جۇمىسىن ءوز ورنىندا اتقارماعان، قىتاي ۇكىمەتى 2015 جىلدان باستاپ كونتس.لاگەر سالىپ باستاعان، ءار ەلدىڭ بارلاۋ بولىمدەرى دەر كەزىندە وزدەرىنىڭ شەشىم قابىلداۋ بولىمدەرىنە اقپارات جىبەرمەگەن، قىتايدا وبا تارقالۋ جاعدايى وتە اۋىر بولعان، بىراق ءار ەل بارلاۋ ءبولىمى قىتايدىڭ ۇكىمەتتىك باسىلىم شينحۋا گازەتىنىڭ «جاڭالىقتارىن» شەشىم قابىلداۋ بولىمىنە ۇسىنعان. تومەندەگى جاعدايلارعا بايلانىستى ەكى ءتۇرلى بولجام جاساۋعا بولادى، ءبىرى بارلاۋ بولىمدەرى قىتاي ۇكىمەتىنە ساتىلعان، ەندى ءبىرى شەشىم قابىلداۋ ءبولىمى قىتاي ۇكىمەتىنە ساتىلعان، ساتىلماعان كۇننىڭ وزىندە دە ولار ءوز جۇمىستارىن ءوز ورنىندا اتقارماعاندارى شىندىق. ولاردىڭ اتاۋى «قاۋىپسىزدىك» ءبولىمى، بىراق ولار دەر كەزىندە ءبىزدىڭ «قاۋىپسىزدىگىمىزدى» قورعاي المادى، بۇل ولاردىڭ جۇمىسقا دەگەن نەمقۇرايلىعى، ءتىپتى قىلمىس ارەكەتى، ويتكەنى ولاردا ءبىرىنشى قول ماتەريال بار، ولار جاعدايدىڭ قانشالىقتى اۋىر ەكەندىكتەرىن بىلەدى، بىراق دەركەزىندە حابارلامادى، سول سەبەپتى دۇنيەجۇزى ەلدەرى قاۋىپسىزدىك بولىمدەرى تراگەديا قايتالانباس ءۇشىن زور كولەمدە رەفورما جاساۋلارى قاجەت.

ءبىر توپ قىتاي ۇكىمەتىنىڭ ادال قولداۋشىلارى، ولار باتىستىڭ كاپيتاليستەرى، ولاردىڭ جۇمىس جۇرگىزۋ امالدارى ەڭ ارزان ەڭبەك كۇشىن ىزدەۋ، ءتىپتى قۇلدى ىستەتۋ ارقىلى جۇمىستارىن جۇرگىزۋ، نەشە ءجۇز جىلدىڭ الدىندا ولار افريكا حالىقىن قۇل قىلىپ ىستەتۋلەرى ارقىلى وزدەرىن زورايتتى، ەندى ولارعا «جاڭا» قۇل كەرەك بولدى، ۇيعىرلار ولارعا «جاڭا» قۇل بولدى، ولارعا اقشا كەرەك ەمەس، ولارعا ەڭبەك ساقتاندىرۋى كەرەك ەمەس، ولارعا ەڭبەك وداعى كەرەك ەمەس، ولارعا ۇيلەنىپ بالالى بولۋدىڭ قاجەتى جوق، ولار سول زاۋىتتا ولگەنشە جۇمىس جاسايدى، ولار جۇمىستا ولگەندە ورنىنا باسقا ۇيعىر قۇلداردى قويىپ جۇمىستى جۇرگىزە بەرەدى، ءارى ولاردىڭ وتباسىنا ءتۇسىندىرۋدىڭ قاجەتى دە جوق.

قۇرمەتتى وقىرمان، ءسىز قازىر ءوز ۇيىڭىزدە شەكتەلىپ وتىرسىز، ەشقايدا شىعا المايسىز، بىراق سىزدە ءالى دە ءۇمىت بار، ۇكىمەت ەرتەلى-كەش بۇل قۇرساۋلى جاعدايدى اشادى، بىراق ۇكىمەت سىزگە:«سەن وسى زاۋىتتا ءومىر بويى جۇمىس جاسايسىڭ، ەشقايدا شىعا المايسىڭ، ءومىربويى تۋىستارىڭمەن كەزىگە المايسىڭ، ولگەنشە جۇمىس جاسايسىڭ» دەسە قانداي كوڭىل-كۇيدە بولاسىز؟ قىتاي كوممۋنيستىك ۇكىمەتىنە اقىسىز جۇمىس بەرگەنى ءۇشىن العىس ايتاسىزبا؟ قىتاي قۇلدىق زاۋىتىنىڭ باسشىسى قارىنداسىڭىزدى زورلاعانى ءۇشىن العىس ايتاسىزبا؟ ءبىز دە قىلمىسكەرمىز، ءبىز ءار جولى قىتاي زاۋىتىندا وندىرىلگەن تاۋارلاردى ساتىپ العان كەزىمىزدە ءبىز قىتاي ۇكىمەتىنە كومەكتەسىپ جاتىرمىز، ءاربىر تيىن اقشا قىتاي كوممۋنيستىك پارتياسىنىڭ قازىناسىنا كىرەدى، ويتكەنى قىتاي ۇكىمەتىنىڭ قازىناسى مەن كوممۋنيستىك پارتيانىڭ قازىناسى ءبىر، قىتاي ۇكىمەتىنىڭ قولداعانىڭىز، قىتاي كوممۋنيستىك پارتياسىن قولداعانىڭىز، ەگەر قىتاي تاۋارىن الساڭىز، وندا قۇلدىق جۇيەنى قولداعانىڭىز.

بولاشاقتا ءار ەل حالىقى وسى داعدارىستان امان وتكەن كۇننىڭ وزىندە دە ادامدار ارا سەنىم السىتاي باستايدى، توتاليتارلىق جۇيە كوپتەگەن حالىقتىڭ قولداۋىنا يە بولادى، دەموكراتيالىق قۇندىلىق اۋىر سىناققا ۇشىرايدى، بۇل ەڭ قاۋىپتى جاعداي، ءارى بۇل قۇبىلىس داۋىلدىڭ الدىنداعى تىنىشتىق، كەلەسى جىلى دۇنيەجۇزى ەلدەرىندە ورنىقسىزدىق، ىشكى سوعىس، ەكى ەل اراسىنداعى سوعىس، وبا اۋرۋلارى بەلەڭ الادى. ەگەر حالىقارالىق ۇيىم رەفورما جاساماسا، ۆيرۋستى زەرتتەۋدى قاتاڭ باقىلاۋعا الماسا، «بيوحيميالىق قارۋدان ساقتانۋ» حالىقارالىق كونۆەنتسياسى ىسكە اسپاي، قۇر قاعاز بەتىندە قالسا، قىلمىس جاساعان ۇكىمەت پەن باسشىلارى قاتاڭ جازالانباسا، ديكتاتور بيلىك بيوحيميالىق تەررورلىق شابۋىلىن جالعاستى قايتالاۋىن توقتاتپايدى.

قىتاي ۇكىمەتى مەنىڭ وتباسىمدى ۇرەيلەندىرۋدى توقتاتقان ەمەس، وسى ماقالامدى جاريالاۋىم سەبەپتى مەن تۋىسىمنان ايىرىلۋىم مۇمكىن، «ۇنسىزدىك» مەنىڭ تۋىسىمنىڭ جانىن ساقتاپ قالۋى مۇمكىن، بىراق وسى «ۇنسىزدىكتىڭ» سەبەبىنەن كوپتەگەن ادامدار جاندارىنان ايىرىلۋدا، مەن ۇنەمى ءوز-ءوزىمدى كىنالايمىن، ەگەر مەن ون جىل بۇرىن بەلسەندى بولىپ قىتاي ۇكىمەتىنىڭ قىلمىستارىن اشىپ، حالىقتى ويانۋعا شاقىرعان بولسام، «گەنوتسيد» جوسپارىن توقتاتا الارما ەدىم؟ كونتس.لاگەردە كوز جۇمعان جانداردى قۇتقارا الۋشىما ەدىم؟ ۆيرۋستان كوز جۇمعانداردى قۇتقارا الۋشىما ەدىم؟ مەن قىتاي حالىقىن جەك كورمەيمىن، بىزدە ءوزارا تۇسىنىستىك پەن سۇيىسپەنشىلىك جوق، ءبىز ۇقساماعان ناسىلگە، ۇلتقا، دىنگە، جىنىسقا قاراماي، تەك قانا جالپىعا ورتاق قۇندىلىق كىسىلىك قۇقىق ءۇشىن بىرلەسۋىمىزدى ءۇمىت ەتەمىن. بولاشاق ۇرپاعىمىزدىڭ ۇرەيسىز قوعامدا ءومىر ءسۇرۋى ءۇشىن ءبىز بىرلىكتە ۇرەيدى جەڭۋىمىز كەرەك، ءبىز «وتانشىلدىق»، «ۇلتشىلدىق»، «دىنشىلدىك» ۆيرۋستارىن ارتقا لاقتىرىپ، جالپىعا ورتاق قۇندىلىقتاردى قولعا الايىق، قىتاي حالىقىنىڭ قولداۋى بولماسا ءبىز كوممۋنيستىك بيلىكتى اۋدارا المايمىز، ەگەر كوممۋنيستىك بيلىك جالعاستى ۇستەمدىك جۇرگىزسە، ۇرەي جالعاستى ءومىر سۇرەدى. قىتاي حالىقى ءبىز دۇنيەجۇزى حالىقتارىنىڭ قولداۋىن قاجەت ەتەدى.

كەيىنگى بولاشاقتا دەموكراتيالىق جۇيەنىڭ بولۋ-بولماۋى سىزگە بايلانىستى، ەگەر ادىلەتسىزدىككە جالعاستى ۇنسىزدىك جاريالاساق، ءبىزدىڭ شەگەتىن ازابىمىز بۇدان دا اۋىر بولماق.

Erkin Azat

03.04.2020

Erkin Azat
Erkin Azat

No responses yet