Erkin Azat
15 min readSep 25, 2019

«Мен тыңшымын» — Еркін Азат Қазақстанда Қытай тыңшысымен сұқбат

Мен Қазақстан Сарқант бір шайханада отырмын, уәде бойынша «З» мырза келді, мен күтушіден бір маркалы темекі сұрадым, ол жоқ деді, мен «З» мырзаның қасына барып оған бір маркалы темекіні ұсындым, бұл біздің жасырын байланыс орнату белгіміз еді, біз бір жабықтау орынға отырдық, ол өзінің кешірмелерін баяндай бастады:

Менің атым «З», мен бұрын Қазақстан-Қытай екі ортада сауда жасайтынмын, шекарадан жиі өтетінмін, менің әйелім дөрбілжін үкімет орында жұмыс жасайды, жұмыстан шығуына рұқсат бермейтіндіктен осында келе алмайды, ал мен бір баламмен бірге Сарқанта тұрамын. 2008 жылдар болса керек, Шәуешектік Сәкен, Төкен деген екі адам менімен сауда байланысымен араласа бастады, басында аңғармағанмын, кейде қонақ қылады, кейін олардың әңгімелері саудадан басқа тақырыпқа ауыса бастады, және маған Қазақстан жақтан хабар алуымды өтінді, мен саудагермін, саясатқа қызықпаймын, достар ара жай сөз екен деп ескермедім әрі талаптарына қосылмадым, соңынан олар мені қорқыта бастады, тіпті мені қараңғы үйге қамап азаптай бастады, сол кезде барып олардың Шәуешек қаласы ұлттық қауіпсіздік комитетінен екенін білдім, сол кезде мені азаптаған кезде Юи деген біреу де болды, олардың сол кездегі маған тапсырған міндеті: «Қазақстандағы Қытайдан барған Қазақ зиялыларды, оқытушы мен үкіметте істеген адамдардың ақпараты мен жүріс-тұрыстарын мәлімдеп тұру» болды.

Шекарадан өтісімен бірінші уақытта мен өзімді Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетіне мәлімдедім, олар менің деломды жазып алды, одан кейін мен Шәуешек қаласы ұлттық қауіпсіздік комитетімен байланысым жиілей бастады, қызыл (тек үкімет адамдарына ғана оқуға болатын құпия) құжатты да оқыған кездерім болды, онда: «Үкімет 2016 жылдан бастап Қазақтар мен Ұйғырларды жаппай қамаулары үшін сақшы посттарын салуы» туралы құжаттар еді, мен Қазақстанға қайтып барып ҰҚК іне осы жағдайды жеткіздім, олардың маған тапсырған міндеті қызыл құжат және қатысты дәлелдерді (көшірмесі, электронды түрі) алып келу болды, мен екінші рет Шәуешекке барғанда ол қызыл құжаттарды ала алмадым, жағдай қиындасып кеткен, 2016 жылы тамыз айынан бастап жаппай ұстау басталды, мен құжатқа қол жеткізе алмадым, қызыл құжатқа қол жеткізу жолдары күрделілесіп кеткен, мен сияқты Қазақстан мен Қытай екі ортада жүретін адамдарға тіпті қиындастырып тастапты.

Соңынан әрбір үйлерге су сағат тексереміз, Уай фай тексереміз деген желеулермен жасырын тыңдағыш орнатып тастады, және де жартылай ашық түрде хабаршыларды жұмысқа ала бастады, ең алғашында ұсталғандарды осы жасырын тыңдағышта жазылған сөздерін айғақ қылып ұстады.

Қытайлар бізге үнемі Қазақстанның жаман хабарларын айта береді, мысалы алдында үш оралман жігіттің өлтірілгені, шекарада он бес Қазақстан шекара қызметкерінің өлтірілгені және де Қытайдан келген Қазақтарды шетке қағатын жағдайлар баяндалған хабарларды айта береді, әрі біздің Қазақстанда күшіміз бар, біз әр уақыт Қазақстанның хабарларын аңдып отырмыз деп айтады.

Мен Қазақстанда бірнеше Қытай тыңшысының телефон нөмерін білемін, әрі оларды ҚР ҰҚК іне бергенмін, бір күні ҚР ҰҚК мені шақырды, маған телефонмен сөйлескен екі адамның кім екенін анықтап беруімді өтінді, бірақ мен оладың кім екенін анықтай алмадым, телефондағы сөйлескен мазмұн: «мен жаңа ғана шекарадан өттім, өте шұғыл бір жұмыс бар, қайда кезігуіміз керек?» деген.

Қазіргі Қытайдан келген Қазақ тыңшылардың, хабаршылардың міндеті: «Қытай Қазақтары мен жергілікті Қазақтардың ортасына іріткі салу», үздіксіз өсек тарату, бірте-бірте жергілікті Қазақтар Қытайдан келген Қазақтарды жек көруді мақсат еткен. Қазақстанда «Қытай Қазақтары» десе бір мәселесі көп, дау ізденгіш образ қалыптастыру, одан кейін Қытайдағы Қазақтардың жағдайына ешкімнің көңілі бөлінбейді, конц.лагерь мәселесіне де көңіл бөлінбейді, көмек пен қолдаудан айырылады. Және бір жағынан оларды ыдырата алады, Қытай Қазақтары ішінен бөлшектеу, оларды жері бойынша Алтайлық, Құлжалық деп, ру бойынша Найман, Керей, Албан деп бөлу көзделген. Бұрын жергілікті Қазақтардың комментариларында Қытай Қазақтарына болысатын, қазір боқтайды, тіпті аулақ жүріңдер, Қазақстанға келмеңдер деген сөздер жазады, демек Қытай бірлік сап штабының мақсаты орындалды.

Бұрын ҚР ҰҚК Шинжияңға қатты назар аударатын, бізге үнемі көптеген дәлелдер жинауымызды тапсыратын, жиі хабарласатын, одан кейін көп назар аудармайтын болды, жоғары жақтан себептер болдыма, не жоғары жақта өзгерістер болдыма ол жағын білмедік, олар бізге айтпайды әрине. Қазақстан үкіметі «дым білмедік» дегендей болғанымен, ҰҚК жұмыс жасап жатыр, бірақ олар сезімтал ақпараттардың бәрін халыққа жариялай бермейді.

Қытай үкіметі де біз сияқты қос тыңшыларды тауып шыққанға құмар, олар біз Қазақ тыңшыларға онша сене бермейді, біз әр жолы Шинжияңға қайтып барғанда сұраққа алынамыз, «ҚР ҰҚК іне жұмыс жасап жүрсіңбе» деген сұрақтар қойылады, қайта мен тәрбиеленгем, төтеп бере аламын, олар қайта қайта бір сұрақты сұрай береді, мысалы бірінші сұрақты сұрайды, сосын жетінші сұрақты сұрап келе жатып кенеттен бірінші сұрақты қайта сұрайды, егер осы жолғы жауабың мен алдындағы жауабың ұқсамаса, кешіріңіз сізді «үйренуге» конц.лагерге немесе түрмеге жібереді. Әр жолы сұрақ сұрағанда біз тік тұруымыз керек, отыруға болмайды, қылмыскер сияқты сұрақ сұралады.

Егер сіз Қытай ҰҚКіне құны бар ақпарат берсеңіз 2000 юан (108000 теңге) береді, бірақ хабар шын болуы керек, хабардың маңыздылығына қарайды, егер маңызды болса онда және де қосылады, егер хабарың онша маңызды болмаса 2000 юаннан төмен болады. Олардың ең қызығатын тақырыбы Қазақстанның ішкі саясаты, және екі ел Қазақтарының қарым-қатынасы, Қазақстанға келген Қытайлардың (кәсіпкер, инженер, жұмысшы, оқушы, саяхатшы) барлығы Қытайдың хабаршысы, олардың әртүрлі міндеттері бар, көбінде ақша үшін істейді, егер бойұсынбаса отбасының амандығын еске түсіру арқылы қорқытады, бұл тек ашық құпиялық, бәріміз білеміз.

Менің есімде қалғаны, мен бір құжатты көрдім, онда Қазақстанның жер бедері толықтай жазылған, мұнай-газ және кен байлықтарының картасы, қай жерлерге зауыт, кен орнын ашуға болады бәрі анықтап жазылған, мен ойлаймын бұған бірнеше жыл тіпті он неше жыл ақпарат жинаудың арқасында жасалған болуы керек, әйтпесе Қазақстан геология мекемесінде де бұндай толық жазылған баяндама жоқ болар, әрі бұл Қытайдың елу неше зауытына кіруіне дайындаған сияқты.

2013~2016 жылдары, Шинжияңдағы Қазақ, Ұйғыр кадрлерді Ішкі Қытайға апарып оқытты, саяси 3 жылдай сабақ берілді, былайша айтқанда миларын жуды, олар қайтып келген соң жаппай Қазақстанға қарсы үгіт жүргізді, бізді Қазақстанға бала оқытпауымызды, Қазақстанға көшпеуімізді үгіттеді, әрі туыстарымызға да Қазақстанға қарсы үгіт нәсихат жүргізуімізді тапсырды, олардың Қазақстанға көшу ойынан арылтуды, Қазақстанда оқып жатқандарды қайтаруды, көшіп кеткендерді қайтып келуге үгіттеді. Қытайды сүю үрдісі жүріп кетті, әрі елдердің Қазақстанға көшуіне кедергілік жасай бастады, сол себепті де 2016 жылдан бастап Қазақстанға көшетіндердің саны күрт азайып кетті, қазір тіпті мүмкін емес. Конц.лагердің басы сол кадрлердің миын жуудан басталды, жақсы атпен «ішкерден білім алу», «кадрлерді қайта тәрбиелеу» дейді, онда әр мекемеден міндетті түрде бір адам баруы керек, олар қайтып келген соң тіпті белсенді болып кетеді, олар көбінде Гуаң жоу, Шаңхай, Шандуң қатарлы жерлерде оқиды.

Былтыр Дөрбілжін ауданы жабық ауданға айналды, айтылмышта төрт Қазақ Сирияға қашыпты дейді, сол себепті жабық ауданға айналған дейді, бірақ бұны Қазақ хабаршылар таратқан өсек, бәрі өтірік, менің әйелім Дөрбілжін үкіметте істейді, ол маған шындықты айтып берген, сол кезде Дөрбілжін, Толы ауданының көмекші сақшыларына міндетті түрде шошқа етін жеулерін бұйырған, шошқа етін жемегендерін конц.лагерге қамаймыз деп ұқтырған, сол кезде барлық Дөрбілжін, Толы ауданының сақшылары көшеге бірақ шыққан, көз алдыңызға елестетіңіз сақшы киім киген адамдардың алаңда тұрғаны, сосын оларды әскермен басықтырған, одан кейін оларды конц.лагерге, түрмеге қамады, сол себепті Дөрбілжін жабық аудан болды, соңынан өтірік сирияға төрт Қазақ қашыпты, сосын жабық аудан болды деген қауесет таратқан. Менің бір туыс сақшы жігіт төрт ай қамалып шықты, ол айтқанда конц.лагерде мәжбүрлі шошқа етін жегізеді, босаған соң және де мәжбүрлі жегізеді, жемесең қайта апарып қамайды, жесең де бос қоя бермейді, әр күні мекемеде түскі аста шошқа етін береді, кейбірі лагерге кірмес үшін таласып жейді, қазір мектеп пен мекемеде шошқа етін жеу жалпыласқан. Менің әйелім айтуынша ол жерде қысым күшті, ол ұзақ уақыт үстемелі жұмыс жасауы себепті шаштары түсіп қалған, тек жалған шаш тағып жұмысқа шығады, кейбір қызметтестері жұмыстан болдырып қайтыс болды, жүйке жұқару ауруымен ауырғандар, ұйқысыздықпен ауырғандар жетерлік, мекеме бізге дәрі тарқатады, біздің бәрімізде бір үрей бар, бізді қашан лагерге кіргізеді деген, сондықтан көп адам үрей ішінде жасаймыз. Олар қазір «қара қолдарды сыпырып, зұлымдықты құрту» деген науқаннан қатты қорқады, саған бір кінәні арта салады да сені қамай салады, қазір ұсталып жатқандар кезінде заңсыз такси болғандар, жоғары өсімді қарыз берген Қазақтар мен Ұйғырлар.

Сирия туралы айтсам, екі апта бұрын болар, бір отбасы жеті жан, Қытай Қазағы, өзі, әйелі, бес баласымен Түркияға келді, қалталарында бір тиын ақшалары жоқ, намаз оқитындар, бұларды сол Қытай бірлік сап штабы әдейі жіберіп отыр, оларды Сирияға кіргізу үшін, одан кейін «Қытай Қазақтары» атынан «жиһат» жариялатады, өйткені олар Ұйғырларды терроршы дейді, ал Қазақтарда терроршы болмай тұр, сол себепті олар дәледі қолдан жасап шығармақшы, егер қай күні олар атып шығып жиһат жарияласа сенбеңіздер, Ұйғырларды кезінде Қытай ҰҚК Сирияға апарған, 5000 дай адам, көбі әйелдер мен балалар, оларды бастап апарған Әділ Қырғыз (қазір Түркияда) бен Әкбар Сақал (Қазір Үрімжіде).

Адам қайнары: көбінде Оңтүстік Шинжияңда егіншілік қылатын Ұйғырларды табады, ортада делдалдар (көбінде ҰҚКнің адамдары) оларды Юннан, Гуаң ши қатарлы кіші қала-аудандармен жүргізеді, ол жерде көп тексеру мен кедергі болмайды. Шекараға жақын аудандарда тынығып алған соң, (әдетте 6~70 адам бір группа, ең көп болғанда 2~300 адам бір группа) жергілікті адамдардың бастауымен шекара асып Мьянмар, Вьетнам қатарлы елдерге барады, содан соң Тайлантқа барып Түркияның паспортын күтеді, әдетте Түркияның шеткері жерлерінде паспорт жасатқанда шекара қашып өтпекші болғандардың суретімен паспорт бере береді, сол арқылы паспорттары дайын болған соң оларға паспорттары қолына тиеді әрі Түркияға барады. Түркияға барған соң екі~үш қабатты жеке үйге жатқызылады әрі сыртпен хабарластырылмайды, сосын одардың миын жуып болған соң оларды Сирияның соғыс өртіне лақтырады. Бұлар Сирияға кірсе делдалдар Дайштардан адам басына қарай ақша алады, кейбірі орта жолда қашып шықса да әшкерелеуден қорқады, бірнеше жылдың алдында екі Ұйғырды Ыстанбулдың бір қалтарыс көшесінде біреулер өлтіріп кетеді, жергілікті сақшы жылы жаба салды. Сирияға барғандардың ішінде әртүрлі адамдар бар, тіпті делдалдардың өздері де қайсысы ҰҚКнің адамы екенін де білмей қалады. Егер сол ҰҚК адамдары болмаса олар қадам аттап шыға алмайды, олар әрі Шинжияңда емін-еркін жүреді, ұсталмайды. Екбер Сақал бұрын Үрімжі қаласында сақшы болған, содан Түркияға келіп адам сату жұмысымен айналысқан, Үрімжіге қайтып барған соң да емін-еркін өмір сүруде, ана Сирияға кетіп отқа оранғандарға обал, олардың жүріс-тұрысын Қытай бірлік сап штабы бақылап отыр, осы жолы Түркияға барған Қазақтарды солар ұйымдастырып отыр.

Сіз де байқаған боларсыз, 2011~2016 жылдары Шинжияңда діндік үгіт-нәсихаттар күшейіп кетті, әрі еш кедергіге ұшырамады, тіпті Түркиядағы Ұйғырлар интернетте ашық Ұйғырша дін тарататын каналдарын ашып діндерін Қытайдағы Ұйғырларға тарата бастады, Қытайда интернет бақылауы қатаң, албаты ақпарат таратылмайды. Түркиядағы Ұйғыр асханалардан тамақ ішкенде абайлау керек, олар Шинжияң ҰҚК нің торына тіке байланған, Қазақстандағы Ұйғыр асхана, Қытай асхананың бәрі де тікелей сол жаққа ақпарат жіберіп тұрады, олар сол камерадағы суретіңе қарап ақпаратыңды анықтай алады, сол себепті көптеген адам Қытайға қайтып барғанда ұсталып кетті, өйткені олар осы асханада айтылған сөздер сол жақта «қылмысының» дәлелі болған. Бұл тыңшылар әрі 3~4 айда үшінші елде бір рет кезігіп тұрады, әрі «Қытайға қарсы» топтарды қолдайды, әрі оларға қаржы бөледі, ұйымдар қанша көп болса сонша жақсы, сонда Қытай қарсы күштер ұсақталып, бөлшектеніп, Қытайға қарсы ортақ күш бола алмайды.

Біз Құлжада мынандай «тыңшылық» тәрбиеден өттік:

1. Басшымызды бастық деп атамаймыз, қожайын деп атаймыз;

2. Хабаршыға ақшалай береміз, банктен беруге болмайды, банкте ақша кіріс-шығыс тізімі қалса болмайды;

3. Шетелге шыққанда алатын ақшамыздың бәрі жаңа ақшалар, көне ақша жоқ;

4. Әр қандай қағазды жыртып тастау керек, сосын дәретхананың суымен ағызып тастау керек;

5. Үйде маңызды тақырып айтар кезде кранды ашып қою керек, сонда үй ішіндегі тыңдағышқа әсер етеді;

6. Амал бар Қазақстандағы зиялы қауым, тұлға, аты бар кісілермен суретке түсу, амал бар олардың байланысын алу, әрі олардың жүріс-тұрысын хабарлап тұру, егер біреу сізге өздігінен суретке түсейік десе қосылмаңыз, бәлкім суретіңіз Қытай ҰҚК інде жүрер;

7. Бір қонақ үйге келгенде барлық жарықты өшіріп, пердені жауып қараңғылап, телефонның видео түсіру амалымен үйдің ішінен қызыл нүктені іздеу, сол арқылы жасырын камераның орнын білу.

Мен баламның көзіне тіке қарай алмаймын, мен Қазақстанның болашағынан алаңдаймын, егер осылай жалғаса берсе болашақтан үміт жоқ, онда мен баламның алдында қылмыскер боламын, сол себепті мен сізге ашып айтуыма тура келді, баламның болашағы үшін, Қазақстанның да болашағы үшін, біз Қытай Қазағы, жергілікті Қазақ, немесе жерге, руға деп бөлінбеуіміз керек, біз біріккенде ғана алдымыздағы қиыншылықты жеңе аламыз.

Бұл Шәуешек қаласы ҰҚК адамдарының телефон нөмері, сенбесеңіз қоңырау шалып «З» мырзаны танисыңдарма десеңіз болады:

Сыртқы істерге жауапты Бауыржан +8613999490444;

Шәуешек қаласы ҰҚК Пан +8613369015850

Шәуешек қаласы саяси істер бөлімі +8613999746166

Толы ауданы қоғам қауіпсіздік мекемесі отряд бастығы Қайнар +8618999482842

«مەن تىڭشىمىن» — ەركىن ازات قازاقستاندا قىتاي تىڭشىسىمەن سۇقبات

مەن قازاقستان سارقانت ءبىر شايحانادا وتىرمىن، ۋادە بويىنشا «ز» مىرزا كەلدى، مەن كۇتۋشىدەن ءبىر ماركالى تەمەكى سۇرادىم، ول جوق دەدى، مەن «ز» مىرزانىڭ قاسىنا بارىپ وعان ءبىر ماركالى تەمەكىنى ۇسىندىم، بۇل ءبىزدىڭ جاسىرىن بايلانىس ورناتۋ بەلگىمىز ەدى، ءبىز ءبىر جابىقتاۋ ورىنعا وتىردىق، ول ءوزىنىڭ كەشىرمەلەرىن بايانداي باستادى:

مەنىڭ اتىم «ز»، مەن بۇرىن قازاقستان-قىتاي ەكى ورتادا ساۋدا جاسايتىنمىن، شەكارادان ءجيى وتەتىنمىن، مەنىڭ ايەلىم ءدوربىلجىن ۇكىمەت ورىندا جۇمىس جاسايدى، جۇمىستان شىعۋىنا رۇقسات بەرمەيتىندىكتەن وسىندا كەلە المايدى، ال مەن ءبىر بالاممەن بىرگە سارقانتا تۇرامىن. 2008 جىلدار بولسا كەرەك، شاۋەشەكتىك ساكەن، توكەن دەگەن ەكى ادام مەنىمەن ساۋدا بايلانىسىمەن ارالاسا باستادى، باسىندا اڭعارماعانمىن، كەيدە قوناق قىلادى، كەيىن ولاردىڭ اڭگىمەلەرى ساۋدادان باسقا تاقىرىپقا اۋىسا باستادى، جانە ماعان قازاقستان جاقتان حابار الۋىمدى ءوتىندى، مەن ساۋداگەرمىن، ساياساتقا قىزىقپايمىن، دوستار ارا جاي ءسوز ەكەن دەپ ەسكەرمەدىم ءارى تالاپتارىنا قوسىلمادىم، سوڭىنان ولار مەنى قورقىتا باستادى، ءتىپتى مەنى قاراڭعى ۇيگە قاماپ ازاپتاي باستادى، سول كەزدە بارىپ ولاردىڭ شاۋەشەك قالاسى ۇلتتىق قاۋىپسىزدىك كوميتەتىنەن ەكەنىن ءبىلدىم، سول كەزدە مەنى ازاپتاعان كەزدە يۋي دەگەن بىرەۋ دە بولدى، ولاردىڭ سول كەزدەگى ماعان تاپسىرعان مىندەتى: «قازاقستانداعى قىتايدان بارعان قازاق زييالىلاردى، وقىتۋشى مەن ۇكىمەتتە ىستەگەن ادامداردىڭ اقپاراتى مەن ءجۇرىس-تۇرىستارىن مالىمدەپ تۇرۋ» بولدى.

شەكارادان وتىسىمەن ءبىرىنشى ۋاقىتتا مەن ءوزىمدى قازاقستان ۇلتتىق قاۋىپسىزدىك كوميتەتىنە مالىمدەدىم، ولار مەنىڭ دەلومدى جازىپ الدى، ودان كەيىن مەن شاۋەشەك قالاسى ۇلتتىق قاۋىپسىزدىك كوميتەتىمەن بايلانىسىم جيىلەي باستادى، قىزىل (تەك ۇكىمەت ادامدارىنا عانا وقۋعا بولاتىن قۇپييا) قۇجاتتى دا وقىعان كەزدەرىم بولدى، وندا: «ۇكىمەت 2016 جىلدان باستاپ قازاقتار مەن ۇيعىرلاردى جاپپاي قاماۋلارى ءۇشىن ساقشى پوستتارىن سالۋى» تۋرالى قۇجاتتار ەدى، مەن قازاقستانعا قايتىپ بارىپ ۇقك ىنە وسى جاعدايدى جەتكىزدىم، ولاردىڭ ماعان تاپسىرعان مىندەتى قىزىل قۇجات جانە قاتىستى دالەلدەردى (كوشىرمەسى، ەلەكتروندى ءتۇرى) الىپ كەلۋ بولدى، مەن ەكىنشى رەت شاۋەشەككە بارعاندا ول قىزىل قۇجاتتاردى الا المادىم، جاعداي قيىنداسىپ كەتكەن، 2016 جىلى تامىز ايىنان باستاپ جاپپاي ۇستاۋ باستالدى، مەن قۇجاتقا قول جەتكىزە المادىم، قىزىل قۇجاتقا قول جەتكىزۋ جولدارى كۇردەلىلەسىپ كەتكەن، مەن سيياقتى قازاقستان مەن قىتاي ەكى ورتادا جۇرەتىن ادامدارعا ءتىپتى قيىنداستىرىپ تاستاپتى.

سوڭىنان ءاربىر ۇيلەرگە سۋ ساعات تەكسەرەمىز، ۋاي فاي تەكسەرەمىز دەگەن جەلەۋلەرمەن جاسىرىن تىڭداعىش ورناتىپ تاستادى، جانە دە جارتىلاي اشىق تۇردە حابارشىلاردى جۇمىسقا الا باستادى، ەڭ العاشىندا ۇستالعانداردى وسى جاسىرىن تىڭداعىشتا جازىلعان سوزدەرىن ايعاق قىلىپ ۇستادى.

قىتايلار بىزگە ۇنەمى قازاقستاننىڭ جامان حابارلارىن ايتا بەرەدى، مىسالى الدىندا ءۇش ورالمان جىگىتتىڭ ولتىرىلگەنى، شەكارادا ون بەس قازاقستان شەكارا قىزمەتكەرىنىڭ ولتىرىلگەنى جانە دە قىتايدان كەلگەن قازاقتاردى شەتكە قاعاتىن جاعدايلار باياندالعان حابارلاردى ايتا بەرەدى، ءارى ءبىزدىڭ قازاقستاندا كۇشىمىز بار، ءبىز ءار ۋاقىت قازاقستاننىڭ حابارلارىن اڭدىپ وتىرمىز دەپ ايتادى.

مەن قازاقستاندا بىرنەشە قىتاي تىڭشىسىنىڭ تەلەفون نومەرىن بىلەمىن، ءارى ولاردى قر ۇقك ىنە بەرگەنمىن، ءبىر كۇنى قر ۇقك مەنى شاقىردى، ماعان تەلەفونمەن سويلەسكەن ەكى ادامنىڭ كىم ەكەنىن انىقتاپ بەرۋىمدى ءوتىندى، بىراق مەن ولادىڭ كىم ەكەنىن انىقتاي المادىم، تەلەفونداعى سويلەسكەن مازمۇن: «مەن جاڭا عانا شەكارادان ءوتتىم، وتە شۇعىل ءبىر جۇمىس بار، قايدا كەزىگۋىمىز كەرەك؟» دەگەن.

قازىرگى قىتايدان كەلگەن قازاق تىڭشىلاردىڭ، حابارشىلاردىڭ مىندەتى: «قىتاي قازاقتارى مەن جەرگىلىكتى قازاقتاردىڭ ورتاسىنا ىرىتكى سالۋ»، ۇزدىكسىز وسەك تاراتۋ، بىرتە-بىرتە جەرگىلىكتى قازاقتار قىتايدان كەلگەن قازاقتاردى جەك كورۋدى ماقسات ەتكەن. قازاقستاندا «قىتاي قازاقتارى» دەسە ءبىر ماسەلەسى كوپ، داۋ ىزدەنگىش وبراز قالىپتاستىرۋ، ودان كەيىن قىتايداعى قازاقتاردىڭ جاعدايىنا ەشكىمنىڭ كوڭىلى بولىنبەيدى، كونتس.لاگەر ماسەلەسىنە دە كوڭىل بولىنبەيدى، كومەك پەن قولداۋدان ايىرىلادى. جانە ءبىر جاعىنان ولاردى ىدىراتا الادى، قىتاي قازاقتارى ىشىنەن بولشەكتەۋ، ولاردى جەرى بويىنشا التايلىق، قۇلجالىق دەپ، رۋ بويىنشا نايمان، كەرەي، البان دەپ ءبولۋ كوزدەلگەن. بۇرىن جەرگىلىكتى قازاقتاردىڭ كوممەنتاريلارىندا قىتاي قازاقتارىنا بولىساتىن، قازىر بوقتايدى، ءتىپتى اۋلاق جۇرىڭدەر، قازاقستانعا كەلمەڭدەر دەگەن سوزدەر جازادى، دەمەك قىتاي بىرلىك ساپ شتابىنىڭ ماقساتى ورىندالدى.

بۇرىن قر ۇقك شينجيياڭعا قاتتى نازار اۋداراتىن، بىزگە ۇنەمى كوپتەگەن دالەلدەر جيناۋىمىزدى تاپسىراتىن، ءجيى حابارلاساتىن، ودان كەيىن كوپ نازار اۋدارمايتىن بولدى، جوعارى جاقتان سەبەپتەر بولدىما، نە جوعارى جاقتا وزگەرىستەر بولدىما ول جاعىن بىلمەدىك، ولار بىزگە ايتپايدى ارينە. قازاقستان ۇكىمەتى «دىم بىلمەدىك» دەگەندەي بولعانىمەن، ۇقك جۇمىس جاساپ جاتىر، بىراق ولار سەزىمتال اقپاراتتاردىڭ ءبارىن حالىققا جارييالاي بەرمەيدى.

قىتاي ۇكىمەتى دە ءبىز سيياقتى قوس تىڭشىلاردى تاۋىپ شىققانعا قۇمار، ولار ءبىز قازاق تىڭشىلارعا ونشا سەنە بەرمەيدى، ءبىز ءار جولى شينجيياڭعا قايتىپ بارعاندا سۇراققا الىنامىز، «قر ۇقك ىنە جۇمىس جاساپ جۇرسىڭبە» دەگەن سۇراقتار قويىلادى، قايتا مەن تاربيەلەنگەم، توتەپ بەرە الامىن، ولار قايتا قايتا ءبىر سۇراقتى سۇراي بەرەدى، مىسالى ءبىرىنشى سۇراقتى سۇرايدى، سوسىن جەتىنشى سۇراقتى سۇراپ كەلە جاتىپ كەنەتتەن ءبىرىنشى سۇراقتى قايتا سۇرايدى، ەگەر وسى جولعى جاۋابىڭ مەن الدىنداعى جاۋابىڭ ۇقساماسا، كەشىرىڭىز ءسىزدى «ۇيرەنۋگە» كونتس.لاگەرگە نەمەسە تۇرمەگە جىبەرەدى. ءار جولى سۇراق سۇراعاندا ءبىز تىك تۇرۋىمىز كەرەك، وتىرۋعا بولمايدى، قىلمىسكەر سيياقتى سۇراق سۇرالادى.

ەگەر ءسىز قىتاي ۇقكىنە قۇنى بار اقپارات بەرسەڭىز 2000 يۋان (108000 تەڭگە) بەرەدى، بىراق حابار شىن بولۋى كەرەك، حاباردىڭ ماڭىزدىلىعىنا قارايدى، ەگەر ماڭىزدى بولسا وندا جانە دە قوسىلادى، ەگەر حابارىڭ ونشا ماڭىزدى بولماسا 2000 يۋاننان تومەن بولادى. ولاردىڭ ەڭ قىزىعاتىن تاقىرىبى قازاقستاننىڭ ىشكى ساياساتى، جانە ەكى ەل قازاقتارىنىڭ قارىم-قاتىناسى، قازاقستانعا كەلگەن قىتايلاردىڭ (كاسىپكەر، ينجەنەر، جۇمىسشى، وقۋشى، ساياحاتشى) بارلىعى قىتايدىڭ حابارشىسى، ولاردىڭ ءارتۇرلى مىندەتتەرى بار، كوبىندە اقشا ءۇشىن ىستەيدى، ەگەر بويۇسىنباسا وتباسىنىڭ اماندىعىن ەسكە ءتۇسىرۋ ارقىلى قورقىتادى، بۇل تەك اشىق قۇپييالىق، ءبارىمىز بىلەمىز.

مەنىڭ ەسىمدە قالعانى، مەن ءبىر قۇجاتتى كوردىم، وندا قازاقستاننىڭ جەر بەدەرى تولىقتاي جازىلعان، مۇناي-گاز جانە كەن بايلىقتارىنىڭ كارتاسى، قاي جەرلەرگە زاۋىت، كەن ورنىن اشۋعا بولادى ءبارى انىقتاپ جازىلعان، مەن ويلايمىن بۇعان بىرنەشە جىل ءتىپتى ون نەشە جىل اقپارات جيناۋدىڭ ارقاسىندا جاسالعان بولۋى كەرەك، ايتپەسە قازاقستان گەولوگييا مەكەمەسىندە دە بۇنداي تولىق جازىلعان بايانداما جوق بولار، ءارى بۇل قىتايدىڭ ەلۋ نەشە زاۋىتىنا كىرۋىنە دايىنداعان سيياقتى.

2013~2016 جىلدارى، شينجيياڭداعى قازاق، ۇيعىر كادرلەردى ىشكى قىتايعا اپارىپ وقىتتى، ساياسي 3 جىلداي ساباق بەرىلدى، بىلايشا ايتقاندا ميلارىن جۋدى، ولار قايتىپ كەلگەن سوڭ جاپپاي قازاقستانعا قارسى ۇگىت جۇرگىزدى، ءبىزدى قازاقستانعا بالا وقىتپاۋىمىزدى، قازاقستانعا كوشپەۋىمىزدى ۇگىتتەدى، ءارى تۋىستارىمىزعا دا قازاقستانعا قارسى ۇگىت ءناسيحات جۇرگىزۋىمىزدى تاپسىردى، ولاردىڭ قازاقستانعا كوشۋ ويىنان ارىلتۋدى، قازاقستاندا وقىپ جاتقانداردى قايتارۋدى، كوشىپ كەتكەندەردى قايتىپ كەلۋگە ۇگىتتەدى. قىتايدى ءسۇيۋ ءۇردىسى ءجۇرىپ كەتتى، ءارى ەلدەردىڭ قازاقستانعا كوشۋىنە كەدەرگىلىك جاساي باستادى، سول سەبەپتى دە 2016 جىلدان باستاپ قازاقستانعا كوشەتىندەردىڭ سانى كۇرت ازايىپ كەتتى، قازىر ءتىپتى مۇمكىن ەمەس. كونتس.لاگەردىڭ باسى سول كادرلەردىڭ ميىن جۋۋدان باستالدى، جاقسى اتپەن «ىشكەردەن ءبىلىم الۋ»، «كادرلەردى قايتا تاربيەلەۋ» دەيدى، وندا ءار مەكەمەدەن مىندەتتى تۇردە ءبىر ادام بارۋى كەرەك، ولار قايتىپ كەلگەن سوڭ ءتىپتى بەلسەندى بولىپ كەتەدى، ولار كوبىندە گۋاڭ جوۋ، شاڭحاي، شاندۋڭ قاتارلى جەرلەردە وقيدى.

بىلتىر ءدوربىلجىن اۋدانى جابىق اۋدانعا اينالدى، ايتىلمىشتا ءتورت قازاق سيريياعا قاشىپتى دەيدى، سول سەبەپتى جابىق اۋدانعا اينالعان دەيدى، بىراق بۇنى قازاق حابارشىلار تاراتقان وسەك، ءبارى وتىرىك، مەنىڭ ايەلىم ءدوربىلجىن ۇكىمەتتە ىستەيدى، ول ماعان شىندىقتى ايتىپ بەرگەن، سول كەزدە ءدوربىلجىن، تولى اۋدانىنىڭ كومەكشى ساقشىلارىنا مىندەتتى تۇردە شوشقا ەتىن جەۋلەرىن بۇيىرعان، شوشقا ەتىن جەمەگەندەرىن كونتس.لاگەرگە قامايمىز دەپ ۇقتىرعان، سول كەزدە بارلىق ءدوربىلجىن، تولى اۋدانىنىڭ ساقشىلارى كوشەگە بىراق شىققان، كوز الدىڭىزعا ەلەستەتىڭىز ساقشى كيىم كيگەن ادامداردىڭ الاڭدا تۇرعانى، سوسىن ولاردى اسكەرمەن باسىقتىرعان، ودان كەيىن ولاردى كونتس.لاگەرگە، تۇرمەگە قامادى، سول سەبەپتى ءدوربىلجىن جابىق اۋدان بولدى، سوڭىنان وتىرىك سيريياعا ءتورت قازاق قاشىپتى، سوسىن جابىق اۋدان بولدى دەگەن قاۋەسەت تاراتقان. مەنىڭ ءبىر تۋىس ساقشى جىگىت ءتورت اي قامالىپ شىقتى، ول ايتقاندا كونتس.لاگەردە ءماجبۇرلى شوشقا ەتىن جەگىزەدى، بوساعان سوڭ جانە دە ءماجبۇرلى جەگىزەدى، جەمەسەڭ قايتا اپارىپ قامايدى، جەسەڭ دە بوس قويا بەرمەيدى، ءار كۇنى مەكەمەدە تۇسكى استا شوشقا ەتىن بەرەدى، كەيبىرى لاگەرگە كىرمەس ءۇشىن تالاسىپ جەيدى، قازىر مەكتەپ پەن مەكەمەدە شوشقا ەتىن جەۋ جالپىلاسقان. مەنىڭ ايەلىم ايتۋىنشا ول جەردە قىسىم كۇشتى، ول ۇزاق ۋاقىت ۇستەمەلى جۇمىس جاساۋى سەبەپتى شاشتارى ءتۇسىپ قالعان، تەك جالعان شاش تاعىپ جۇمىسقا شىعادى، كەيبىر قىزمەتتەستەرى جۇمىستان بولدىرىپ قايتىس بولدى، جۇيكە جۇقارۋ اۋرۋىمەن اۋىرعاندار، ۇيقىسىزدىقپەن اۋىرعاندار جەتەرلىك، مەكەمە بىزگە ءدارى تارقاتادى، ءبىزدىڭ بارىمىزدە ءبىر ۇرەي بار، ءبىزدى قاشان لاگەرگە كىرگىزەدى دەگەن، سوندىقتان كوپ ادام ۇرەي ىشىندە جاسايمىز. ولار قازىر «قارا قولداردى سىپىرىپ، ز ۇلىمدىقتى قۇرتۋ» دەگەن ناۋقاننان قاتتى قورقادى، ساعان ءبىر كىنانى ارتا سالادى دا سەنى قاماي سالادى، قازىر ۇستالىپ جاتقاندار كەزىندە زاڭسىز تاكسي بولعاندار، جوعارى ءوسىمدى قارىز بەرگەن قازاقتار مەن ۇيعىرلار.

سيرييا تۋرالى ايتسام، ەكى اپتا بۇرىن بولار، ءبىر وتباسى جەتى جان، قىتاي قازاعى، ءوزى، ايەلى، بەس بالاسىمەن تۇركيياعا كەلدى، قالتالارىندا ءبىر تيىن اقشالارى جوق، ناماز وقيتىندار، بۇلاردى سول قىتاي بىرلىك ساپ شتابى ادەيى جىبەرىپ وتىر، ولاردى سيريياعا كىرگىزۋ ءۇشىن، ودان كەيىن «قىتاي قازاقتارى» اتىنان «جيھات» جارييالاتادى، ويتكەنى ولار ۇيعىرلاردى تەررورشى دەيدى، ال قازاقتاردا تەررورشى بولماي تۇر، سول سەبەپتى ولار دالەدى قولدان جاساپ شىعارماقشى، ەگەر قاي كۇنى ولار اتىپ شىعىپ جيھات جارييالاسا سەنبەڭىزدەر، ۇيعىرلاردى كەزىندە قىتاي ۇقك سيريياعا اپارعان، 5000 داي ادام، كوبى ايەلدەر مەن بالالار، ولاردى باستاپ اپارعان ءادىل قىرعىز (قازىر تۇركييادا) بەن اكبار ساقال (قازىر ۇرىمجىدە).

ادام قاينارى: كوبىندە وڭتۇستىك شينجيياڭدا ەگىنشىلىك قىلاتىن ۇيعىرلاردى تابادى، ورتادا دەلدالدار (كوبىندە ۇقكنىڭ ادامدارى) ولاردى يۋننان، گۋاڭ شي قاتارلى كىشى قالا-اۋداندارمەن جۇرگىزەدى، ول جەردە كوپ تەكسەرۋ مەن كەدەرگى بولمايدى. شەكاراعا جاقىن اۋدانداردا تىنىعىپ العان سوڭ، (ادەتتە 6~70 ادام ءبىر گرۋپپا، ەڭ كوپ بولعاندا 2~300 ادام ءبىر گرۋپپا) جەرگىلىكتى ادامداردىڭ باستاۋىمەن شەكارا اسىپ ميانمار، ۆەتنام قاتارلى ەلدەرگە بارادى، سودان سوڭ تايلانتقا بارىپ تۇركييانىڭ پاسپورتىن كۇتەدى، ادەتتە تۇركييانىڭ شەتكەرى جەرلەرىندە پاسپورت جاساتقاندا شەكارا قاشىپ وتپەكشى بولعانداردىڭ سۋرەتىمەن پاسپورت بەرە بەرەدى، سول ارقىلى پاسپورتتارى دايىن بولعان سوڭ ولارعا پاسپورتتارى قولىنا تيەدى ءارى تۇركيياعا بارادى. تۇركيياعا بارعان سوڭ ەكى~ءۇش قاباتتى جەكە ۇيگە جاتقىزىلادى ءارى سىرتپەن حابارلاستىرىلمايدى، سوسىن وداردىڭ ميىن جۋىپ بولعان سوڭ ولاردى سيرييانىڭ سوعىس ورتىنە لاقتىرادى. بۇلار سيريياعا كىرسە دەلدالدار دايشتاردان ادام باسىنا قاراي اقشا الادى، كەيبىرى ورتا جولدا قاشىپ شىقسا دا اشكەرەلەۋدەن قورقادى، بىرنەشە جىلدىڭ الدىندا ەكى ۇيعىردى ىستانبۋلدىڭ ءبىر قالتارىس كوشەسىندە بىرەۋلەر ءولتىرىپ كەتەدى، جەرگىلىكتى ساقشى جىلى جابا سالدى. سيريياعا بارعانداردىڭ ىشىندە ءارتۇرلى ادامدار بار، ءتىپتى دەلدالداردىڭ وزدەرى دە قايسىسى ۇقكنىڭ ادامى ەكەنىن دە بىلمەي قالادى. ەگەر سول ۇقك ادامدارى بولماسا ولار قادام اتتاپ شىعا المايدى، ولار ءارى شينجيياڭدا ەمىن-ەركىن جۇرەدى، ۇستالمايدى. ەكبەر ساقال بۇرىن ءۇرىمجى قالاسىندا ساقشى بولعان، سودان تۇركيياعا كەلىپ ادام ساتۋ جۇمىسىمەن اينالىسقان، ۇرىمجىگە قايتىپ بارعان سوڭ دا ەمىن-ەركىن ءومىر سۇرۋدە، انا سيريياعا كەتىپ وتقا ورانعاندارعا وبال، ولاردىڭ ءجۇرىس-تۇرىسىن قىتاي بىرلىك ساپ شتابى باقىلاپ وتىر، وسى جولى تۇركيياعا بارعان قازاقتاردى سولار ۇيىمداستىرىپ وتىر.

ءسىز دە بايقاعان بولارسىز، 2011~2016 جىلدارى شينجيياڭدا دىندىك ۇگىت-ءناسيحاتتار كۇشەيىپ كەتتى، ءارى ەش كەدەرگىگە ۇشىرامادى، ءتىپتى تۇركيياداعى ۇيعىرلار ينتەرنەتتە اشىق ۇيعىرشا ءدىن تاراتاتىن كانالدارىن اشىپ دىندەرىن قىتايداعى ۇيعىرلارعا تاراتا باستادى، قىتايدا ينتەرنەت باقىلاۋى قاتاڭ، الباتى اقپارات تاراتىلمايدى. تۇركيياداعى ۇيعىر اسحانالاردان تاماق ىشكەندە ابايلاۋ كەرەك، ولار شينجيياڭ ۇقك ءنىڭ تورىنا تىكە بايلانعان، قازاقستانداعى ۇيعىر اسحانا، قىتاي اسحانانىڭ ءبارى دە تىكەلەي سول جاققا اقپارات جىبەرىپ تۇرادى، ولار سول كامەراداعى سۋرەتىڭە قاراپ اقپاراتىڭدى انىقتاي الادى، سول سەبەپتى كوپتەگەن ادام قىتايعا قايتىپ بارعاندا ۇستالىپ كەتتى، ويتكەنى ولار وسى اسحانادا ايتىلعان سوزدەر سول جاقتا «قىلمىسىنىڭ» دالەلى بولعان. بۇل تىڭشىلار ءارى 3~4 ايدا ءۇشىنشى ەلدە ءبىر رەت كەزىگىپ تۇرادى، ءارى «قىتايعا قارسى» توپتاردى قولدايدى، ءارى ولارعا قارجى بولەدى، ۇيىمدار قانشا كوپ بولسا سونشا جاقسى، سوندا قىتاي قارسى كۇشتەر ۇساقتالىپ، بولشەكتەنىپ، قىتايعا قارسى ورتاق كۇش بولا المايدى.

ءبىز قۇلجادا مىنانداي «تىڭشىلىق» تاربيەدەن وتتىك:
1. باسشىمىزدى باستىق دەپ اتامايمىز، قوجايىن دەپ اتايمىز;
2. حابارشىعا اقشالاي بەرەمىز، بانكتەن بەرۋگە بولمايدى، بانكتە اقشا كىرىس-شىعىس ءتىزىمى قالسا بولمايدى;
3. شەتەلگە شىققاندا الاتىن اقشامىزدىڭ ءبارى جاڭا اقشالار، كونە اقشا جوق;
4. ءار قانداي قاعازدى جىرتىپ تاستاۋ كەرەك، سوسىن دارەتحانانىڭ سۋىمەن اعىزىپ تاستاۋ كەرەك;
5. ۇيدە ماڭىزدى تاقىرىپ ايتار كەزدە كراندى اشىپ قويۋ كەرەك، سوندا ءۇي ىشىندەگى تىڭداعىشقا اسەر ەتەدى;
6. امال بار قازاقستانداعى زييالى قاۋىم، تۇلعا، اتى بار كىسىلەرمەن سۋرەتكە ءتۇسۋ، امال بار ولاردىڭ بايلانىسىن الۋ، ءارى ولاردىڭ ءجۇرىس-تۇرىسىن حابارلاپ تۇرۋ، ەگەر بىرەۋ سىزگە وزدىگىنەن سۋرەتكە تۇسەيىك دەسە قوسىلماڭىز، بالكىم سۋرەتىڭىز قىتاي ۇقك ىندە جۇرەر;
7. ءبىر قوناق ۇيگە كەلگەندە بارلىق جارىقتى ءوشىرىپ، پەردەنى جاۋىپ قاراڭعىلاپ، تەلەفوننىڭ ۆيدەو ءتۇسىرۋ امالىمەن ءۇيدىڭ ىشىنەن قىزىل نۇكتەنى ىزدەۋ، سول ارقىلى جاسىرىن كامەرانىڭ ورنىن ءبىلۋ.

مەن بالامنىڭ كوزىنە تىكە قاراي المايمىن، مەن قازاقستاننىڭ بولاشاعىنان الاڭدايمىن، ەگەر وسىلاي جالعاسا بەرسە بولاشاقتان ءۇمىت جوق، وندا مەن بالامنىڭ الدىندا قىلمىسكەر بولامىن، سول سەبەپتى مەن سىزگە اشىپ ايتۋىما تۋرا كەلدى، بالامنىڭ بولاشاعى ءۇشىن، قازاقستاننىڭ دا بولاشاعى ءۇشىن، ءبىز قىتاي قازاعى، جەرگىلىكتى قازاق، نەمەسە جەرگە، رۋعا دەپ بولىنبەۋىمىز كەرەك، ءبىز بىرىككەندە عانا الدىمىزداعى قيىنشىلىقتى جەڭە الامىز.

بۇل شاۋەشەك قالاسى ۇقك ادامدارىنىڭ تەلەفون نومەرى، سەنبەسەڭىز قوڭىراۋ شالىپ «ز» مىرزانى تانيسىڭدارما دەسەڭىز بولادى:

سىرتقى ىستەرگە جاۋاپتى باۋىرجان +8613999490444;
شاۋەشەك قالاسى ۇقك پان +8613369015850
شاۋەشەك قالاسى ساياسي ىستەر ءبولىمى +8613999746166
تولى اۋدانى قوعام قاۋىپسىزدىك مەكەمەسى وترياد باستىعى قاينار +8618999482842

Erkin Azat, Sarykant Kazakhstan

22.06.2019

Erkin Azat
Erkin Azat

No responses yet