Erkin Azat
3 min readApr 29, 2020

Құлдық зауыт туралы білетіндер хабарлассын

Қытай үкіметі обаның таралуы қауіпіне қарамастан Ұйғыр, Қазақ қатарлы ұлттарды жалпы беттік құлдандыру саясатын қарқынды жүргізуде. Ішкі Қытай провинцияларында еңбек құнының артуына байланысты Қытай үкіметі Ұйғыр, Қазақ қатарлы ұлттарды құлдандыруды күшейтуде, бір бөлім Солтүстік Шинжияңдағы тұрғындарды Ішкі Қытай провинцияларына, бір бөлім Оңтүстік Шинжияңдағы тұрғындарды Солтүстік Шинжияңға мәжбүрлі көшіруде, және де Ішкі Қытайдағы тұрғындарды Шинжияңға көшіп келуге үгіттеуде әрі олар үшін қолайлы саясаттар тағайындауда (жергілікті ұлтпен үйлену, үй бөлу, жер бөлу, көмек ақы беру, балаларының мектеп, жұмыс орын таңдаудағы қолайлылықтар қатарлы).

Құлдық зауыт жалпы жақтан үшке бөлінеді: Түрме мен лагердің ішіндегі құлдық зауыт немесе түрме мен лагердің кеңейтілген түріндегі құлдық зауыт; Қала, аудандарда жаңадан салынған құлдық зауыттар; Ішкі Қытайдағы құлдық зауыттар.

Құлдық зауыттар негізінен киім тоқыма зауыттары, олардың ішінде электронды өнімдер, аяқ киім, бас киім, сумка, ойыншық, жалған шаш, тері бұйымдары қатарлы еңбек көзі шоғырланған төмен жіктегі заттар шығарылады, және де кен орыны қатарлы қауіпті жұмыстар да бар.

Қытай үкіметінің жүйелі түрде құлдандыру саясаты “Құлдыққа жегуді тоқтату” халықаралық келісімі, “Құлдық түзімді жою, құлдар саудасы және қатысты құлдық түзім және дәстүрге қосымша” халықаралық келісіміне, “Филадельфия декларациясына”, “Жұмысқа орналасу мен қызмет барысындағы кемісітуге қарсы” келісімге қайшы әрі өздерінің “Қытай халық республикасы еңбек келісімі” заңына да қайшы келіп отыр, біз Қытай үкіметінің осындай тәуекелге баратын саясатын дереу тоқтатуын талап етеміз, әрі дүние халықын Қытай тауарына бойкотқа шақырамыз, әр ел үкіметін құлдық зауыттан шыққан тауарларға тиым салуға үндейміз.

Бізге мына ақпараттар қажет, төмендегі жағдайды білетін кісілер маған (Erkinazat2018@protonmail.com) хабарласуға болады, әрі рақмет айтамын:

  1. Құлданушы мәжбүрлі түрде құлдық зауытпен келісім құжатқа қол қояды, мерзімі бір жарым жыл, егер қол қоймаса лагерге немесе түрмеге сотталады, бізге осы келісім-шарттың мазмұны керек.
  2. Құлданушы зауытта жұмыс жасаған кезде үйіне қайту еркіндігі барма? Егер болса қанша уақытта бір қайта алады? Үйіндегілермен телефонда сөйлесу, интернетте сөйлесу еркіндігі барма? Үйіндегілерге өзінің қайсы зауытта істейтінін, зауыттың мекен-жайын, өзінің не жұмыс жасайтынын және де қайсы елдерге импорттайтынын айта алама?
  3. Құлданушы жұмыс барысында өз ана тілімен сөйлеуге рұқсатпа? Құлданушыны жұмыс барысында балағаттап, тіпті ұрып-соғу фактысы болдыма? Құлдық зауыт басқарушысы құлданушыларға ұлттық намысқа тиетін сөздермен балағаттау фактысы болдыма?
  4. Еңбек ұйымы барма? Құлданушының еңбек құқығы қорғалама? Әр күнгі жұмыс уақыты қанша сағат? Әр күні саяси сабақ тыңдайма? Жұмыстан шығуына болама? Заң жағынан еңбек етуші өзін-өзі қорғай алама?
  5. Құлданушы еңбек барысында жеке куәлігі өзінде болама, жоқ құлдық зауыт жинап алама?
  6. Құлданушының ақысы үнемі кіші қателіктері (немесе міндетті уақытында орындай алмағаны) үшін тартылама? Әдетте қанша тартылады? Ақылары қолдарына тиеме?
  7. Құлданушының тұрмыстық жағдайы қалай? Жатақтары өлшемге сәйкес келеме?
  8. Құлданушыға денсаулық жағынан қамтамасыздық жасалынғанба? Егер жұмыс барысында жарақат алса (немесе жұмыс барысында көз жұмса) қандай жұмыстар атқарылады?

9. Құлданушы жыныстық мазалауға, тіпті жыныстық зорлауға ұшырау фактысы барма?

10. Және де басқа құқықтық бұзылу фактілері болса хабарлассаңыз болады.

11. Және де бізге Құлдық зауыттың аттары(жауапты адамдары мен хабарласу амалдары), құлдық зауыттың мекен-жайы, шығарылатын өнімдердің түрі және импортталатын елдердің тізімі керек.

Олардың дәрменсіз жанарларына қараңыз, сіздің әрекетіңіз оларды құтқара алады, олар сіздің көмегіңізге мұқтаж!

Erkin Azat

29.04.2020

Erkin Azat
Erkin Azat

No responses yet