Серікжан Бияштің Қазаққа жасаған қастандығы

Erkin Azat
30 min readFeb 9, 2024

--

Менде Серікжан Бияштың Қазаққа жасаған қиянатын жасырып қалсам ақиқатшылығым қайда қалады?

Құрметті оқырман, бірнеше күн бұрын Серікжан Бияштың «Ерлан Бекмырзаның ертеректе Атажұртқа көмектескені үшін оның АРСЫЗ АЛАЯҚТЫҒЫН жасырып қалсам, көрмеске салсам, ақиқатшылдығым қайда қалады?! Тура биде туған жоқ!» деген постын оқыған соң Серікжанның өз көзіммен көрген біраз Қазақтарға жасаған қиянаттары еріксіз есіме түсті.

Ия, Серікжан бәрін дұрыс, керемет айтады, бірақ “Молданың айтқанына сен, істегенін істеме”-дегендей айтқан сөзінен оның істеген ісі мүлдем бөлек, оның мына “АҚИҚАТШЫЛ” постынан кейін менде Серікжанның көп алаяқтығының ішінде өзім куә болған Қытайдың Лагеріне қамалып шыққан Гүлзира Әуелханға жасаған қиянаттары, Серікжан үй қамақта жатқанда Францияға барып бостандық сұраған Гаухар Құрманәлиеваға жасаған қиянаты және Атажұртты құрған Қыдырәлі Оразұлына жасаған қастандығын айтпасам, ақиқатқа қиянат болар. Ал басқа қанша адамға қиянат жасағанын көзбен көргендер айта жатар.

Мен өзімді таныстырмас бұрын Серікжан Бияштың мен туралы айтылған видеолерін ұсынайын.

(Мен туралы Серікжанның айтқан видеосы)

Мен туралы басқа да ақпаратты сайтта Erkin Azat (Meiirbek SAILANBEK) деп іздесеңіздер шығады.

Сіздерге Серікжан Бияштың адам құқығы қорғау жолында Қазақтарға жасаған қиянаттары мен диктаторлық мінездерін өз көзіммен көрген және өзім дәлелдей алатын факттермен баяндап берейін. Егер мен туралы қандайда бір күдік-күмандарыңыз болса, Парижде жанымды баға алмай, жәшік-жәшік ақшаға сатылған дәлелім болса, Францияның ішкі істеріне (www.interieur.gouv.fr) хат жазып сұрастырсаңыздар болады.

Серікжанның Гүлзира Әуелханға жасаған 1-ші қиянаты

Серікжанның Гүлзира Әуелханды құтқарудан аттонын ала қашуы:

(Сілтеме https://shahit.biz/eng/#1723)

29.12.2018 күні Гүлзира Әуелқанның күйеуі Тұрсынжан маған(Еркін Азат) және Серікжан Бияшқа хабарласты, оның айтуынша әйелі Гүлзира Әуелхан және тоғыз адам Қытайда қатер үстінде тұр, олар Қытайдың Құлжа ауданы Жияфаң қолғап тігетін құлдық зауытында мәжбүрлі еңбекке жегілген. Оларға жергілікті әкімдік “Бұл заводта сендер тек уақытша істейсіңдер, сосын Қазақстанға қайтасыңдар”-деп оларға келісім шартқа қолу қоюға мәжбүрлеген, егер қол қоймаса ертесі таңертең оларды лагерге қайта қамайтындарын ашып айтып, қорқытқан.

Жоғардағы суреттегі сөзді Тұрсынжан жазып отыр, төте жазудан аудармасы: “Ассалаумағалайкум бауырым қалай жақсыма? мен Тұрсынжан Есенәліұлы бүгін кеште әйелім Гүлзира Әуелқанқызын Құлжа ауданындағы зводқа алып кеткен. Ол завод Құлжа қаласы мен Құлжа ауданы орталығы екен, бұрын кендір завоты болған, соны өзгертіп киім, қолқап, сумка жасайтын бес түрлі завод екен, Құлжа ауданы халық доғдырхананың алдыңғы жағы жаңа салынған зауыт шетінде бір-екі ғана құрылыс бар дейді, түсіндіңбе?” деп жазылған.

Бұл заводта жұмыстан түскен соң кешкі сағат 20:00 де жатақханада телефон істетуге, Вичатпен сөйлесуге болады екен, сол себепті Гүлзира бар жағдайды күйеуіне вичатпен айтып жеткізген, күйеуі бізге хабарласқан соң мен дереу халықаралық тілшілермен байланысқа шықтым, әрі Серікжанға дереу хабарласып мына жағдайдың өте шұғыл екендігін, он адамның тағдырының қыл үстінде тұрғанын айтып, оны Атажұрттың кеңсесіне келуін шақырдым, және журналистермен сөйлесіп кешкі сағат сегізде Гүлзираның уечатқа қайта шығатын уақытында сухбат алатынымызды айттым, бұл кезде түстен кейінгі сағат алты болды, Серікжан өзінің басқа жұмыстарымен, бір «маңызды» кездесулерде болғанын айтып кейінірек баратынын айтты, мен Атажұрт кеңсесінен шығып жақындағы асханада кешкі асқа шықтым, Серікжанға асхананың мекен жайын айттым, ол маған күте тұруын, сәл тұрып баратынын айтты. Ол кезде мен Серікжанды кешкі сағат 18:00 ден түнгі сағат 0:00 ге дейін 6 сағат күттім, ол келмеді, ең соңында ол маған: «Табиғат (Атажұртта істеткен жалған есімім) бүгін кездесуден қатты қалжырап кеттім, жүрегім қатты соғып кетті, мен қазір Ұзынағаш жақта едім, Алматыға баралмаймын» дейді, менің өзін күтіп отырғанын, Қытайда қандастар құлдыққа жегілейін деп тұрғанын біліп тұрып, 6 сағаттан соң осылай айтып тұрғанына ашуландым, жәй кезде “Қазағымның табанына батқан шөлмек менің маңдаймыма қадалсын” деп соғатын сөздері есіме түсіп түңіліп кеттім.

Мен АҚШ-тың Wall Street Journal газетінің Бейжіңдегі тілшісі Eva Dou және Америкалық RFA ақпарат құралының тілшісі Чиаулоң мен байлансқа шықтым және Тұрсынжанмен байланысқа шығып, әйелімен толық мән жайды сұрап алуын, сосын сухбат жасайтынымызды айттым, Тұрсынжан арқылы оның әйелі туралы тілшілерге уақытты қолдан бермей ақпаратты жіберіп отырдым, сосын олар түнгі сағат 1:00 ден 3:00 ге дейін Түрсынжанмен сұхбат жүргізді.

Ертеңінде (30.12.2018) Wall Street Journal тілшісі Ева жағдайды білген соң жергілікті уақыт 10:00 да Гүлзира мен бірге тағы тоғыз адам жұмысқа жегілген Құлжадағы заводқа телефон соғып, осы 10 адамның жағдайын білу үшін, Бейжіңнен Ұрімжі-Құлжаға ұшып баратынын айтты.

30.12.2018 күні Гүлзира қамалған Завод басшылары басында ондай мәжбүрлеудің жоқ екендігін айтып жалтарды, мен ертесі Атажұрт кеңсесіне Тұрсынжанды шақырып басқада тілшілермен кезігуді жоспарладым(12:39), әрі Серікжанға хабарласып кеңсеге келуін сұрадым, бірақ ол Gene Bunin-нің байланыс нөмерін берді (13:44)де өзі келмеді.

Мен Гене Бунин және Волкан(Түрк оқымыстысы) отырып Тұрсынжанмен сұқбатты жалғастыра бердім, өйткені бізге Гүлзираларды құтқару маңызды. (Жоғардағы видеоні естісеңіздер біз Атажұрттың кеңсесінде Тұрсынжаннан сұқбат алып отырмыз, бірақ Серікжан келмеді).

Бұл 2019 жылдың жаңа жылына бір күн қалған кез еді, менің бар зейінім осы 10 адамды құтқарып шығару еді, шетелдік тілшілермен байланыс арқасында Гүлзира Әуелқан туралы хабарлар әлем ақпараттарында жариялана бастады.

Мен Серікжанға Гүлзира мен тағы тоғыз Қазақты құтқару туралы жанталасып, оның көмектесуін сұрап жүрсем, ол түнгі сағат үште маған «бұйрық» беріп былай дейді: «Бір сауалнама жаса, 2018 жыл адамы кім? деген, (Мені қосып, Абзалды қосып) бірнеше тізімдік жаса, дауысқа сал» дейді, ол кезде Серікжанның Абзал Құспанмен бақталасып жүрген кезі еді, мен таңқалдым, Қытайда Қазақтардың өмірі қатерде тұрған кезде Серікжанның оны қаперінеде алмай, өзін жарнамалап, құр атаққа әуес адам екенін көргенде түңіліп кеттім, Серікжанға он адамның тағдырынан бұрын өзінің атақ-абройы бірінші қойғанын көріп жиіркеніп кеттім.

31.12.2018 күні Wall Street Journal тілшісі Ева және басқа тілшілердің Қытайдағы Гүлзиралар қамалған заводқа қайта-қайта хабарласып, ол туралы хабарлар таратып қысым жасауының арқасында Гүлзира және басқа тоғыз адам Заводтан бостандыққа шықты. Дәл сол кезде бұдан бұрын Гүлзираның мәселесін елемей Атажұрт кеңсесіне келмей қашқақтап жүрген Серікжан “дайын асқа тік қасық” болып, Гүлзираларды өзі құтқарған болып зарлап лекция жасады, мен оның бұл қылығынан тіпті де жиыркендім, бірақ маған ол кезде Серікжанның алаяқтығын ашудан гөрі Лагердегілер мен құлдық заводтардағы Қазақтарды құтқару әлде қайда маңызды болды.

Жоғардағы видеоні зерделеп көрсеңіздер, Тұрсынжан түнгі сағат бірден үшке дейін сұқбат берген, бұл сұқбат негізі сол уақыттан ертерек болуы керек еді, бірақ біз ортада Серікжанды күтіп жарты күн уақытты өткізіп алдық.

Төмендегі хабарлар сол кезде жарияланды, басқа адамдар жаңа жылды тойлап жүрді, бірақ мен ол кезде Гүлзира және тоғыз адамды құтқару жұмысымен ұйықтамай жұмыс жасадым. Мен үшін мерекеден гөрі адамның жаны маңызды болды.

(Сол сұхбаттың дәлелі төменде)

Гүлзира Әуелқан туралы толығырақ ақпарат осы сайтта жазылған:

Серікжанның Гүлзира Әуелханға жасаған 2-ші қиянаты

Серікжанның Гүлзира Әуелханның 5000$ ақшасын тартып алуы:

2020 жылы Серікжан АҚШ қа барып босқындық мәртебесін алу үшін, қасына Қытай лагерінің куәгері Гүлзира Әуелханды ертіп алғысы келді, себебі ол өзін АҚШ үкіметіне Гүлзираның қорғаушысы етіп көрсетіп тезірек босқындық мәртебесін аламын деп ойлады. Серікжан Гүлзираға “Мен сені АҚШ қа алып барып Сайрагүл Сауытбай сияқты жұлдыз қылам, әлем ақпараттарына шығып, әлемдік жиналыстарға алып барам, Сайрагүл сасып қалады” деп оны алдайды.

Сол жақтағы сурет: Серікжанның Ерлан Бекмырзаға белет алу барысындағы тапсыруы

Содан Гүлзира Серікжанға сеніп күйеуі мен қызын алып Серікжанға еріп ешқандай танысы жоқ Түркияға келеді. Төменде Серікжанның Ерланға жазған хаты:

Сен ол екеуіне белет ал (Қайда барады?) екі-үш күннен кейінгі арзан ұшақ белетін ал, Алматыдан Ыстанбұлға, оларда екі жәшік бар, қанша арзан болса сонша жақсы, Москвадан ұшса тіпті жақсы, жиырма сағат ұшса одан да жақсы, қаншалық ұзақ ұшса соншалық жақсы (Тіке ұшатын белетті алайын), Хы хы, ол бізді бопсалады, бізді қорқытты.

3 адамға Стамбулдай үлкен қалада жүріп-тұруға, тамақтарына ақша ауадай қажет, Сол кезде Серікжан Гүлзираға көмектесуге халықтан ақша жинады, содан көптеген азаматтар Гүлзира үшін қаржылай көмектерді Серікжанға берді. Дәл қазір Серікжан қаралап отырған Ерлан Бекмырза деген жігіт сол кезде Гүлзира Әуелханның тамағы мен белетіне көмек үшін деп 5000$ көмекке Серікжанға берген еді.

Бірақ Серікжан бұл ақшаны Гүлзираға бермеген, Ерлан Гүлзираға көмек ақша деп Серікжанға бергенін айтқан, Гүлзира Серікжаннан сұраса Серікжан “Бұл 5000$ кезінде сен Қазақстанға келгенде, біз саған берген көмек қаражатымыз, көмір, азық-түлік алған ақшамыздың өтеуі”- деп Гүлзираның бар жоғы 5000$ ін қағып алыпты.

Гүлзира Әуелхан «Сіздер неге сол кезде айтпадыңыздар, егер сіздер көмектескен, көмір алып берген ақшаларды кейін қайтарасыңдар десеңіздер біз ол көмекті алмайтын едік қой»- десе жоқ, ол сендерге уақытша берілген ақша депті Серікжан Бияш.

Ал төмендегі мына видеоны (06:22 минутын) қарасаңыздар Серікжан Бияштың мұқтаж жандарға көмек бермегенін, оның айтуынша бұл Қыдырәлілердің және басқалардың ісі болғанын, ал өзі тек тілшілермен байланыста болғанын айтады, ал шын мәнінде өзі тілшілермен байланысатын кезде қашқақтап жүргенін жоғарыда айттық, сонда Серікжан Бияш не асыраушылары Қытайда қамалып, қиналған қандастарға көмектеспесе, не Қытайда қамалған қандастар туралы сұхбат аламыз деген тілшілерден қашқақтап жүрсе, не Қандастардың жазған бір бет арызын тиісті мекемелерге, халықаралық ұйымдарға өткізбесе? “Серікжан тегі Атажұртта не істеп жүрген?”- деген ойға еріксіз ораласыз.

Жоғардағы видеонің 01:00 ында Тілектер “Қазақи” жолмен ақшасын қайтарып алғысы келіп, оның атын айтпаған, бірақ бұны “Бопсалау” деп атаймыз.

Серікжанның Гүлзира Әуелханға жасаған 3-ші қиянаты.

Гүлзира Әуелханның АҚШ қа баруы, Серікжанның Гүлзираны АҚШ-та өткен «Қытай Лагер куәгерлері» туралы жиналыстарға жібермеуі.

2019 жылы 9 наурыз күні Серікжанның он жылдық визасы шығады, Серікжан жоспарда Атажұртты тастап тоқалы *Айгүл екеуі 10 наурыз азанда Америкаға қашпақшы болады, олардың 9 наурыз күнгі қонақ үйін Ерлан Бекмырза алып береді, бірақ жоспары іске аспай Қазақстанда «арандату» бабымен айыпталады, Америка еркін ел болғанымен дін туралы сезімтал, Серікжанның «Кәпірлерге» жиһат ұранымен “Кәпір”, “Мүшірік”, “Дінсіз” Америкадан босқындық мәртебесін ала алмайтынын біледі.

*Айгүл — 2018 жылы Атажұртқа сұқбат алу мақсатымен келген тілші қызды Серікжан өзінің бала-шағасының бар болуына қарамастан басын айналдырып тоқалдыққа алады.

Сол себепті ол АҚШ-тан «Саяси босқын» мәртебесін алу үшін, АҚШ қа өзімен бірге бір Лагер куәгерін алып кету керек болды. Сөйтіп Гүлзира Әуелханды алып Түркия арқылы АҚШ қа баруды ойлап Түркияға келеді, бірақ олар АҚШ қа баратын жолды таппай, Түркияда біраз уақыт тұрады, олардың Түркияда тұруына Баббуссалам Оқтан деген Түркия қазағы көмектеседі.

Бірақ Серікжан Гүлзира Әуелхандарға АҚШ қа виза алу үшін, Түркиядағы АҚШ елшілігіне барып «Бізді Түркияда Баббуссалам деген Қытайдың агенті өлтірмекші, бізді тез құтқарыңыз»- деп арыз жаздыртып, тезірек Гүлзира Әуелхан отбасына виза беруін сұрайды, сөйтіп АҚШ елшілігі Гүлзира отбасына виза беріп, Серікжан оларды алып АҚШ қа жетеді. АҚШ та оларды Фу Шичу деген Қытай құқық қорғау ұйымы күтіп алады, олар осы Серікжан өз айтатын атажаулары “Кәпір” Қытайдың ұйымының көмегімен АҚШ тан «Босқындық» мәртебесін сұрайды.

АҚШ тағы «Адам құқықтарын қорғау» ұйымдары Қытай Лагерінің куәгері Гүлзира Әуелханды жиналыстарға, сұхбаттарға шақырады. Тіпті АҚШ үкіметі жанынан құрылған «Адам құқықтарын қорғау» бөлімі де Қытайдағы қысымға байланысты бірнеше жиналыстар өткізеді, бірақ Гүлзира Әуелханды Серікжан жібермейді. АҚШ тағы Ұйғыр ұйымдары бірнеше рет Қытай Лагерь куәгерлерінің «куәлік беру» жиналыстарына Қазақ, Ұйғырлардан Лагерде болғандарды шақырады, оған Сайрагүл Сауытбай қатысады, оған да Гүлзира Әуелханды Серікжан жібермейді.

2021 жылы Ұлы британия соты Қытай лагерінде болған адамдарды жинап «Ұйғыр сотын» өткізеді, оған әлемнің жер-жерінен Қытайда Лагерде қамалып шыққан адамдар барады, Қазақстаннан лагерде болған 3 Қазақ сол сотқа қатысады. Және де сол Серікжан бұл сотқа Гүлзира Әуелханды жібермейді, дәл сол кезде Гүлзира Әуелхан мен күйеуі Серікжанға қарсы шығып, «Бізді неге жібермейсің? Егер осындай жиналыстарда Қытайда көрген зұлымдықтарды айтпасақ АҚШ қа неге келдік»- деп Серікжанды үйлерінен қуып шығады. (Себебі Серікжан да Гүлзира Әуелхандармен бірге босқындық мәртебесін сұрағандықтан олар Босқындарға арналған үйде бірге тұрған).

Гүлзира Әуелхан Лондондағы Ұйғыр ұйымдарымен байланысып, «Ұйғыр сотына» аз уақыт қалғандықтан Лондонға баруға үлгермей, бұл сотқа тек онлайн қатысып Қытай лагерінде көрген қорлықтарын баяндап береді. Осы кезде де Серікжан Бияш «Гүлзира Ұйғырларға сатылып кетті»- деп Халыққа Гүлзираға көмек бермеуге шақырады.

Гүлзира және оның отбасы Ағылшын тілін білмегендіктен, босқындық мәртебесін алу үшін Серікжанның таныстырған Фу Шичу деген Қытайдың қолында болғандықтан, амалсыздан Серікжан Бияшты қолдауға мәжбүр болды.

Жоғардағы жалғанымдағы шетелдік ақпаратқа берген сұқбатын қарасаңыз, Серікжан Бияш 30 000 видео арыз жинадық дейді, бірақ бұл видеолердің көбі қайталанбалы видеолер, әрі арыз саны мыңға жетпейді.

“Жарқын жеті” және “Атажұрт”

Жоғарыдағы Серікжан жаздырған Қытай тіліндегі уикипедиясында көрсетілгендей 30 000 дай дәлел жинадық дейді, бірақ ондай арыз болған жоқ. Қызығарлық жері Атажұрт ұйымының еден жуушысы бұл уикипеияның түсіндірмесінде Атажұрт ұйымы 2015 жылы “Жарқын жеті” ағартушылық дәрісханасынан өзгерген екен, және Атажұртты Серікжан құрған деп жазылған. Атажұртты білетін кісілердің бәрі біледі, бұл ұйымды ең алғаш Қыдырәлі құрған, ол Атажұрттың еден жуушысы болып кірген, бірақ еден жуу жұмысын дұрыстап атқармады.

Серікжанның Гаухар Құрманәлиеваға жасаған қиянаты

Гаухар Құрманәлиеваның Францияда Серікжанға араша сұрауы, Серікжанның Атажұрт ұйымын тіркеуге бермеуінің сыры:

Серікжан арқылы келген қомақты қаржы 500000 теңге (Атажұрт есеп дәптерінен)

Серікжан ешқашан «Атажұрт» ұйымын тіркеуге бермеген, Атажұрттың заңды құжаттарын реттеп тапсыру барысында да кері басып жиналысым бар, конференциям бар, анау мынау деп созбақтап жүріп алды, себебі егер Атажұрт ұйымы тіркелсе онда Атажұрт ұйымна түскен әр ақшаның есебі, кіріс-шығысы анық болады да, оны Серікжан өз қалтасына баса алмайды, сондықтан Серікжан Бияш «Атажұртты» тіркету жұмыстарына жүгірмеді, тіпті басқалардың тіркетуіне ашық қарсы болды, бұл туралы сол кезде Атажұрттың заңгері болған Айман Омарова «Серікжанға талай айттым, Атажұртты тіркеуге берейік деп бірақ ол тіркеуге бермей жүріп алды»- деген болатын.

Серікжан әдетте «Бізді билік тіркемейді, ал ана Атажұрттарды билік тіркейді, олар Биліктің ұйымдары»-деп жамандап жатады, ал шын мәнінде 2019 жылы мен Еркін Азат және Гаухар Құрманалиева бастаған «Талпын жастар» ұйымы 10 күнге жетпей заңды тіркелгенде, Серікжанға ақша түсіп тұрған бренд «Атажұрттың» атынан айырылмауы үшін Астанада үй қамақта жатқанына қарамастан «Талпын Жастар» ұйымымен жұмыс істеуге үзілді кесілді қарсы болды тіпті ашық қарсы шықты, әрі басқаларға да “Талпын жастарға” жоламауға шақырады. Ал Талпын жастар болса европада Серікжанның бостандыққа шығуы үшін европа парламентіне де барды, тілшілермен кездесу барысында да үй қамақтағы Серікжан Бияшқа араша сұрадық.

Серікжан Бияш әдетте «Қытайға қарсы 10 тілшіге 10 халықаралық ұйымдарға куәлік беріңдер»- дейді, тіпті 10 Атажұрт болып жұмыс жасасаң да мен қолдаймын дейді. Ал шын мәнінде Серікжаннан бұрын осы Атажұртты құрып Қытайға қарсы ең алғаш жұмыс істеген Қыдырәлі, Қайрат, Ерболдардың ұйымдарын тек жамандаумен айналысты.

2019 жылы Гаухар Құрманәлиева үй қамақта жатқан Серікжанға халықаралық ұйымдардың көмектесуі үшін, оны бостандыққа шығару үшін Францияға келді, әрі Серікжанның өзіне қаралауына қарамастан Серікжанға бостандық сұрап Европа парламенті алдында пикет өткізді.

Атажұрттың кеңсесінде жатқан Қытай лагерінде қамалған қандастардың Қазақстандағы туыстары жазған 989 арызды Халықаралық ұйымдарға өткізу үшін ала келді, бұдан бұрын бұл жазбаша арыздардың негізі «Атажұрт» ұйымын құрушы бұрынғы басшысы Қыдырәлі Оразұлы 2018 жылы 5 қарашада өткен Біріккен ұлттар ұйымының жиналысына қатысып, өткізген болатын. Ал Серікжан бұл жазбаша арыздарға ешқашан қатыспады, тек халықарада мойындалмайтын видео арыздармен ғана айналысты.

Біз Гаухар Құрманалиева екеуіміз қолымыздағы 989 арызды Европада халықаралық ұйымдарға өткіздік. Ал Серікжан ютубта беті бүлік етпей «Біз 10 000 арызды Халықаралық ұйымдарға өткіздік» деп соғады, 10 000 арыз ешқашан Атажұртта болмаған, менде сол арыздардың бәрі сақтаулы.

Сол кезде Гаухардың қызы Қазақстанда емханаға жатып қалды, өзі де ұзақ уақыт Францияда ұйқы жоқ тамақ дұрыс іше алмай, қызын уайымдап, қан қысымы көтеріліп Парижде құлап емханаға түсті, мұны естіген Атажұрттықтар Гаухарға қаржылай көмек берейік деп үйқамақтағы Серікжанға хабарлайды, Серікжан Гаухарға көмек бермесе де бір ауыз көңілін сұрап, жылы сөз айтудың орнына “Гаухарға ақша бермеңдер, ол жалған кино жасап жатыр” — деп Гаухарға жала жапты, Серікжанның Гаухарға мұндай опасыздық жасауы — Атажұрттағы жазбаша арыздарды Гаухардың БҰҰ на өткізгені себеп болды. Біз Серікжанның осынша опасыз екенін сол кезде бірақ түсіндік.

Серікжанның Гаухар Құрманәлиеваны күні-түні жамандауының себебінен Гаухар Атажұрттықтар үшін сенімсіз адам болды, Гаухар Қазақстанның жергілікті Қазағы болғандықтан оны Серікжан «КНБ» деп қаралады, бірақ Серікжан ешқандай дәлел көрсетпейді, бар айтатыны «Гаухар айдалағы туысы Асқар Азатбекті құтқару үшін неге соншалықты арызданады, өйткені ол Асқар Азатбектің делосын сылтау етіп Атажұртты аңдымақшы болған КНБ» дейді, шын мәнінде бұл Серікжанның өзіне қарсы пікір айтқандарға, оның өтірігіне сенбегендерге «өтірік жала» жауып «Қытайшыл, КНБ» деп жала жабатын әдеті еді. Содан бастап Гаухар Құрманәлиева Серікжаннан бір жолата кетті. Бірақ ол басқа мұқтаж жандарға үн қосып, елшіліктің алдындағы аналарға көмектесіп, бірге шығып жүрді.

Серікжан Бияштың Ұйғырларға жасаған қиянаты

Серікжан Бияш бастаған Атажұрт мүшелері Қытайдағы саяси қысымды тек «Қытай Қазақтары» төңірегінде ғана шектеп келді, басында арызданып келген Ұйғыр, Қырғыз және басқалардың арыздарын қабылдамады. Бірақ біз араласып «біз адам құқықтарын қорғауда ұлтқа, дінге айырмай Қытай лагерінде жатқандардың құқықтарын қорғауымыз керек»-деп, Атажұрт кеңсесіне келген Ұйғыр, Қырғыз ағайындардың арыздарын да қабылдадық.

Жоғардағы видеосінде қарасаңыз ол Ұйғырларға қарсы және бір жолы ол мені мешітке арнайы шақырып алып Ұйғырларды бірлікке шақыратын посттарды жазбауымды “бұйырды”.

Біз ұйғырлардың арыздарын қабылдай бастағанда Қазақстандағы Ұйғыр кәсіпкерлері Атажұртқа өте көп қаржы аударды, тіпті бір Ұйғыр кәсіпкер Серікжан Бияштың жеке өзіне 100 000$ беретінін, 50 000$ ды алдымен, қалған 50 000$ ін соңынан беретін болды, әрине Серікжан ол ақшаны алуы үшін “бодау” төлеуі керек болды. Сол себепті Ұйғырларға “Қарсы” Серікжан мен Тілек Атажұрттың басқа мүшелерінен жасырынып 2019 жылы 8 ақпанда Алматыда Ұйғыр бауырлар ұймыдастырған 1997 жылғы Құлжа қырғынын еске алу жиналысында пайда болды. Әрі сол “Уәделескен” қалған 50 000$ ды қолына келтіруі үшін және де дінге жақын Ұйғырларға жағуы үшін сол жиналыста “Жиһаттап” ұрандады.

Ол осы видеоде айтылғандай: “бұл кәпірлерге! Дінсіздерге! Коммунистерге жиһат! Әрі соған дайынсыздарма!?” деді, бірақ ол 2019 да Қазақстан “Мұсылман” сақшылары қамамақ болғанда құтқарып қалғандар сол «Кәпір» тілшілер мен «Кәпір» елшілер болды, “Кәпір” Америкаға жеткізген және оған көмектескен де сол атажауы «Кәпір Қытай» — China Aid.

Ол 2019 жылы 10 наурыз қамалған кезде, Қазақстан билігімен келісіп, Мұхтар Аблиязовты жамандап, түрмеге емес ұй қамаққа ауысты. Серікжан «Терроистік ұрандар» жасағанына байланысты ұсталғанымен ол сотта беті бүлік етпей «Маған Мұхтар Шахановтар Арыз берді» деп халықты Қазақтың ұлтшыл, айтулы ақынына қарсы қойды. Бұл жерде Мұхтар Шаханмен Лагер мәселесінің қатысы жоқ.

Ұйғыр мен Дүнгеннің жауы Қазақтар! — Серікжан Бияш

Серікжан бияшқа талай Ұйғырлар үн қосты, бірақ оларға алғыс айтудың орнына Серікжан АҚШ қа жетіп алған соң ұлтаралық араздық тудыратын лекцияларды жариялайды, Қазақ пен Ұйғыр бірлігіне от жағады, біресе “біз Қытайдың териитория тұтастығын қолдаймыз”- дейді, біресе “Шығыс Қазақия”- деп шығады, бұл ұрандарының бәрі арғы беттегі Қазақ бауырларымызға қаншалықты зияны тиетінін Серікжан жақсы біледі, біледі де әдейі солай істейді. Серікжанның осындай екіжүзді опасыздығын, ауытқымалы мінезін сезген шетелдік журналистер қазір Серікжаннан аулақ жүреді.

Оны ақтау барысында Айман Омарова қандай жүгірді.

Ал соңында әйел кісі Айман Омароваға қандай баға берді.

Серікжанның Қыдырәлі Оразұлына жасаған қиянаты

2018 жылы, ол женева жиыны болатын кезде не үшін білмей қалды?

2018 жылы қазан айында Атажұрттың басшысы Қыдырәлі Оразұлы 2018 жылы 5 қарашада Біріккен ұлттар ұйымында өтетін жиналысқа, 2017–2018 екі жыл жинаған арыздарды алып бару үшін Европаға виза алуға дайындалған. Ол жиналсықа Серікжан Бияш пен Қытай лагерінде қамауда болған Аманжан Сейтті алып баруды жоспарлап, Германияның Алматыдағы елшілігінен визаға құжат тапсырады. Бірақ Серікжан Бияш белгісіз себептермен визаға керекті құжаттарын өткізбей, не телефонға жауап бермей әбден кешіктіреді, ақыр жиналысқа кешігетін болғасын амалсыздан Қыдырәлі мен Аманжан өздері визаға өткізіп, Қытайда қамауда жатқан қандастардың арыздарын алып Швецарияның Женева қаласына ұшып кетеді.

Серікжан «Қыдырәлі маған Біріккен ұлттар ұймына баратынын айтпай, мені тастап кетті» деп соқты, негізінде Өмірхан Алтын: “ Серікжан үшеуі Германия елшілігімен сөйлесіп, визаға өтініш бермекші болғанын, бірақ Серікжанның визаға керекті құжаттарды тапсырмай жүріп алғанын” айтқан болатын.

Серікжаннің өтірігі шығып қалған соң енді жалт беріп «Қыдырәлі менің паспортымды алып алып бермей жүрді» — деп жала жапты, Серікжанның дәл осы өтірігіне мен куәмін, ол кезде Серікжан Бияштың паспорты Қыдырәлінің қолында емес, қайта Ерсадық деген жігіттің қолында болды, ол жігіттің әйелінің аты Патима, ағасының аты Нұрсадық, бұлар қазір Голландияда тұрады. Керісінше Серікжан ешкімге айтпай Ерсадық арқылы АҚШ пен шенген визасын жасаутға, паспортын Ерсадыққа беріп қойған болатын.

Ерсадық және оның әйелі Патима

Серікжан Бияштың бір жаман мінезі “Құжат жұмыстарына” өте салғырт қарайды, оны аңғалдық дегенімізбен, Атажұрт сынды адамдық құқық қорғау ұйымының жауаптысы ретінде бұл өте жауапкерсіздік әрі немқұрайдылық. Ерсадық ол кезде Серікжан Бияшқа Американың он жылдық визасы мен Европаның шенген визасын ашып беруге құжат тапсырмақшы болды, бірақ Серікжан Бияш “ана анықтама жоқ, мына анықтама жоқ, банктен анықтама алдыру керек, уақыт жоқ, конференциям бар, жердің қағазы керек, ЦОНға бару керек, ертең бір маңызды конференциям бар, уақыт жоқ” — деп жүріп алды, ол кезде Серікжан Женевада жиналыс бар екенін біледі, бірақ ол әртүрлі себептермен өзінің визаға қатысты жұмыстарын өзі әдейі кешіктірді, соңында түк білмеген адам болып “мен БҰҰ да жиналыс болатынын білмедім” деп шықты, бірақ біз оның визасын жасату үшін оны күнде қузайтынбыз, ол бұл іске жүгірмеді, төмендегі видеоде көрсетілгендей Қыдырәліге тапсырып қойдым дейді, бірақ визаға әр адам өзі тапсыратынын, визаға тапсырушы өзі қатысты орынға барып өтініш беруі керектігін кез-келген адам біледі ғой. Серікжан құжаттарын өткізбей қашып жүргенде бізде күнде құжаттарыңды “дайында” деп қузадық, біз сол кезде әр күні Серікжанмен кезіккенде сұрайтын бірінші сұрағымыз “құжатыңды әкелдіңбе?” дейтін болдық, Серікжан бір тапсырмасын орындамай қашып жүрген оқушы баладай ертең әкелемін деп қашып жүрді.

Қыдырәлі Женевадан қайтып келген соң, Серікжан қасақана дау шығарып, Атажұрттың басшысын “демократиялы сайлау” жасап тағайындаймыз деп, өзі бәріне «маған дауыс бересіңдер» деп алдын ала белеттерді дайындап, Атажұрттың басшылығын Қыдырәліден тартып алады. Бұл бізге тарихта өткен “Мұртты” кісінің кешірмелерін еске түсірді. 1950 жылдары Қытайда туылған кісілер өмірлерінде бір “демократиялы” сайламмен коммунизмдік үкіметті сайлап шықты, ал одан кейін Қытайда демократиялы сайлам болмады, соған ұқсас, Серікжан Бияштан кейін Атажұртта жылына бір өткізілетін демократиялы сайлам болмады және болмайды да.

Мен бұл Атажұрттың басшысын сайлаған бірінші реткі және ең соңғы реткі “демократиялы сайламға” қатыспадым, өйткені мен теңсіз сайламға қатысқым келмеді.

Серікжан «Мен Женеваға барсам көп істі тындыратын едім»-деді, бірақ өзі міне АҚШ та тұрғанына төрт жыл болды, бір де бір халықаралық ұйымға немесе АҚШ үкіметіне, АҚШ тағы Біріккен ұлттар ұйымына кіріп Қытайдағы қандастарға араша сұрап арыздар тапсырған емес, немесе АҚШ та бірнеше рет өткен «Адам құқықтары» туралы бірде-бір жиналысқа қатысып, сөз сөйлеген емес. Тіпті АҚШ та тұратын Қазақ жастары «Қаңтар оқиғасы кезінде қамалған қазақтарға бостандық» сұрап біренеше рет митинг өткізді, ал Серікжан бірде біреуіне барған емес, сөйте тұра Қазақстандағы Қазақтарды құтқарады - мыс.

Ол керісінше АҚШ қа барып алып Қазақстандағы белсенділерді жамандап, Қазақтардың бастарын қоспауға күш салып жатыр, бұл билік үшін керек, мүмкін оны Тоқаевтың кеңесшісі үй қамақтан шығарғанда, оған осындай тапсырма берген шығар. Серікжан егер АҚШ та бір депутатпен кезігіп не болмаса бір жиналыстарға барған болса оны жер-көкке сиғызбай видеоға шығаратын еді.

Біз қайта Серікжанның қаналы арқылы Америкадағы хайуанаттар бағына көбірек қанық болдық, оның АҚШ-дағы бірден бір үлесі осы болды, рақмет.

Серікжанның маған яғни Еркін Азатқа жасаған қиянаты

Серікжанның мені де қаралап шығуынан бұрын батыстық медия журналистері мен халықаралық рақымшылық ұйымының маған шығарған анықтамасын ұсынып отырмын, әрі тек адам құқығы жолында ғана жұмыс жасадым, саясат пен дін туралы тақырып қозғамадым.

Серікжан не үшін «Атажұрт» деген аттан айырылмай жүр? себебі Атажұрт оның ақша табатын «бизнесі» болды, мен Атажұртта жүргенде жиналған қаражат мүлдем ашық болмады, мен талай рет Атажұрттың қаржысына жауапты Тілек пен Гүлжаннан әр айдың есебін сұрағанда, олар «Біз мұқтаж жандарға бердік»- деп жалтарады, менің «көмектеспедіңдер демеймін бірақ қанша адамға көмектестіңдер, қанша ақша жиналды көрейік» десем олар тоқсан сылтау айтып көрсетпейтін. Менің олардан Атажұрттың есебін сұрағаным ұнамады, содан олар меніде «КНБ-ның адамы» деп шықты, олар менің Атажұртта жүргенде жеке қауіпсіздігім үшін аузыма маска тағып, видеоге түспей тек жазбаша арызбен ғана айналысқанымды желеу етті. Әрі мен өз басым видеоге түскенді қаламаймын, мен олардың барлық қаралауына шыдадым, өйткені менің бар мақсатым лагердегілерді құтқару болды.

Мен Атажұрт кеңсесінде жүргенде Ақтаудан бір топ адамдар келді, олар Серікжан Бияшты іздейтіндерін айтты, Серікжан келген соң оларды дереу ішкі бөлмеге алып кірді, олар Серікжанға бір орама қомақты ақша ұстатып, баталарын берді, Серікжан Бияш: «Бұл ақшаларға мен жауапты емес, Гүлжан жауапты» — деп, Гүлжанға ұстатқызды, ал бұл есеп Атажұрттың есебіне кірдіме? Оны ешкім білмейді. Атажұрттың банк картасы Гүлжанның қолында, бірақ Серікжан Бияш және оның шофері Тілек Ниязбек екеуі үнемі бір жерлерге барып жүрді, бір күні олардың көлігіне Атажұрттың бір мүшесі де отырып алды, өйткені олардың баратын бағыттары бір, бірақ олар баратын жерге бармай бір банкке барды, Серікжан оған көлікте отыруын «өтінді», ол көлікте оларды күтті, сосын Серікжан мен Тілек Банктен қомақты ақшаны шығарып әкелді, Серікжан көліктегі жігітке бұл істі ешкімге айтпауды бұйырды, ол жігіт қазірге дейін ол ақша туралы айтудан қорқады.

Ол көлікте бастан-аяқ Омарәліні қаралап отырыпты: «Қытайшылдардың алған жәшік-жәшік ақшаларының алдында біздің алған ақшамыз тиындарына да татымайды»-деп қайталай берді дейді, бірақ ойлап қарасаңыз Лагердің ісіне Омарәлінің не қатысы бар? Оққағар Тілек Серікжанның шофері болғандықтан Серікжанның көп сырларын, Атажұрттың ақшасын жегенін жақсы біледі, өзі де сол ақшамен күн көріп жүрді, сондықтан олар жемтіктес ретінде бір-бірін сатпайды. Тілек Ниязбек Серікжанның Атажұрттың ақшасын жымқырғанын әшкерелесе онда Серікжанға бұл ауыр соққы болып тиеді, былайша айтқанда Тілек Серікжанның тамырын ұстап алған, сол себепті Серікжан Бияш өзінің бала-шағасы далада қаңғырып қалсада, “Бастығы” Тілек Ниязбектің тілегін екі етпей орындап, оны екі баласымен АҚШ қа әкелді. Ерлан Бекмырза Тілектер Түркиядағы кезінде Серікжанға әйелін АҚШқа Тілектермен бірге әкетуін сұраған, бірақ Серікжан өзінің әйелін АҚШқа әкелдіруге асықпаған.

Мен Атажұртта жұмыс жасаған кезімде Серікжанның маған жасаған екі қиянаты ауыр тиді. Бірі маған қасақана жапқан жалған жаласы мен мені өзінің құлы сияқты көруі.

Жала жабуы туралы екі басымнан өткен істі баяндайын:

Біріншісі, 2019 жылдың басы, бір жолы менің бір досым Талдықорғанда үйленді, мен оның “жігіт жолдасы” болдым, сосын тойдан кейін апалары маған «үйдегілерің ауыз тисін»-деп екі-үш қалта сарқыт берді, мен Талдықорғаннан Алматыға келгенде, үйге бармастан дереу Атажұрт кеңсесіне “тойдың сарқытын” алып келдім, мен үшін Атажұрт менің «үйім» іспетті болды, мен тіпті Ақтаудағы вахталық жұмыстан келіп, Атажұртқа көмектесу үшін Алматыдағы өз үйімде жатпай, Атажұрттың қасынан үй жалға алып азаннан кешке дейін арыз жинадым. Атажұрттың кеңсесіне қуанышпен кірген сәтімде Серікжанның маған айтқан бірінші сөзі: «Мына сарқытыңда у жоқпа?» дегені, төбемнен наиза ұрғандай болды, мен оның олай айтатынын ойлап көрмеппін, бетіне айтып тастағым келді, бірақ бәрі маған қарсы шығатынын білдім, өйткені Серікжан мені қаржының есебін сұрағаным себепті менен «КНБ» жасап қойған, бірақ мен Қытай түрмесіндегі боздақтарды құтқару үшін бәріне шыдадым.

Екіншісі, жазбаша анкета арызға мен жауапты болып жинадым, қасымда екі студент бала бірге көмектесті, мен арыздарды түр-түрге бөліп қойғанмын, олар Қытайда “түрмеге түскендер”, “лагерге кіргендер”, “үй қамақта болғандар” және “құлдық зауытта жұмысқа жегілгендер” деп бөліп жасаған едім, бірақ компьютерге кіргізу барысында студенттердің ауысуы себепті арыздар шатысып кетті, мен ол арыздарды реттеу үшін нотбугіме көшіріп алдым, және сол күні кешке Өскеменге барып бір кісілерден сұхбат алу керек болды. Мен Өскеменге автобуспен баражатқан кезде Серікжан мен Тілек Атажұрттың ватсап тобында мені қаралай бастады, «Дереу артыңа қайт! Арызымызды ұрлама! Қайтар!»-деп, оны қостап Тілектер жамандап жатты, “білген едік осы «Табиғаттың» Қыдырәлінің адамы екенін, ол осы құжаттарды апарып Қыдырәліге бермекші”- деді, сосын мен Өскеменге жеткен сәтте «Атажұрттың» өскемендегі мүшесі Ермек Каримбек менің алдымнан күтіп алды, автобустан түспей түріп бірінші айтқан сөзі: “Арыздар салынған USB ді бер”-дегені болды, сосын оның үйіне дереу бардық та көз алдында барлық арызды көшіріп бердім.

Осы жолыда Серікжанның маған жасаған сенімсіздігіне қатты ашуым келді, бірақ Өскемен, Ұржар, Зайсаң, Талдықорған, Қапшағайдағы Лагер куәгерлерін аралау керек, ең маңыздысы сұхбаттарды бітіру керек болды, сосын Алматыға барғанда жігітше Серікжанмен сөйлеспекші болдым. Бірақ Серікжан Бияш меннен қашқақтады, ол мені басқаларға “Сенімсіз” деп айтады екен, ал негізінде ол өзі мені Қыдырәлі кеткен соң, ортада Атажұртқа шақырып, тіпті айлық беремін деп қол ұстап уәде берген, соңында бір тиын айлығы да жоқ, не шаршадың деген жылы сөзі де жоқ, соңына өзіме жала жауып, қаралап шыға келді. (Төмендегі жазбашаны оқып оқысаңыздар түсінесіздер).

23/02/2019 Сол жақта менің мұнай компаниясында бастық болып істегендегі айлығым

Тілектер Қыдырәліні қуып шығарған соң, Қыдырәлінің “Құйыршығы” болған меніде Атажұрттан қудаламақшы болды, бірақ жазбаша арызға қабілеттері жетпеген соң, Серікжан өзі менің қолымды ұстап жалынып: “Айлық береміз қалсаң бізде, Қыдырәліге бармасаң” деп өтінді. Бұл жерде менің айлығым жетеді, менің мақсатым бейуақтарды құтқару жұмысы тоқтап қалмаса екен дедім.

Мені және басқа Атажұрт мүшелерін құл сияқты істеткенді жақсы көреді, біздің жұмыс ауыр, мен азаннан кешке дейін Табиғат деген атпен кеңседе арыз жинаймын әрі бір аптада алты күн, таңғы сағат 09:00 дан кешкі сағат 21:00 ге дейін, күнде 30 арыздан кіргізіп отырдық, жарым түнде және де еркін азат болып тілшілерге сұхбат беремін, сол себепті көздерім де қайта қайта қызарып кетеді, әрі ол кезде бізге тамақ та берілмейді, шаршадыңдар деген бір ауыз жылы сөз де айтылмайды.

Менің көзім көп шұқшиып қарап отыруға шыдамайды, бұл менің 2018 жылы мамыр айында көп материял қарауым себепті көзім қызарып кеткен кезі, соңынан қайта-қайта он күн укол салумен жазылды.

Мен Қазақстанда мұнайда 12 жыл каротаж инженерлігі және менеджер болып жұмыс жасадым, мен әр жолы саптастарыммен бірге қиыншылықта болдым, әсте біреуіне бұйрық раймен сөйлемедім: “Сен мынаны істе емес, біз осыны істейік” деп жүрдік, ал Серікжан бізді өзінің құлын жұмсағандай сөйлейді, бізге жылу танытқысы да келмейді.

Бір күні мен кеңседе арыздарды жинап отырғанымда Атажұртың бір мүшесі маған Атажұрттың бұрынғы мүшесі Ермекпен екінші араласпауымды «бұйырды», мен себебін сұрасам ол Қытайларға сатылып кетіпті-мыс, ал енді оның Қытайға сатылған дәлелі Серікжан Бияшқа қарсы шығуы екен, сосын бір кезде менің телефоныма Серікжан Бияш бір мақаланы жіберді, оқысам Омарәліні және Жебеу ұйымын қаралаған мақала екен, мен залға шыққан кезімде, Серікжан Бияш маған: «Табиғат, мынаны ана сенің аккаунтыңмен (Еркін Азат) тарат» деп бұйрық соқты, мен бұл мақалада ешқандай дәлел жоқтығын, Еркін Азатта тек дәлелді мақала жазылатынын айттым, ол қасымызда өтіп бара жатқан Тілекке дереу бұрылып: «Тілек, мынаны анау сенің (файк) аккаунТАРыңмен тарат!» деді, «мақұл, жарайды» деп ол басын изеп кетті, менің көз алдыма бір істі ақылдасып шешетін кемеңгер басшы емес, диктатор ғана көрінді.

Сол себепті мен де Атажұртты бір ашық жүйеге келтіруге тырыстым, бір күні бәрінің басын әзер қосып бір жиналыс ашу үшін Атажұрттің кіші кеңсесінде жиналдық, тек Серікжан Бияш жоқ, ол басқа бөлмеде Ауыт Мұқибекпен 30 минут телефонда сөйлесті, біз күттік, сосын бөлмеге кірген соң жиналыстан бұрын «Қытайшылдарды» және 30 минут қаралады, 1 сағат уақытымыз кетті, біреулерді орынсыз қаралауға Ербол Дәулетбек пен Қайрат Байтолла ағаларымыз ашық қарсы болды, бірақ оларды тыңдамады, әрі оларды шеттеті, сосын мен сөзін дереу ортадан бөліп жиналыстың мазмұнын баяндадым:

1. Атажұрттың ашық жарғысы болу керек, не істейміз, не істемейміз, саясат пен дінді араластырмаймыз, тек қана адам құқығы туралы жұмыс жасаймыз;

2. Есеп анық болу керек, әр айдың соңында кірім-шығым есебін көрсету;

3. Атажұрт ютуб каналындағы арыздарға ат қойылуы мәселесі, өйткені мен тілшілермен байланыс барысында арыздарды іздеу бізге қиындық әкелді, олардың айтқан себебі Ғалымбек қарбалас, оның әр видеоге ат қоюға уақыты жоқ, “сұмдық хабар”, “сұмдық сұмдық хабар”, “сұмдық сұмдық сұмдық хабар” … ;

4. Кісілердің атына, жеріне, ұлтына, сыртқы келбетіне тіл тигізбеу, балағат сөз айтпау және таратпау, Атажұрттың келбетін сақтау;

Жиналыстың соңы айналып келіп Омарәліні қаралаумен аяқталды, жиналыстың мазмұны далада қалды.

Жоғардағы сурет Атажұрт жұмыс дәптерінен үзінді, аудармасы: Жақындағы жұмыстар: 1. Офис көшіру мәселесі; 2. Баспа сөз жиналыстары болады; 3. Лекция тобы құрылды: Топтарда қандайда бір Атажұрт туралы, Серікжан Туралы сөздер тараса дереу әркім өз тобын қадағалап отырып, жұмыс тобына салу, жауапты адам лекция тобына салып, лекция ұйымдастыруы керек, жауапты адам: ?

Бір жолы кеңседе Серікжан Бияш маған: «Мен бұл Серіктермен (Жебеу)он жылдай болды арпалысып келе жатқаныма» деді, демек бұл дау Серікжан Бияш пен Омарәлі, жебеулердің жеке араздығы, өйткені он жыл бұрын лагер болмады, болған күнде де Серікжан Бияш он жыл бұрын лагер туралы сөйлемеген, ол не үшін әр сөзінде оларды тықпалап қаралай береді, мейлі ол рас Қытайшыл болса да біздің айқайлауымыздың не қажеті? Соғыста ашық соғыс және партизандық соғыс дегендер болады, кей нәрсе ашық болады, кей нәрсе жасырын болады, бірақ Серікжан Бияш тек қана солардың ашу-ызаларын келтіруді көздеді, соңында өзіне арыз беріп сотқа апарумен тынды.

Ал енді Атажұртта тек адам құқығымен ғана жүреміз деген жолымызға қайшылық жасап ұсталған “Басшымызды” біз «нөкерлері» өзімізді ұстау қауіп-қатеріне қарамай құтқаруға ат салыстық, халықаралық ұйымдарға шықтық, халықаралық рақымшылық ұйымымен бірлесіп «Серікжанды құтқару» арызын жаздық әрі халықты жинап қол қойғыздық, видеолер түсірдік.

Ойымыз тек қоғам теңсіздікте болмаса екен дедік, кейбіреулер мені қате түсінеді, сен Серікжан Бияшты қолдайсың деп, бірақ суға түсіп кеткен адамды біз бірінші құтқарамыз, біз ол адамнан руың қайсы деп сұрап тұрмаймыз, мен үшін кім ұсталып кетсе де оны құтқару ісіне араласамын, мен үшін олардың қандай ойда болуы қызықты емес, әрі бұл олардың өзінің ой еркіндігі, әр қандай жан иесі өзінің ойында болғаны себепті кемістуге, қаралауға, қудалауға, қамалуға болмайды.

Жоғардағы суреттің маңызды жерінің аудармасы: Гүлзира: Сәлем Гаухар тателер сұқбатқа келе жатыр, шетел тілшілері бар дейді; соңынан әрқандай сұхбаттың алдымен Тілектен сұрау керектігін жазып, қайтадан кетіріп тастады; Еркін Азат: Қазір Тілекпен емес, менімен тіке байланыста боласыз. Қазіргі жағдайды білесіз, оларды қазір аңдуда, телефонда көп нәрсе жазуға болмайды.

Серікжан Бияш Астанада үйқамақта жатқан кезде шетелдік тілшілер және де келді, олар ашық сұхбат ала алмайды, өйткені сақшылар тілшілердің де артынан түседі, бізге де қатер бар, бірақ куәгерлермен кездесулері керек, біз бірнеше куәгерлермен сөйлестік, олар сұқбат беруге мақұл болды да жарты сағатқа жетпей бәрі сұхбат беруден бас тартты, себептерін айтпайды, сосын бір куәгер маған айтты: «Әрқандай тілшіге сұқбат беруден бұрын Тілектен өтуі керек, Тілекке сол тілшілердің ақпаратын беруі керек, сосын Тілек ол тілшілердің шын-жалғанын тексеріп болған соң сұхбат беруге болады, одан бұрын тілшілерге сұхбат беруге тиым салынады» деді, бұл талапқа шетелдік тілшілер қосылмады, біріншіден олар ақпаратын Тілекке берсе, Тілек Астанада үйқамақта отырған Серікжан Бияшқа жіберетіні анық, ал Серікжан Бияштің телефоны Қазақстан үкіметінің бақылауында, сол арқылы Қазақстан сақшылары тілшілердің артынан ере алады әрі ол тілшілерді Қазақстаннан қуып шыға алады. Сол себепті куәгерлерден және жәбірленушілердің отбасынан сұхбат алу жұмысы көп кедергілерге ұшырады, Серікжан Бияш лекциясында «Лагер мәселесін тоқтатпаңдар, он Атажұрт болып жұмыс жасай беріңдер» дейді, бірақ ол Астанада үйқамақта отырған күннің өзінде де біздің адам құқығы жұмыстарымызға кедергіліктер келтірді, мен Парижге келгенімде де кейбір куәгерлер менімен сұхбаттасудан бас тартты, мен тек шетелдік тілшілерге оларды диктатор жүйедегі Қазақстан үкіметі қорқытуда деп қана қойдым, бірақ олардың Серікжан Бияш басқарған диктатор жүйедегі Атажұрттың «Қорқытуында» екенін айтпадым, ойласам бұл қателік.

Осы арада Серікжан Бияштан және оның тобындағы адамдардан қорқыту көрген кісілердің ашыққа шығуын үміт етемін!

Серікжан Бияштың Атажұрты куәгерлер мен жәбірленуші отбасыларын контролдап алған, егер оған қарсы шықсаң дереу Қытайшыл қылып жібереді, сол себепті олар Серікжан Бияштың айтқанынан шықпайды, сұхбат берме десе бермейді. Видео арызды халықаралық орында танымайды, сен мінберде тұрып ютуб каналымды қара демейсің ғой, әрқандай бір ұйымда баяндама (доклад) болады, жылдық, айлық деген.

Мен Парижге кетер кезде маған Атажұрттың 7 TB видео арызын да олар аманаттап маған берді (жоғарыдағы суретте көрсетілгендей), бірақ халықаралық ұйымдардың меннен сұрағаны жазбаша арыз бен баяндама болды, олар видео арызды «алмады» және «алмайды». Сол себепті Серікжан Бияш оларға видео арыз жібердім дегені рас, бірақ олардың қабылдамағаны да шындық, өйткені олардың жұмыс тәртібі солай, ақ қағаз бен қара қаламға жазылған арызды ғана қабылдайды.

Жоғарыдағы видеоде өзі айтқандай ақ қағаз қара қаламмен арыз жазамыз дейді де өзі мәселеге жолыққанда ақ қағаз бен қара қаламмен емес қайта ютупте лекция тарата береді.

Жоғарыдағы видеосінде заңмен жүреміз деген.

Заңды түрде арыз жазамыз, көшеге шықпаймыз деп, Америкаға барған соң халықты көшеге шығуға шақыруда, 2:25 минутында ата-бабамыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның үшімен қорғаған жерімізді қорғауымыз керекпіз деп Амантай қажыша аттандатады, ал басқа лекциясында Қазақты келемеждейді.

Бұл науқасты біз Шизофрения яғни Логикалық сандырақ ауруымен ауыратын науқас дейміз, ғылыми тілмен айтқанда, ойлану барысында ойдың бұрыс жолмен кетуінен туындайды. Негізінен ой қорытындысында, пікірде, ұғымдарға анықтама беруде, дәлелдеу мен теріске шығаруда, жалпы ойлау кезінде ойдың логикалық жүйесінің, логикалық заңдардың бұзылуын білдіреді, бұл науқаста және де ұлылық сандырағының белгілері бар, сол үшін оның маңайындағы жақындары яғни Тілектердің оның ауыруы асқынбай тұрғанда ертерек емдетуін үміт етемін.

Серікжан Бияштың аналарға жасаған қиянаты

Біле білсеңіздер Байболат, Ақиқат және аналар елшіліктің алдында шығып жүрді, ал Серікжан Бияштың Атажұртындағы Дәулетжан, Гүлжан, Бекзат, Әбілқайыр төртеуі 2021 жылы қыркүйек айында оларға барып: «Елшіліктің алдына мүлде шықпаңдар, осымен тоқтатасыңдар!» деп бұйрық берген. Байболат, Ақиқат және аналар оларға көнбей жалғасты шығатынын айтқан.

Ауыт Мұқибек оларға Серікжанды кешіруге шақырады, Бекзат Мақсұтқан Байболатты “енді елшіліктің алдына шықсаңдар, күліңді көкке ұшырамын” деп қорқытқан.

Іле-шала Серікжан Бияш ютуб каналында Байболаттың шешесін жезөкшеге, әкесін алқашқа теңейді, Байболатты әйеліне теңеумен қоймай оны «талақ» қылады. Бұл жерде ашығында Серікжан Бияш аналардың елшіліктің алдына шығуына қарсы болды.

Аналар қамалғанда халық олардың әкімшілік айыппұлдарын төлеулеріне көмектесу үшін “Атажұрттың” шотына ақша жібереді, Бекзаттар аналармен кездескенде оларға халықтың жылу ақшасын бергеннің орнына оларды “Біздің нұсқауымзсыз қамалдыңдар, біз сендерге шық деген жоқпыз, екінші елшіліктің алдына шықпайсыңдар” деп олардың жылу көмегін жымқырады, сол себепті аналар айыппұлды өздері төлеуге мәжбүр болады.

Серікжан Бияштың Жанаргүл Жұматайға жасаған қиянаты

Бір жыл бұрын бір Француз зерттеушісі Cloe Drieu маған шұғыл хабарласты, оның айтуынша Үрімжіде бір лагерден шыққан қыз Америкадағы Серікжан Бияшқа өзі байланысқа шығып оған өзін құтқаруды өтініпті, әрі маған олардың ютубтағы диалоктарын аударып беруімді өтінді, жағдай өте шұғыл, мен қабыл көрдім, әрі сол зерттеушінің үйінде Серікжан Бияш пен Жанаргүл Жұматай қызының сөздерін сөзбе-сөз аударып бердім, ол кезде бір Америкалық оқымысты да қасымызда болды. Екі сағаттық видеоні аударып біттік, соңында бұл екі зерттеуші таң қалды, әрі маған сұрақ қойды:

1. Мейірбек, біз Жанаргүл Жұматай Серікжанға байланысқа шықты деп ойлаппыз, бірақ Серікжан Үрімжіде әліде қауіп астында тұрған Жанаргүлге байланысқа шыққан, не үшін? Әрі видеоде айтылғандай Жанаргүл Серікжанды басында танымайды, ал Серікжан ол қыздан ақпарат алудың орнына бір сағат өзінің ойларын тықпалайды, адам құқығы жұмыстарында бұл әрекет өте қатерлі, Серікжанның тәжірибесі жоқпа?

2. Сізде уичат барма? Сіз Жанаргүл Жұматайға шыға аласызба, біз онымен сөйлессек деді, ал менде (Еркін Азат) қазір уичат жоқ, бұғатталған, өйткені Қытай үкіметі шектеп тастаған, ал Қытайдың қас жауы болған Серікжан Бияш АҚШ да емін-еркін уичатпен Жанаргүлге байланысқа шыға алады екен әрі онымен екі сағаттан артық сөйлесе алады екен, бұл қалай?

Халықарада Тибеттік, Ұйғыр, Тайуандық басшылардың телефон нөмерлері Қытайға бұғатталған, тіпті олардың дауыстары да автоматты түрде бұғатталады, бірақ Қытайдың атажауы Қытайға 2 сағаттан артық қатерсіз сөйлеседі, ойланыңыз.

3. Серікжан не үшін үйленбеген қызды Америкаға шақырады? Оның әйелі қайда? Мысалы менің өзім Америка азаматымын, мен Америкада туып өскен адаммын, менің өзім Жанаргүлді Америкаға әкелдіре алмаймын, ол қалай әкелдіре алады?

Жанаргүл Жұматай сұхбат барысында өзінің алаңдаушылығын білдірген, бірақ Серікжан: «Егер олар сені ұстап кетсе тоқтамай арызданамыз, Жанаргүл қайда деп мазасын аламыз» деп сендірді.

Құрметті Серікжан Бияш, бір жыл өтті, Жанаргүл қайда?

Елді назарға тарту үшін бір жан иесін құрбандыққа шалу адамгершілікке жатпайды.

Төмендегі видеодан Серікжан Бияштың Алтайлықтарды балағаттағаны және кеңсеге келген Қойшыбекке дөрекілік көрсеткенін көре аламыз.

Гүлзира Әуелқан және оның отбасы, Серікжан Бияштар Америкаға келгенде паналыққа өтініш тапсырған, Гүлзира Әуелқандардың өтініштері қабыл болады, ал Серікжан Бияштың өтініші 3 рет қайтарылады, оның ісіне жауапты Америка елшісі өзге елдегі онымен істес болған адамдардан сұхбат алған, Америка елшісінің сөзінше ол «Сенімсіз адамдар» тізімінде, ондай адамдар лезде қайтарылмайды, қайтадан сотқа арыз беруіне болады, бірақ басқалардың сотында оның куәлік сөздері есепке алынбайды.

Серікжан Бияштың Ерлан Бекмырзаға жасаған қиянаты

7 жылдан бері оған және Атажұртқа қаржылай көмектесіп келген Ерлан Бекмырзаны сатуының себебі, Атажұрттың арыздану, сұқбат беру жолдарын монополдағанға ұқсас, Серікжан мен Тілек Ниязбек екеуі транзиттік адам саудалау жолын “Игеріп” алады, сол себепті Ерланды дереу қаралап, өздері осы жолмен басқалардан қаржы жимақ жоспарында болады, жоғардағы видеоде оның басқаларға шетелге қалай кету туралы кеңес берген лекциялары бар, бұл батыс елдерінде қылмысқа жақындау әрекеттер екенін ескергім келеді.

(Қытайшадан аударма: Ол үшін маған қомақты қаржы керек; Онда мен аналарға көмектеспей тұрайын, оларға бес мың доллар аудармақшы едім)

Ерлан Бекмырза Сайрагүл Сауытбайдың сотында

Соңында Серікжан ешбір лагерде болмаған өзінің және Тілектің туыстарын маңайына жинау барысын аңғарған Ерланға: “Америкада ешқандай Атажұрттың болмайтынын, ешқандай соттың да болмайтынын айтқан”, Ерлан оның лагерды желеу етіп адам саудасымен айналысыпақшы болғанын, ұлтшыл емес екенін сезген кезде дереу оны қаралап шыға келген.

Және де ол өзінің құдай қосқан әйелін Голландияға қалдырып қойған, оны Америкаға әкелдіруге асықпаған, себебі, ол және Тілектер Америкада тұрып Канадаға “Он мың Ұйғыр, Қазақтарды” көшіру жобасын пайдаланып халықтан ақша жинайды, ал әйелі мен Ерсадық, Нұрсадықтар Европада тұрып Европаға кететін Қазақтардан ақша жинайды.

(Нұрлы көш 2024 бағдарламасына қол шапалақ!)

Атажұртта жүргенде біз Серікжан Бияшқа «Тоңмойын» деген лақап ат қойғанбыз, онымен жұмыс жасау барысында менікі қате болды деген бір ауыз сөзді естімедік, тек бәленің бәрін басқаға арта салады. Менің сізге айтарым:

1. Ешқандай бір арызды кіргізбегеніңзді мойындаңыз;

2. Марко Робиомен туалетте отырып сөйлеспегеніңізді мойындаңыз;

3. Ешқандай депутатпен кезікпедіңіз, тек хайуанаттар бағын аралаумен шектелгеніңізді мойындаңыз;

4. Өмарәлі Әділбек және Жебеу ұйымының ешқандай Қытай күші емес екенін мойындаңыз, өйткені халықаралық медияға осы күнге дейін олардың дәлелін көрсете алмадыңыз, тек Қазақтарды алдап жүргеніңізді мойындаңыз

«Сен» мойындамайсың, өйткені сен тоңмойынсың.

Сенде ақпарат саласында жұмыс жасадың, хабардың бәрі дәлелмен жазылатынын білесің, бірақ ешқандай дәлесіз біреулерді өзіңнің ойыңа келіспегені үшін оларды Қытайдан ақша алған деп қаралама, дәлелін көрсет. Шетелдік тілшілерге сол “Қытайшылдардың” бір дәлелін көрсете алмайсың, тек Қазақтарды ғана алдап жүрсің.

Қыдырәлі, Сәуле Әбілдаханқызы, Абзал құспан, Сайрагүл Сауытбай, Айман Омарова, Мұқтар Шахан, Ербол Дәулетбек, Қайрат Байтолла, Өмірхан Алтын, Құнанбай Байжиен, Ержан Тұрғынбай, Ерлан Бекмірзалардың сцнериялары ұқсас, басында бәрі батырлар, соңында олардың ойлары басқаша болғандығы үшін оларды қаралайсың, әрі басқа ұлттар арасына іріткі саласың, Серік Ажыбайды европаға барып алып рахат өмірде жатып алды деп қаралайсың, сен бірінші Серік Ажыбайдың анасының халын сұрадыңба? Інілерім жағдайларың қалай деп сұрадыңба бірінші?

Мен өзімнің де олар жағынан қараланатынымды біліп отырмын, суретімді албаты шығарып, алаяқ деген сөздер жазылады, Серікжан Бияш ақ қағаз бен қара қалам арқылы жұмыс жасау керек дейді, ал өзі елдерді қаралайды, өйткені ақ қағаз бен қара қалам арқылы жұмыс жасау ол келуден бұрын жүріп келе жатқан жолымыз, сол себепті ол жәбірленуші Тілек Ниязбектің кісілік құқығын ақ қағаз бен қара қалам арқылы емес, бопсалау мен қаралау арқылы қорғамақшы болды.

Түйін, бұл жерде Серікжан Бияш бір жүйелі жұмыс істеген жоқ әрі басқалардың жұмысына кедергі келтіруде, сол себепті құқығы бұзылған кісілердің ақ қағаз қара қаламен жұмыс жасауын үміт етемін, өз басым айқай-шу, балағат, қаралаумен бір істің шешілгенін көрмедім, егер шешілетін болса заң орындары емес ұрысқақ адамдардың алдында жиналып шешуші едік «Адамдық құқығымызды».

Европада адам құқығы жұмыстарында әр нәрсе өз тармағымен болады, адам құқығы тек адам құқығы, оған саясат, дін және басқа да ұлтаралық араздық туралы тақырып араластырылмайды.

Сөз соңында айтарым, ешқандай алдауға ермеңіздер

Жарқын жетінің жеті қылмысын баяндап болдым, егер мен туралы және де анығырақ білмекші болсаңыздар, төменде жалғанымда көрсетілген.

Chinese mosque partially destroyed in state campaign against Muslim minority

越洋电话第二季:“少数派” -「米尔」好友相继被消失后,我辞职做了公民记者

Мен ешқандай да бір сырлы адам емеспін, Қазақстанда мұнай саласында 12 жыл каротаж инженер және менеджер болып жұмыс жасадым, жұмыстастар арасында қатынасымыз жақсы, төменде бұрынғы әйеліммен 2016 жылғы үйлену тойымда жұмыстастардың құттықтауы. Бұл жеке видеоні жіберудегі мақсатым адамдар ара силастықты үйренуін үміт етемін.

Еркін Азат (Мейірбек)

Париж

09.02.2024

#ҚұрыпКетСерікжан #АлаяқСерікжан #ОттамаСерікжан #ЕсірікСерікжан #АрамзаСерікжан #ҚұрысынСерікжан

--

--

Erkin Azat
Erkin Azat

No responses yet